Дістемелік кешен



бет23/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Иерархиялық құрылымдар
Классикалық бюрократиялық ұйымның кемшіліктері оған тән шамадан тыс орталықтандырылуды жою және кейбір функцияларды өзге шағын құрылымдарға беру қажеттігін өмірге әкеледі. Функцияларды ұйымның жекелеген блоктары бойынша бөлу процесі департаменттендіру (функционалдық мамандану) деп аталады. Ұйым құрылымдарының негізгі, иерархиялық типінің негізінде иерархия идеясын департаменттендіру түсінігімен байланыстыру жатыр. Оның ең кең танымал түр тармағы – осының негізі құрудың шахталық принципі болып табылатын, басқарудың сызықтық-функционалдық ұйымдастырылуы жатыр. Ұйым жұмыстардың мамандандырылған түрлері (өндіріс, қаржы, маркетинг, персонал және т.б.) бойынша бөлінеді. Одан кейін осылардың әрқайсысы бойынша, ұйымды үстінен астына дейін түйреп өтетін қызметтер иерархиясы («шахта») құрылады. Вертикаль сызықтар бойынша басқарудың скалярлық тізбектерінің желісін құрайтын басқарушы өкілеттіктер беріледі.
Басқарудың сызықтық-штабтық құрылымы – бұған да иерархиялық құрылу тән болып келетін, құрылымдардың басқа бір түр тармағы. Оның деңгейлерінің кез келгендері (жалпы иерархия сақталған кезде) горизонталь бойынша толықтыруды ойластырады және басқару функцияларын табысты жүзеге асыратын, штабтар деп аталатындармен үйлестіріліп отырады.
Құрылымдардың осы екі типі дәл осы өздерінің тиімділіктерінің арқасында кеңінен таралған. Бірақ ірі фирманы басқаруды 5-6 функционалдық бөлімшеге «сыйғызуға» әрекет жасау қиын (ал ең бастысы – зиян). Оларға бұл кезде жұмыстардың тым үлкен учаскелерін үйлестіруге тура келеді, бұл үшін көптеген қосымша деңгейлер қажет болады. Сызықтық скалярлық тізбек тым үлкен және тиімсіз болып кетеді. Сондықтан жаңа принцип – дивизиондық құрылымдар (лат. divisio — бөлім) принципі пайда болады. Оған сәйкес, ұйым (құрылымының иерархиялығын сақтай отырып) басқа, жаңа тәсілдермен (тауарлар мен қызмет көрсетулердің түрлері, географиялық аймақтар бойынша) элементтер мен блоктарға бөлінеді. Түр тармақтары қарастырылып өткен иерархиялық құрылымдар класының негізіне субординация принципі салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет