Басқарудағы әкімшілік («классикалық») мектеп (1920—1950). Одан әрі басқару теориясының дамуы қарастырылған тұрғыны тереңдету және қорыта талдау жолымен кетті, бұл ретте негізгі болып оның басқару саласына таралуы табылды. Сондықтан осы мектептің негізгі, аса ірі өкілдерінің өндірісшілер емес, басқарушылар болғаны заңды құбылыс. Мектептің негізін қалаушы А.Файоль ірі француз компаниясының басшысы болды. Оның жетекші ізбасарларының да жоғарғы әкімшілік басқару практикасына қатысы болды (Л. Урвик, Д. Мунк, Э. Реймс, О. Шелдон және т.б.).
«Классикалық» мектеп басқарудың ұйымдардың барлық түрлері үшін жарамды және олардың қызмет етуінің жоғары нәтижесіне кепілдік беретін әмбебап принциптерін жасап шығарып отырды: еңбекті бөлу, өкідеттіктер мен жауапкершілік, тәртіп, бір жерден басқарылу, жеке мүдделердің қоғамдық мүдделерге бағыныштылығы, персоналға сыйақы беру, скалярлық тізбек (басшылықтағы иерархия принципі), тәртіп, әділдік, персонал үшін жұмыс орнының тұрақтылығы, бастама, корпоративтік рух.
Бірақ та, оның басқару ғылымының дамуына қосқан үлкен үлесіне қарамастан, басқарудың әлеуметтік аспекттеріне қызықпаушылық тән болды; психологиялық, жүріс-тұрыс факторларына аз көңіл бөлінді. Бұл мектепті әдетте басқару теориясындағы рационалистік тұрғының жүзеге асырылуы ретінде қарастырады.