Дістемелік кешен



бет22/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Internet resources
www.nasoup.com. http://www.azps.ru
http://www.top-personal.ru
http://www.hrm.ua
http://www.hrm.ru
http://www.prenhall.com/desslertour/chapter3.pdf


Дәріс 2. Психологиялық менеджментның даму тарихы,ұйым
Мақсаты: студенттерді психологиялық менеджментның тарихымен, ұйымның мәнісімен, негізгі концепцияларымен және оның элементтерімен таныстыру.
Кілт сөздер: ұйымдастырудың мәнісі, иерархиялық принцип, вертикаль принцип, адхократиялық құрылымдар, матрицалық ұйымдастыру, жобалық ұйымдастыру.
Дәріс жоспары:
Психологиялық менеджментның қалыптасуы
Иерархиялық құрылымдар
Адхократиялық (органикалық) құрылымдар
«Ұйым» түсінігінің екі негізгі мәні бар: біріншіден, бұл басқару іс-әрекетінің өзі, яғни белгілі бір жалпы топтық мақсаттарға қол жеткізу тұрғысынан алғандағы дербес іс-әрекеттерді үйлестіру процесі; екіншіден, ұйым – бұл негізгі құрамдас бөліктерден және олардың арасындағы тұрақты байланыстардан тұратын белгілі бір құрылым.
Ұйымды құрудың негізі – екі негізгі принциптің: иерархиялық («вертикаль») және координациялық («горизонталь») принциптердің үйлесімі. Бірінші принцип басшылықтың ең төменгі деңгейлерінен ең жоғарғы деңгейге дейінгі барлық басқару вертикалін көрсететін «басқаратын континуум» түсінігінде көрініс тапқан. Басқару іс-әрекетінің мазмұны басшының иерархиялық деңгейіне байланысты болып келеді. Координациялық принцип – бұл басшының лауазымдық міндеттері жүйесінде бекітілген, еңбекті функционалдық бөлу. Функционалдық бөлуді ескеру басшының іс-әрекетінің мазмұнын (ол нені, қалай және не үшін жасайды) және оның басқа бөлімшелермен әрекеттесуін сипаттау үшін қажет. Көбіне көп ұйымның коммуникативтік кеңістігін анықтайтын осы «горизонталь құрамдас бөліксіз», басшының ұйымдағы тұлғааралық әрекеттесуінің негізінде жатқан коммуникативтік функциясын түсіну мүмкін болмайды.
Құрылымды таңдап алу және оның мазмұны басшының іс-әрекетінің аса маңызды міндеті болып табылады. Ол арнайы ұйымдастыру функциясының негізі болып табылады. Құрылым жоспарлау нәтижелерінің негізінде құрылады. Басқару теориясында А.Чандлер бүгінгі күні аксиома болған тезисті тұжырымдаған: «Стратегия құрылымды анықтайды».
ХХ ғасырдың басында М.Вебер «идеалды бюрократия» концепциясын алға тартады. Оны кей кездері адамзат тарихындағы ең пайдалы идеялардың бірі деп есептейді. М.Вебер жүргізген, бюрократиялық құрылымдарды талдау қазіргі ұйымдардың мәнісін бірегей суреттеу болып табылады. Оның концепциясы бірқатар негіз құраушы принциптерге негізделеді:

  • еңбекті анық бөлу және әр саладағы білікті мамандар;

  • басқару деңгейлерінің иерархиялығы (төменгі деңгейлердің жоғарғы деңгейлерге бағыныштылығы және олардың тарапынан бақылау жасау);

  • ұйымның мүшелерінің қызметтік міндеттерін орындауына арналған ережелер мен стандарттар жүйесінің болуы;

  • ұйым – адамдар бірлестігі емес, қызметтер жүйесі;

  • белгілі бір қызметтік міндеттерді атқару үшін қажетті біліктілікке ие орындаущыларды іріктеп алу.

Осы концепцияның негізгі кемшіліктерінің қатарына келесілер жатқызылады:

  1. стандартты нормалар мен ережелердің шамадан тыс маңыздылығы;

  2. туындап отырған мәселелердің бұрында болған прецеденттердің негізінде шешілуі;

  3. жоспарларды келісудегі және шешім қабылдаудағы инерциялылық;

  4. өзгерістерге (ішкі және сыртқы) баяу жауап беру;

  5. инновацияларға деген иммунитет;

  6. өзін өзі дамытуға қабілетсіздік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет