Дістемелік кешен



бет35/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Эмпатия (грек. empathea —қоса күйзелу) — адамның эмоциялық күйіне ену, эмоциялық тұрғыдан оны түсіну. Кей кездері рационалды және эмпатиялық түсіну бір біріне қарама-қайшы келеді; осы кезде пайда болатын, коммуникантпен қарым-қатынастың белгісіздік сезімі оған сенімсіздік тудырады. Өткен тәжірибенің ұлғаюына қарай эмпатия процестерінің тиімділігі арта түседі. Эмпатияның күнделікті өмірдегі варианты – алғырлық.
Идентификация - өзін басқа адамға ұқсастыру. Онымен проекция және децентрация процестері тығыз байланысты. Адам, өзін біреумен идентификациялай отырып, оған кейбір өз ерекшеліктерін көшіреді. Сондықтан да идентификация ешқашан да толық және объективті болмайды.
Атрибуция 15.2 бөлімде басқа адамдардың әрекеттері мен айтқан сөздерін себеппен түсіндіру процесі ретінде қарастырылған болатын. Аталған процесс басқа адамдардың жүріс-тұрысын интеллектуалдық түсіндірудің, оларды рационалданған интерпретациялаудың негізінде жатр.
Аттракция – коммуникация бойынша серікке эмоциялық қараудың қалыптасуын қамтамасыз ететін процесс. Осы процестердің нәтижесінде әлеуметтік қоныдрғылардың ішінара стереотиптендірілген жүйесі қалыптасады. Олар әлеуметтік-коммуникативтік аттитьюдтер түсінігімен белгіленеді. Адам басқа адамдар туралы өзінің түсініктерімен қарым-қатынас жасайды.
Аффилиация – адамның қандай да бір топқа (кең мағынасында) қосылуға деген қажеттілігі және қатынастық коммуникативтік жүріс-тұрыстың (тар мағынасында) себептерінің бірі.
Фасцинация (ағ. fascination — таң-тамаша қалдыру) спецификалық әрекеттердің белгілі бір жүйесі секілді көрініс табатын күрделі коммуникативтік процесс. Бұл – коммуникативтік ақпараттың, оның жақсырақ қабылдануына көмектесетін контекстін, «әшекейін» (мысалға, естуді) құру.
3 сұрақ. Басқарушы іс-әрекеттегі рефлексивтік процестер.
Қарастырылып өткен барлық процестер рефлексияның – ең ортақ және маңызды коммуникативтік процестің барысында кешенді көрінісін табады. Коммуникативтік процестердің синтезінің бұл түрі бірегей ерекшелікке ие: ол барлық белгілі болып отырған психикалық процестердің арасында күрделіліктің, интегративтіліктің ең жоғары дәрежесіне ие. Рефлексия – психика процестерінің үш негізгі кластарының: когнитивтік, регулятивтік, коммуникативтік кластарының интеграциялануының өнімі. Оның нәтижесі адамда сана феноменінің пайда болуы болып табылады. Бұл – рефлексияның нәтижелі жағы және бір мезгілде оның шарты да.
Оның негізгі аясы – рефлексивтілік, өзінің жүріс-тұрысының ұғынылуы қасиеттері бұларға да берілген әлеуметтік нысандар болғандықтан, осы процесс әсіресе басқарушы іс-әрекет үшін аса маңызды.
Психологияда рефлексия ерекше психикалық процесс ретінде, тұлғаның қасиеті ретінде және психикалық күй ретінде анықталады. Спецификалы адамди қабілет ретінде рефлексия сыртқы да, ішкі де әілемді қабылдау мүмкіндігін береді. Өз психикасын өздігінен көрсетуге қабілеттілік сана қасиеті мен феноменінің негізі болып табылады. Бұл – «ойлау туралы ойлау» процесі, өзінің ойлары мен сезімдеріне батқандық. Шекті жағдайларда мұндай күй медитацияға трансформацияланады. Рефлексияның екі түрін: өз іс-әрекетінің рефлексиясын және басқа адамның ішкі әлемінің рефлексиясын ажыратады.
Рефлексияның құрылымына оның төрт негізгі аспекті енгізілген:
1. Кооперативтік аспект субъекттердің кәсіптік позицияларын және топтық рольдерін үйлестірумен, олардың іс-әрекеттерін кооперациялаумен байланысты. Аталған аспект, өзіңді басқа адамдардың орнына қоя отырып, қарсы әрекеттерді болжауға және күні бұрын білуге арқа сүйеуді қарастырады.
2. Коммуникативтік аспект. Рефлексия – қарым-қатынас пен тұлғааралық қабылдаудың қажетті құрамдас бөлігі. Адам басқа адам үшін ой жүгіртуге әрекет жасайды: басқа адамдардың не ойлайтындығын, қарым-қатынас жасап жүрген серіктерінің оны қалай қабылдайтындығын ұғынғысы келеді.
3. Тұлғалық аспект. Рефлексия «Мен» - физикалық денемін, «Мен» - биологиялық организммін, «Мен» - әлеуметтік организммін, «Мен» - өз жүріс-тұрысымның субьектімін секілді шағын құрылымдарды тұтас жүйеге интеграциялайды.
4. Интеллектуалдық аспект – рефлексия адамның өз әрекеттерін бөліп көрсете, талдай және тақырыптық жағдаймен байланыстыра, интеллектуалдық іс-әрекеттерін реттей алуы секілді.
Өз іс-әрекеттерінің рефлексиясы үш негізгі түрде: жағдайлық, ретроспективалық және перспективалық түрде қарастырылады – бұл сол уақытта рефлексия орындайтын функцияларға байланысты болады.
Нысан болып сондай-ақ басқа адамдардың рефлексиясы мен санасы көрініс таба алады. Рефлексияның кез келген түрінің негізі ол туралы пікір айту үшін, өмірдің тікелей процесінен тысқары позиция алу үшін, өмірдің тікелей процесінің шегінен ойша шығып кету орын алған кездегі децентрация механизмі табылады.
Рефлексивтік процестер негізгі басқарушылық функцияларды жүзеге асыруда жетекші роль ойнайды. Олардың тиімділігін оларды еркін бақылаудың дәлдігі анықтайды, ал бұл дәл осы рефлексиялық процестердің қосылуын қажет етеді. Практикалық-әлеуметтік интеллекттің құрылымында да рефлексия басты орын алып жатыр. Психологиялық зерттеулер көрсеткеніндей, дәл осы рефлексиялық қасиеті интеллектуалдық іс-әрекеттің негізгі параметрлерімен байланыстың ең көп санына ие.
Ең тиімді іс-әрекет рефлексивтіліктің орташа индексіне ие басшыларға тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет