Адхократиялық (органикалық) құрылымдар Адаптивтік (органикалық) құрылымдардың жаңа класы біртіндеп дәстүрлі («қатаң», «адаптивті емес») құрылымдардың орнын ала бастады. Олардың түпкілікті айырмашылықтарын баса көрсету үшін, «бюрократия» түсінігіне «адхократия» ( лат. adhocracy — арнайы және грек. kratos — билік) түсінігі қарама-қарсы қойылады. Адхократиялық құрылымдар бюрократиялық принциптен түпкілікті ерекше идеяларға құрылады. Аталған кластың ішінде ұйымдар құрылымының төрт негізгі типі бөліп көрсетіледі:
Жобалық ұйым – уақытша құрылым. Ол нақтылы міндетті мейлінше табысты шешу үшін, ең білікті қызметкерлерді біріктіреді. Оның негізгі артықшылықтары – ең күшті күштердің жұмыстың қандай да бір учаскесінде шоғырлануы, мақсаттарға бағыт-бағдар алған команданың құрылуы.
Матрицалық ұйым. Жобалық ұйымның бұл варианты ең көп таралым алды. Негізгі ерекшелігі – жобалық топтың екі жақты: жобаның басшысына және ол тұрақты жұмыс істейтін функционалдық бөлімнің басшысына бағыныштылығы.
Матрицалық құрылымдар, оларды еркін құрылымдардың артықшылықтарымен үйлестіре отырып, функционалдық және дивизиондық құрылымдардың артықшылықтарын пайдаланады. Олар қарқындырақ және сырттан әсер етуге резистентті. Негізгі кемшілігі – олардың күрделілігі, сондықтан да басшы үшін қиын және орындаушы үшін түсініксіз ұйымның түрі. Вертикаль және горизонталь өкілеттіктердің қабаттасып кетуіне орай, проблемалар пайда болады, басқарудың іргелі принципі – бір адамның басқаруы бұзылады. Жобалық және сызықтық басшылар, жобалық топтың мүшелері арасында кикілжіңдер туындайды. Матрицалық құрылым психологиялық тұрғыдан орындаушыларды екіжақты бағыныштылыққа қойып, осымен маргиналдылықтың (шекаралылықтың, екіжақтылықтың) жалпы психологиялық феноменінің түр тармақтарының бірін тудырады.
Конгломерат типіндегі ұйым. Мұндай ұйымда жоғарыда қарастырылған құрылымдардың бірнеше типі үйлесімін табады.
Еркін құрылым — құрылымдардың ең қазіргі заманғы ұйымдық типі. Ол сыртқы жағдайларға және өзінің алдында тұрған міндеттерге байланысты қандай да бір түр қабылдайды. Онда функционалдық бөліну нәтижеге бағыт алған құрылыммен алмастырылады. Еркін құрылымда негізгі акцент оның мүшелерінің бастамасынан, өзін өзі басқарудан тұратын кәсіпқойлыққа жасалады. Еркін құрылымдардың негізгі артықшылығы – олардың бәсекелестік жоғары, күрделі және жылдам өзгеретін сыртқы жағдайларға жылдам жауап беруге қабілеттілігі. Кемшілігі – әлсіз әкімшілік басқарушылығы және жағдайлардың өте шағын диапазонында әрі тек қана орындаушының кәсіпқойлығының жоғары деңгейі болғанда ғана пайдаланылу мүмкіндігі.