Дәріс 3. Басқару іс-әрекетіндегі перцептивтік процестер
Мақсаты: студенттерді басқарушы іс-әрекеттегі перцептивтік процестермен және олардың спецификасымен таныстыру.
Кілт сөздер: перцептивтік процестер, жеке, топтық және топаралық перцепция, ореол әсері, жаңашылдық әсері, бастапқылық әсері, стереотиптеу әсері.
Дәріс жоспары:
Перцептивтік процестер түсінігі.
Басқарушы іс-әрекеттегі перцептивтік процестердің ерекшеліктері
Басшының іс-әрекетін сипаттайтын мәліметтер
№ 1 сұрақ. Перцептивтік процестер түсінігі.
Перцепция (түйсіну) — бұл заттар мен құбылыстардың олардың сезім органдарына тікелей әсер етуі кезінде көрініс табу процестері. Түйсінуде дәл қандай органның жетекші роль ойнайтындығына байланысты, оның алуан түрлерін бөліп көрсетеді: көру, сезу, есту және т.б. Материяның болу түріне байланысты кеңістікті, бағытты, шаманы, уақытты түйсінуді ажыратады. Түйсінуді оның процесінің жайылғандығына және күрделілігіне байланысты да симультанды (қолма-қол) және сукцессивті (кезеңдерге бөлінген); түсінілгендік дәрежесі бойынша – ерікті және еріктен тыс деп бөледі. Түйсінудің келесі қасиеттері бар: заттылық, тұтастық, құрылымдылық, түсінілгендік, таңдамалылық, константтылық, бұрынғы тәжірибеге тәуелділік (апперцептивтілік), көлемнің шектеулілігі.
Түйсіну процесі перцепцияның заңды түрде алмасып отыратын бірқатар фазаларынан: табу, ажырату, идентификациялау, категориялау, тану, танып айыру фазаларынан тұрады. Бұл түрлер, қасиеттер, заңдылықтар мен фазалар басқарушы іс-әрекетте де сақталады. Екі негізгі стиль – талдамалық және синтетикалық әрі екі қосымша - талдамалық-синтетикалық және эмоциялық стиль белгілі. «Синтетиктер» үшін құблыстарды жалпылама көрсетуге, олардың негізгі мәнін анықтауға бейімділік тән. «Талдаушылар» болса бөлшектерді, бөліктерді, ұсақ-түйектерді, жай-жапсарларды бөліп көрсеткенді жөн көреді. Осы ерекшеліктердің комбинациясы, бірақ азырақ біліне отырып, талдамалық-синтетикалық типке тән.
Басқарушы іс-әрекет үшін түйсінудің үшінші, талдамалық-синтетикалық типі ең жарамды болып табылады; алғашқы екеуінің тиімділігі азырақ; төртіншісі – қолдануға жарамайды. Байқағыштық – түйсінудің жалпы сипаттамаларының арасындағы аса маңызды сипаттама. Бұл – түйсінудің жалпылама сипаттамасы, оның барлық басқа ерекшеліктерінен туынды. «Жетік байқағыштық» - басшы үшін маңызды қасиет.
№ 2 сұрақ. Басқарушы іс-әрекеттегі перцептивтік процестердің ерекшеліктері
Перцептивтік процесстердің келесідей спецификасы бар:
Түйсіну басқа когнитивтік процестермиен (жадымен, ойлаумен) байланысты, бұл оның апперцептивтілігінен, кәсіби басқарушылық тәжірибесінен байланыстылығынан көрініс табады.
Басқарушы іс-әрекет кешенді, оған барлық танымдық процестердің синтетикалық қатысуын қажет етеді. Түйсіну сезімдерден алынатын стимулдарды интеллектуалдық ұғыну ретінде анықталатын тұрғы тән.
Бұл стимулдар өте спецификалы. Түйсінудің ақпараты болып субъекттер – олардың бүкіл алуан түрлілігіндегі және қарама-қайшылықтағындағы тұлға табылады. Басшының іс-әрекетінде түйсіну – ең алдымен субъективті, тұлғааралық болып табылады, сондықтан ондағы процестердің спецификасы олардың мұнда ерекше түрде - әлеуметтік перцепция ретінде көрініс табатындығынан тұрады. Бұл терминді 1947 жылы, онымен «әлеуметтік нысандарды» (әлеуметтік топтар мен қауымдарды) түйсінуді белгілеп, американ психологы Дж. Брунер ұсынды.
Әлеуметтік перцепцияның көптеген түр тармақтары бар. Дербес перцепция адамның қандай топқа – түйсінуші адам жататын топқа ма, әлде басқа топқа жататындығына байланысты болып келеді («өзімдікі-өзгенікі» феномені). Топтық және топаралық перцепция – индивидтің жалпы алғанда топтарды (өзінікі немесе бүтін) түйсінуі және топтардың бірін бірі түйсінуі. Әлеуметтік перцепцияның түрлері басқарушы іс-әрекетінің барлық мазмұнын жанап өтеді, оның коммуникативтік функциясының негізін құрайды. Олар перцепцияның олардың қандай «жазықтықта» - «вертикаль» бойынша немесе «горизонталь» бойынша (субординациялық немесе координациялық) жайылатындығына байланысты спецификалылығы секілді маңызды фактормен толықтырылады.
Басшының іс-әрекетін сипаттау үшін келесі мәліметтер ең маңызды.
1.Әлеуметтік перцепция процесінің жалпы құрылымының және оның құрамдас бөліктерінің сипаттамасы: түйсінуші субъект (индивид, топ); түйсінілетін нысан (басқа субъект немесе топ); перцепция процесінің өзі; ақпаратты кодтан шығару және «басқаның» бейнесін жасау; түйсіну нысаны туралы қосымша ақпаратты іздестіру жөніндегі белсенді іс-әрекеттер; бастапқы бейнені коррекциялау. Бұл процеске күрделі психологиялық механизмдер: идентификация, эмпатия, рефлексия, эталондау, стереотиптеу қатысады.
2.Әлеуметтік перцепцияның дәлдігінің басшының іс-әрекетінің тиімділігімен байланысын ашу. Басқарушы іс-әрекеттің қажетті шарты болып тұлғааралық түйсіну процестері табылады. Әлеуметтік перцепцияның дәлдігі, дифференциалдануы мен топтық іс-әрекеттің тиімділігі арасында; перцепцияның дәл осы параметрлері мен басқарушы іс-әрекеттің табыстылығы арасында сызықтық емес тәуелділік бар. Табыстылық перцепция дәлдігінің айтарлықтай жоғары, бірақ солай болса да аралық мәнінде максималды болады. Бұл заңдылықтарды оптимум қатынастары сипаттайды.
3. Басшы мәртебесінің маргиналдылық қасиеті оның әлеуметтік перцепциялану процестеріне және олардың басшының іс-әрекет тиімділігімен байланыстарының сипатына әсер етеді. Басшылардың екі тобы: басшылықтың талаптарына немесе қол астындағыларға бағытталған топтары ажыратылады. Екінші тип перцепцияның көбірек дәлдігімен және оның іс-әрекет тиімділігіне күштірек әсер етуімен ерекшеленеді. Сонымен қатар басшының өзін оның қол астындағыларының қабылдауының адекваттылығы туралы мәселе де маңызды. Бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі оны өз тобы қаншалықты «қабылдағанына» байланысты болып келеді.
Әлеуметтік перцепцияның оның негізгі әсерлері мен феномендерін баяндаумен байланысты саласы фактілік материалдарға ең бай болып келеді. Бұл феномендер мен әсерлер бір мезгілде, осылардың себептері психиканың фундаментальды ерекшеліктерінде жатқан қателер де, заңдылықтар да болып табылады.
«Ореол әсері» (галоәсер) тұлғааралық перцепцияның барлық қателерінің арасындағы ең танымалы. Оның мәнісі адам туралы жалпы пікірдің оның белгісіз қасиеттерін бағалауға да көшірілетіндігінен тұрады.
«Жаңашылдық әсері» таныс та болып табылатын адамға қатысты болып келеді, бірақ соңғы ақпарат субъективті маңыздырақ болып шығады.
Соңғы екі әсер стереотиптеу механизмімен байланысты. Ол тудыратын феномендерді жеке топқа – «стереотиптеу әсерлеріне» бөледі. Стереотип – қандай да бір құбылыстың, онымен өзара әрекеттескен кезде схема ретінде қолданылатын тұрақты бейнесі. Бұл механизмді «жаман – жақсы» тұрғысынан бағалауға болмайды, стереотиптеу екіжақты: түйсіну процесін қарапайым ете отырып, адам бұл үшін қатенің ықтималдығымен ақы төлейді. Осы құбылыстың түр тармағы – үлгілеу қателері. Бұл – тұлғааралық қатынас басталғанға дейін қалыптасатын, стереотпитердің негізінде туындайтын бейне.
Үлгілеу қателерінің жекелеген түрі – қол астындағыларды «технократиялық түйсіну, қабылдау». Басшы қол астындағы қызметкерді жеке қасиеттерінің емес, қызметтік және кәсіптік тиесілігінің негізінде үлгілейді. Бұл феномен – басшылық жасаудың технократиялық, манипулятивтік стилінің жекелеген көрінісі. Гуманистік, адамгершілік басқарудың ережесі – қызметтерді емес, адамдарды басқару керек.
«Жұмсақтық әсері» - бұл басшының қол астындағыларды негізсіз оң қабақпен түйсінуі, қабылдауы. Оның негізі – кикілжіңдерді қажет етпеу. Бұл әсер демократиялық және бей-берекетсіздік стильдеріндегі басшыларда байқалады.
Топтық байланыстылығы бар келесі феномен күрделірек – бұл «бастапқы өз бағалауының теріс асимметрия әсері». Бұл қол астындағыларға басқа адамдарды және басқа топтарды үлгі ретінде көрсететін, бірақ өз тобының артықшылықтарын жеткіліксіз адекватты бағалайтын басшының жүріс-тұрысының типтік көзі.
Бұл феноменнің «айнадағыдай» варианты да бар: өз тобының бағаларын «плюс» белгісімен және бөтен топтың бағаларын – «минус» белгісімен поляризациялау.
Мұндай поляризация жекелеген жағдай және бір мезгілде жалпырақ құбылыстың – «топ ішіндегі фаворитизм» феноменінің себебі болып табылады.
«Базалық презумпциясы» феномені – бұл адамның өзіне қоршаған адамдардың қарауын өзінің осы адамдарға қарауына ұқсас қабылдау тенденциясы.
«Ұқсастық туралы болжам» феномені өзінің шекті көрінісінде перцепцияның шеңберінен шығып кете және ой-пікірлерді таңу құбылысына айнала алады.
«Болмаған нәрсенің» ақпараттық құндылығын елемеу феномені - өзінің себебі ретінде тек тұлғааралық емес, одан да ортағырақ факторларға ие болатын, түйсінудің өзіне тән «қателігі».
Басшының іс-әрекетінде тұлғааралық қабылдау, түйсіну құбылыстарының интеллектуалдық процестермен байланысты тағы бір категориясы үлкен роль ойнайды. Бұл құбылыстар адамдардың басқа адамдардың жүріс-тұрыстарының себептерін қалайша түсіндіруге тырысатындығын сипаттайды. Құбылыстардың аталған категориясы каузальды атрибуциялар атауын алды (Ф. Хайдер, Э. Джонс, Л. Росс және т.б.).
Каузальды атрибуцияның бастапқы феномені адамдарға өздерінің жүріс-тұрыстарын жағдайлық факторлармен, ал басқалардың жүріс-тұрыстарын – тұлғалық факторлармен түсіндіру тән екендігінен тұрады.
Басшылық жасау стиліне атрибуттеу – тұлғаның локус бақылау процесімен байланысты спецификалы тұлғалық қасиет әсерін тигізеді. Адам оқиғалардың және өз әрекеттерінің себептерін әлде сыртқы, әлде ішкі факторларға телиді, осы себептерді – қандай да бір құбылыстарды бақылайтын факторларды әртүрлі локализациялайды. Осыған байланысты тұлғалардың екі типін бөліп ажыратады: бақылаудың ішкі локусымен сипатталатын интерналдар және бақылаудың сыртқы локусымен сипатталатын экстерналдар.
Басшының іс-әрекетінің ақпараттық негізінің негізгі ерекшелігі – орасан зор көлем, бұл оның мазмұнының түпкілікті әртектілігімен және әр сапалылығымен байланысты. Ол өзіне қол астындағылар, технология туралы, фактілер туралы, пікірлер туралы, ұйымның жағдайлары туралы, оқиғалардың болжамы туралы және т.б. ақпаратты қосады. Ақпараттық негіздің түпкілікті гетерогенділігіне басқарудың ұйымдық жүйелерінің социотехникалық (кешенді) типі – олардың негізгі қасиеті себепкер болады. Сондықтан басшының іс-әрекетінің ақпараттық негізі, ақпаратты алу тәсілі ретінде, перцептивтік процеске спецификалы талаптар қояды. Бір жағынан – бұл «жан-жақты байқағыштық» талабы: басшы бәрін де және егжей-тегжейлі көруге тиіс. Екінші жағынан, түйсіну көлемінің шектеулілігі мұны жасауға мүмкіндік бермейді. Шығатын жол, басшының іс-әрекетінің ақпараттық негізінің арнайы ұйымдастырылуға, трансформацияларға ұшырайтындығынан тұрады. Олар түйсінулердің тұтастығының, құрылымдануының, таңдамалылығының, тақырыптылығының негізінде жүреді. Сондықтан қабылданатын ақпарат түйсінудің ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады. Осы ұйымдастыруда жетекші роль түйсінудің апперцептивтілігіне тиесілі – түйсінудің дәлдік және толықтық шамасы басшының кәсіптік тәжірибесіне және білімдеріне байланысты болып келеді. Ұйымдастырылған ақпараттық негіз жылдамырақ және жеңілірек қабылданады. Психологияда кәсіптік іс-әрекеттің ақпараттық негізін құрылымдауды қамтамасыз етудің екі негізгі тәсілдері төмендегідей суреттелген:
1. «Ақпаратты қабылдаудың оперативтік бірліктері». Бірліктер деп субъективті түрде тұтас және ұғынылған ретінде қабылданатын нысандар саналады. Бұл – ақпарат толқыны осыларға бөлшектенетін ақпарат блоктары, құрылымдық элементтер. Оперативтік бірліктер ретке келтіріледі, олардың иерархиясы құрылады, олар дәлдеп тексеріледі және ірілендіріледі. Басшының ақпараттық іс-әрекетінің жалпы көлемі осылардың шамасына байланысты болады; олар сыртқы ақпараттың объективтік мазмұнына объективті, динамикалы болуға тиіс. Оперативтік бірліктер жүйесі «теректі де, бұтақты да» көруге мүмкіндік береді.
2. «Оперативтік бейне» - осында ұйымның негізгі ерекшеліктері туралы жалпылама ақпарат көрсетілген, тұтастыққа ұйымдасқан оперативтік бірліктер жүйесі. Бұл – перцепцияның негізгі заңдылықтарына қалыптасатын ерекше психологиялық түзілім. Оның негізгі қасиеттері төмендегідей:
Тұтастық. Оперативтік бейне – бұл ұйымның қорыта талданған бейнесі, оның құрамдас бөліктері құрылымданған және синтезделген. Бұл қасиет басшының перцепциясының панорамалылығын қамтамасыз етеді.
Схемаланғандық. Оперативтік бейне – бұл ұйымның құрылымы туралы ақпарат. Ол өзіне көрнекі түрдегі, егжей-тегжейсіз, қарапайым түріндегі құрылымдық байланыстарды енгізеді.
Оперативтік бейненің қысқа да нұсқалығына ол туралы ақпараттың жақсырақ ұйымдастырылуының есебіне қол жеткізіледі.
Прагматикалылығы. Басқарудың негізгі міндеттерінің әсер етуімен қалыптаса отырып, оперативтік бейне, тек оларға ғана сәйкес ақпаратты енгізе отырып, әу бастан-ақ оларға икемделеді.
Функционалдық деформация. Ұйымның мақсаттарына қол жеткізу үшін ең маңызды құрамдас бөліктер алдыңғы қатарға шығады.
Динамикалылық. Өзінің барлық тұрақтылығы кезінде, оперативтік бейне сыртқы жағдайларға байланысты өзгерістердің болу мүмкіндігіне жол беруге тиіс. Осылайцша адаптивтілік қасиеті алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |