Басқару ғылымының негізгі мектептері. Басқару теориясын дамытуда төрт негізгі тұрғыны бөліп көрсетеді: 1) басқарудағы негізгі мектептер тұрғысынан; 2) процестік; 3) жүйелік және 4) жағдайлық.
Олардың біріншісі – бұл ғылыми, әкімшілік басқару («классикалық мектеп»), адамдық қатынастар және жүріс-тұрыс ғылымдары, басқарудың сандық әдістері мектептері. Қалған үш тұрғы да тарихи тұрғыдан алғанда қызғылықты, және бұл мектептер қазіргі басқару ғылымын сипаттау үшін маңыздырақ.
Ғылыми басқару мектебі (1885—1920).Оның пайда болуының арқасында басқару ғылымы дербестікке және қоғамдық танымға ие болды. Оның өкілдері: Ф. Тэйлор, Ф. Гилбрет, Л. Гилбрет, Г. Эмерсон және басқалары алдымен еңбектің өзінің және оның негізгі элементтерінің мазмұнын зерттейді және содан кейін барып қана басқару – бұл ерекше мамандық, ал ол туралы ғылым – дербес пән деген қорытындыға келеді. Осы мектептің өкілдері осылай есептейтіндей, еңбек өнімділігін арттыруға үш негізгі тәсілмен қол жеткізуге болады:
1) еңбектің мазмұнының өзін – оның режимін, жағдайларын, операцияларды, жұмысшылар қозғалысын ұтымды етуді зерттеумен. –Тек осының өзі ғана қарапайым қол жұмысының өнімділігінің күрт артуына және өндіріске кететін әкімшілік шығындарының қысқаруына алып келді;
2) ынталандыру жүйесінің және еңбек процесін регламенттеудің негізінде ұжымдық және жеке еңбекке бақылау енгізумен;
3) жалпы алғанда кәсіпорынды басқарудың оптималды жүйесін, осы ұйым жұмысының ең жоғары нәтижелерін қамтамасыз ете алатын жүйені анықтаумен байланысты.
Өзінің өмірге келген сәтінен бастап, басқару туралы ғылым еңбекті және оны басқаоуды ұйымдастырудың өндіріс тиімділігінің және пайданың артуының қосымша резервтері болып табылатындығын көрнекі және нанымды түрде көрсетіп берді. Ф.Тейлордың еңбекті басқарудағы негізгі принциптері келесіден тұрады:
а) жұмыстың әрбір элементін орындауға ғылыми тұрғыдан келу;
б) жұмысшыларды іріктеу мен үйретуге ғылыми тұрғыдан келу;
в) жұмысшылармен кооперациялану;
г) менеджерлер мен жұмысшылар арасында нәтижелер үшін жауапкершілікті бөлісу.
Осы бұлтартпас дәлелдер басқару туралы ғылымға қатысты қоғамдық пікірдің бетбұрысын өмірге әкелді.