Дістемелік кешен



бет27/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Internet resources
www.nasoup.com. http://www.azps.ru
http://www.top-personal.ru
http://www.hrm.ua
http://www.hrm.ru


Дәріс 3. Психологиялық менеджментның теориялық және әдіснамалық негіздері
Мақсаты: студенттерді мақсат қою мен болжаудың мәнімен, сонымен қатар олардың менеджмент теориясы мен психологиясындағы ролімен таныстыру.
Кілт сөздер: мақсат қою, болжау, құрамдас бөліктер, бейімделу және сыртқы орта. Дәріс жоспары:
Психологиялық менеджментның теориялық негіздері
Басты функциялары
Ұйымдық қызмет атқарудағы жоспарлаудың ролі мен орны
1 сұрақ. Мақсат қою функциясының мәнісі.
Басқару іс-әрекетінің және ұйымның жалпы қызмет атқаруының аса маңызды құрамдас бөлігі мақсат қою болып табылады. Дәл осы басшының негізгі функциясы, басқарушы іс-әрекеттің кезеңі және оның құрылымының құрылымдық бөлігі болып табылады. Мақсат қою ұйымның қызмет атқаруының мақсатын таңдап алу ретінде анықталады. Басқару теориясында осы функцияның түсіндірмесі біржақты емес. Бір жағынан, оның басқарушы іс-әрекеттегі және ұйымның жалпы қызмет атқаруындағы анықтаушы ролі мойындалады, екінші жағынан – бұл функция дербес ретінде бөліп көрсетілмейді, жоспарлау функциясының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Басқа түсіндірмесінде мақсат қою оның алдында келетін, бүкіл басқару циклының бастапқы сатысы ретінде қарастырылады, сондықтан ол басқару функциясы жүйесінің шегіне шығарылады. Бұл мақсат қоюдың басқа функциялардан «тысқары және жоғарырақ» тұрғандығы тұрғысынан әділ болып табылады.
Бірақ өзінің мазмұны және басқарудағы ролі бойынша мақсат қою – дәл осы басқару функциясы. Бұл басқарудың бастапқы кезеңі ғана емес. Одан кейінгі іс-әрекет барысында, егер бастапқы мақсаттардың тиімсіз екендігі анықталатын болса, жаңа мақсаттарды тұжырымдау орын алады. Бұл ретте мақсат қою басқарудың бірінші кезеңі емес, өзге басқару функцияларының салдары, нәтижесі ретінде көрініс табады. Басшының спецификалы міндеті – орындаушылардың алдына мақсаттар қою, бұл да ұйымның қызмет ету процесіне кіреді. Мақсат қою функциясы өзінің мазмұны бойынша – басқа басқару функцияларына тән емес, спецификалы заңдылықтары бар, күрделі және уақыт бойынша жайылмалы процесс. Кейде бұл функция «мақсаттар бойынша басқару» (man­agement by objectives — МВО) әдісіндегі негіз ретінде қолданылады.
Басқару теориясы мақсаттың түсінігін ұйымның жүйе құратын факторы ретінде анықтайды. Мақсат ұйымның іс-әрекетінің жалпы бағытталғандығын, оның құрылымы мен құрамын айқындайды, оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды реттеп отырады, оларды келісілген жүйеге интеграциялайды. Дәл осы мақсат ұймдағы стратегиялық шешімдер мен жоспарлаудың негізі болып табылады. Ұйымның жалпы имиджі мақсаттардың сипатына байланысты болып келеді.
Мақсат қою функциясын жүзеге асыру оның іс-әрекетінің негізі болып табылатын, ұйымның жалпы мақсатын анықтаудан басталады. Осы мақсатты айқындау, анықтау үшін «компанияның фидософиясы», «фирманың саясаты», «ұйымның миссиясы» түсініктері қолданылады. Миссия ұйымның басты міндеттерін, оның іс-әрекетінің және оны басқарудың бағыттарын анықтайды. Миссияны таңдап алудағы еркіндік жалпы алғандағы экономиканың тиімділігінің кепілдігі болып табылады.
Басқару ғылымындағы міндетті іс болып бір ережені орындау есептеледі: ұйымның пайда алуы оның миссиясы ретінде тұжырымдалмауға тиіс. Пайда – ұйымның ішкі мәселесі. Бірақ ұйым әлеуметтік және ашық жүйе болып табылатындықтан, ол бұдан тысқары орналасқан қандай да бір қажеттілікті қанағаттандырып барып аман қала алады. Мысалға, «Форд» компаниясы миссияны, пайдаға компанияның тіршілікке қабілеттілігін қамтамасыз етудегі жетекші рольді сақтай отырып, «адамдарға арзан көлік беру» ретінде тұжырымдайды.
Миссия – бұл мақсат қою функциясын одан әрі жүзеге асыру үшін іргетас.
2 сұрақ. Болжау функцияларын анықтау
«Басқару – күні бұрын білу» деген сөз тіркесімен болжаудың басқарушы іс-әрекеттегі және жалпы алғандағы ұйымның қызметіндегі ролі сипатталады.
Болжау басшының негізгі функцияларының бірінің ролінде көрініс табады. Басқару теориясында осы функцияны түсіндіруге екі негізгі тұрғы бар: ол дербес ретінде бөлініп көрсетіледі немесе басқарудың өзге функциясын – жоспарлауды жүзеге асырудың негізгі кезеңі ретінде қарастырылады. Бірінші түсіндіру адекваттырақ. Болжау өзінің басқарудағы ролі, мазмұны бойынша, жүзеге асырылуының ерекше түрлері мен әдістерінің бар болуы бойынша өте спецификалы. Ол басқаруда дербес роль ойнайды, сондықтан да басқарудың аса маңызды функцияларының бірі, мақсат қою мен жоспарлау функциялары арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Басқарушы іс-әрекеттегі болжау сыртқы жағдайлардың өзгеруіне «енжар назар салудан» осы өзгерістердің «белсенді алдын алу» және оларға дайындалу стратегиясына көшудің шешуші факторы болып табылады – аталған функцияның мәнісі осыдан тұрады. Болжауды жетілдіру қажеттігі соңғы уақытта кең таралым алып отырған жағдайлық әдіснамаға (1 бөлім) байланысты одан бетер өзекті бола бастады. Тиімді басқару үшін шешуші түсініктер болып бейімделу және сыртқы орта табылады. Бейімделу жағдайлық және перспективалық болуы мүмкін. Басып озатын басқару (proactive management) ең табысты, бұл болжау мәселесін жағдайлық әдіснамадағы негізгілердің бірі ретінде анықтайды.
Басты болып екі құрамдас бөлігі – тікелей және жанама әсер ету салалары бар сыртқы орта өзгерістерін болжау табылады. Тікелей әсер ету саласы өзіне ұйымның іс-әрекетіне тікелей әсер ететін және оның іс-әрекетінің дәл осындай тікелей әсерін бастан кешіретін факторларды қосады. Бұл – еңбек ресурстары, өнім жеткізушілер, заңдар, тұтынушылар, бәсекелестер. Жанама әсер ету ортасы – ұйымның іс-әрекетіне дереу әсер етпейтін, бірақ жанама түрде іс-әрекетке әсерін беретін факторлар. Бұл – экономиканың хал-ахуалы, ғылыми-техникалық жетістіктер факторлары, саяси, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар.
Күрделі және өзара байланысты факторлардың көптігі болжаудың сыртқы ортасының жалпылама сипаттамаларының қатарын анықтайды.
Өзара байланыстылық – осымен бір фактордың өзгеруі басқа факторларға әсер ететін күштің деңгейі.
Күрделілік – осыларға ұйым назар аударуға, жауап беруге тиісті факторлардың саны, әр фактордың кешенділігінің және өзгергіштігінің деңгейі.
Қозғалғыштық – ұйымды қоршаған ортада жүріп жатқан өзгерістердің жылдамдығы.
Белгісіздік – ұйымда немесе оның басшысында бар дәл ақпарат мөлшерінің функциясы.
Қоршаған орта өзгерістерінің жоғары күрделілігін және қозғалғыштығын «хаостық өзгерістер» (hyperturbulence, П. Друкер бойынша) термині сипаттайды.
3 сұрақ. Ұйымдық қызмет атқарудағы жоспарлаудың ролі мен орны
Жоспарлау түсінігінің «кең» және «тар» деп белгіленетін екі негізгі мағынасы бар. Басқарушы іс-әрекетті ұйымдастыруға деген келешегі мол қазіргі тұрғының негізіне жоспарлаудың кең түсіндірмесі салынған.
Тар мағынасында жоспарлау – бұл басқару циклының болжау және ұйымдастыру кезеңдері арасындағы фазасы.
Жоспарлаудың мәнісі оның ұйым мүшелерінің және оның бөлімшелерінің дербес күш-жігерлерін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ең жақсы түрде үйлестіруге көмектесетіндігінен тұрады. Осы үйлестірудің екі негізгі аспекті бар:
мазмұн және уақыт бойынша жоспарлау. Орындаушылардың дәл нені, қашан және қандай реттілікпен жасайтындығын анықтау ұйымның іс-әрекетіне тұтас және үйлестірілген сипат береді. Жоспарлау функциясы үш негізгі құрамдас бөліктерден тұрады:

  1. басшының жоспарлау бойынша жеке іс-әрекеті;

  2. мамандандырылған бөлімшелердің жоспарлау бойынша іс-әрекеті;

  3. басшының жоспарлау бөлімшелерімен өзара әрекеттесуі және олардың іс-әрекетін ұйымдастыруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет