1. Оқытылатын пәннің сипаттамасы «Психологиялық менеджмент» пәні бакалавриат мамандықтарын кәсіби дайындауда базалық компоненті болып табылады және 5 семестрде оқытылады. Себебі қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі әр тұлға үшін құнды психологиялық менеджменттің негізгі мәселелерін зерттеп, білудің мәні ерекше. Психологиялық және кәсіби құзыреттілікті кеңейту және тереңдету - бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың, олардың шығармашылық әлеуетін ашудың, сонымен бірге жеке және мансаптық өсудің қажетті шарты болып табылады. Пәнді оқуға 150 академиялық сағат бөлінген. Сабақ түріне қарай: аудиториялық сабақтар – 45 сағат, білім алушылардың өздік жұмыстары (СӨЖ) – 105 сағат. 45 сағат көлеміндегі аудиториялық сабақтар: 30 сағат дәріс, практикалық сабақтар – 15 сағат.
Студенттердің қорытынды (семестрлік) білімін бақылау түрі: 4-ші курс, 7-ші семестр – емтихан (кесте).