Жағдайлық тұрғы. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында пайда болған бұл тұрғы ұйымдық мәселелердің ортақ әдіснамасы, амал-тәсілі болып келеді. Ол жүйелік тұрғының негізгі тезисін дамытады: ұйым – сыртқы ортамен үнемі әрекеттесіп отыратын ашық жүйе. Сондықтан ұйымның ішінде болып жатқанның себептерін одан тысқары жерден, ол нақтылы қызмет етіп отырған жағдайдан іздеу керек. Бұл аталған тұрғыдағы басты түсінік. 20-шы жылдары «жағдай заңы» тұжырымдалып та қойған болатын: «Жағдайлардың әртүрлі типтері білімнің әртүрлі типтерін қажет етеді». Демек, әртүрлі өмір жағдайларында тиімді жүріп-тұру үшін, білімдер кешені және оларды нақтылы жағдайларға байланысты таңдай білу қажет. Бұл ережелер өзінің жете зерделенуін тек осы тұрғыда ғана алды.
Жағдайлық тұрғыға сәйкес, басқару процесінің төрт негізгі кезеңі бар:
1) басшының басқарушылық құзыретінің қалыптасуы;
2) жағдайға қатысты қандай да болсын әдісті қолданудан келуі ықтимал зардаптарды, нәтижелерді күні бұрын көру және талдау;
3)жағдайды адекватты түсіндіру, оның негізгі факторларын (жағдайлық айнымалыларды) анықтау және оларға әсер етуді бағалау;
4) тиімді әсерге қол жеткізу үшін, басқару тәсілдерін нақтылы жағдайлармен қиыстыру.
Бұл процесте негізгісі үшінші кезең болып табылады.
Жағдайлық тұрғы, сайып келгенде басқарудың ең жақсы тәсілі жоқ екендігін көрсетіп берді, олардың кез келгенінің тиімділігі басқару жағдайымен анықталады. Аталған тұрғыны басқарудың салыстырмалылығының концепциясы деп атауға болады. Ол көптеген өзге тұрғылардың абсолютивизмімен және олардың әмбебаптыққа талаптануларымен контрастқа түседі. Бұл – басқару теориясы мен практикасының бүгінгі күні.
Біздің елімізде басқару ғылымының дамуы белгілі экономикалық, саяси және идеологиялық себептерге орай өзінің, әлемдік тәжірибеден оқшауланған және жеке жолымен жүріп келді. Оған әртүрлі «деформациялар» және тіптен басқару ойының қисынына және ойшылдардың өздлеріне тікелей зорлық жасау актілері тән болды.
Басқару ғылымының дамуының алғашқы кезеңдері жаймашуақ болды. Тейлоризмді «буржуазиялық қанаудың айлашыл жыртқыштығының еңбекті ұйымдастыру саласындағы бірқатар бай игіліктерінмен» қосылысы деп атаса да, В.И.Ленин ғылыми басқару мектебінің игіліктерін пайдалануға, оларға үйренуге шақырды. Ол кездері кеңестер одағында шығарылатын өнімнің көлемі АҚШ-қа қарағанда 14 есе азырақ, ал жан басына өнім өндіру – 38 есе төмен болған еді. Ф.Тейлордың, Ф.Файольдің жүйелерін, Г.Фордтың практикалық тәжірибесін ғылыми зерттеуге назар аудару ресми саясат дәоежесіне асқақтата көтерілді, тиісті партия қаулыларымен және мемлекет көшбасшыларының (Л. Д. Троцкий, Г.М.Кржижановский және т.б.) күш-жігерімен нығайтылып отырды. Революциядан кейінгі алғашқы онжылдықтарда халық шаруашылығын белсенді қалпына келтіру, өнеркәсіпті реконструкциялау, құрылыс жанданды. Бұл кезде өздеріне басқару проблематикасын да қосатын жете зерделеулердің екі бағыты ерекше дами түсті. Бұл еңбекті ғылыми ұйымдастыру (НОТ) қозғалысы және психотехника. Мәскеуде, Қазанда, Харьковта, Петроградта ғылыми орталықтар құрылады. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың аймақтық орталықтары елдің 33 қаласында құрылады, осы проблематика бойынша арнайы журналдар шығады, Бүкілресейлік конференциялар өткізіледі, қомақты ғылыми еңбектер жазылады. Зерттеулерде өндірістік проблематика басым болып келді, бірақ жаңа қоғамдық құрылыс жағдайларында ғылыми басқару мәселелері де зерттеліп отырды. Осылар шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесінің ерекшеліктерін: орталықтандыруды және мемлекеттік органдардың өндірісті тікелей басқаруын ескеретін, шаруашылықты басқару принциптері жасап шығарылады.
Ғылыми басқарудың шетелдік идеяларын кеңестік шындықта пайдалануға Н.А.Витке әрекет жасап көрді. Ол басқару теориясына «өндірістің адамдық факторы», «ұйымдық дағдарыс», «әлеуметтік-психологиялық атмосфера» және т.б. секілді түсініктерді енгізеді. Осы және осыған сайма-сай концепциялар тиісті дамуын ала алмады және жуық арада іс жүзінде ұмытылды да. Сол кездегі басқару саласындағы зерттеулердің идеологиясы рационалистік, яғни технократиялық тұрғымен сипатталды. Адам – бұл өндіріс процесіндегі «бұранда» ғана. Егер оны механикаландыратын болса, кәсіпқой басқару еңбегіне деген қажеттілік те ғайып болады (Е.Ф.Розмирович). Осы «тар» концепция 70-ші жылдардың соңына дейін үстемдік етіп келді.
Басқарудың әкімшіл-бұйрықшыл жүйесі үшін кадрларды 1927 жылы құрылған Өнеркәсіп академиясы дайындайды. Толықтай партия бақылауында тұрған номенклатураның бірегей жүйесі қалыптасады. Әкімшіл-бұйрықшыл жүйе ұйымдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі құралы бола бастайды. Идеологиялық және партиялық бақылау, қоғамдық өмірден ғылыми басқару проблематикасын ығыстыра отырып, оған жауша қарауды қалыптастыра отырып, бар жерге кіретін, ал одан кейін репрессивтік сипатқа ие бола бастайды. Басқаруды зерттеуді мемлекеттің ынталандырып отыру кезеңі шеттету кезеңімен алмасады. Психотехника, «басқару ғылымы», педология нәтижесінде толығымен талқандалған, ал олардың көшбасшылары репрессияланған немесе жойылған болып шығады. Біздің елімізді және оның ғылымын әлемдік басқару өмірінің эволюциясынан қоршап, қымтап тастаған «темір перде» ұзаққа тағылады. Бұл бізге әлі күнге дейін орны толмаған орасан зор қиянын тигізді.