Дістемелік кешен



бет18/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Жүйелік тұрғы. Басқару теориясына «жүйелердің жалпы теориясы» көп әсерін тигізді, бұл теорияға сәйкес кез келген ұйым – бұл осылай деп тұтастың қызмет етуіне, міндет атқаруына өз үлестерін қосатын өзара байланысты бөліктерден тұратын белгілі бір тұтастықты түсінген жөн болатын жүйе. Басшы бүкіл ұйымды, оның бір бірімен және сыртқы әлеммен өзара әрекеттесетін барлық бөліктерін көруге тиіс. Ұйымның қандай да бір құрамдас бөлігіне кез келген басқарушлық әсер етудің сан көптеген және кей кездері болжап болмайтын зардаптарға, нәтижелерге алып келетіндігін ескеру қажет. Басқару практикасының негізгі қиындығы қазіргі ұйымдардың, социотехникалық жүйелер деп аталатындай бола отырып, іш жағынан біртекті емес екендігінен тұрады. Осындай әрбір жүйе иерархиялық (субординация) және горизонталь (координация) келісілген шағын жүйелердің тұтастай қатарынан тұрады.
Бұрынырақта болған мектептер акцентті басқару процесінің өзіне жасап келді, жүйелік тұрғы басқару нысанының өзінің, көбірек болмаса, азырақ емес күрделілікке ие екендігін көрсетіп берді. Тек басқару ғана емес, оның нысаны да өзінің қисынына, заңдарына ие және олар жаратылысы бойынша жүйелі. Сондықтан тиімді басқару оларды ескеруге және пайдалана білуге тиіс.
Жүйелік тұрғы – бұл басқарудың теориялық және практикалық мәселелеріне қатысты ойлаудың белгілі бір тәсілі. Ол басқару теориясының басқа ғылымдармен және зерттеу бағыттарымен байланысын нығайта түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет