Дістемелік кешен



бет12/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#85013
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   134
Байланысты:
УМКД МП бакалавриат

Пәннің жетекші оқытушысы:
Иргебаева Назиля Мұқатаевна –педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Кабинет – В 219, E-mail: irgebaeva @tau-edu.kz


Дәріс кешені
Дәріс 1. Психологиялық менеджмент пәніне кіріспе
Мақсаты: студенттерді менеджменттің пайда болуымен және дамуымен, мененжер қызметінің мәнісімен және оның негізгі тұрғыларымен таныстыру.
Кілт сөздер: менеджмент, басқаратын континуум, басқару мектептері және т.б.
Дәріс жоспары:
Менеджмент ғылымының пайда болуының алғышарттары
Менеджмент ғылымының тарихы.
Менеджменттегі негізгі мектептер.
Оны көбінесе «басқару» және «еңбекті ғылыми ұйымдастыру» түсініктерінің синонимі ретінде жиі пайдаланғанмен, ағылшынның «manadgement» (лат. manus — қол) терминінің қазақ тілінде аналогы жоқ.
Әлеуметтік құбылыс және адам практикасының саласы ретінде, басқару ғылыми зерттеу аясы болғаннан-ақ пайда болған. Адамдарға бірлесе жұмыс істеуге қабілеттілік пен қажеттілік тән, ал бұл олардың іс-әрекеттерін үйлестіруді, келісуді, кооперациялануды, яғни бірлескен іс-әрекетті басқаруды қажет етеді.
Ежелгі Египетте, біздің дәуірімізге дейінгі мыңдаған жылдар бұрын басқару процестерін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, орталықтандыру қажеттігі мойындалды. Мұнсыз Египет пирамидалары, ежелгі ацтек қалалары секілді алып сәулет құрылыстарын жасау, мысалға, римдік-католиктік шіркеу секілді тармақталған діни ұйымдардың табысты қызмет атқаруы мүмкін болмас еді.
Біртіндеп басқаруды ұйымдастырудың түрлері және тәсілдері туралы теориялық түсініктердің пайда болуы үшін алғышарттар қалыптаса бастады. Дербес ғылыми пән ретінде басқару теориясы, психологияның дамуын қайталап, тек ХХ ғасырдың басында ғана рәсімделді.
Басқару ойының эволюциясының жалпы көрінісін және оның негізгі кезеңдерін «басқаратын континуум» (К.С.Джордж бойынша) түсінігі көрсетеді; мұнда басқару туралы түсінікке революциялық өзгерістер енгізген оқиғалар бөліп көрсетіледі. Осындай оқиғалар болып: 1) сауда операцияларымен айналысқан, ерекше түрдегі «абыз-бизнесмендердің» пайда болуы;
2) Хаммурапи ханның (б.д.д. XXVIII ғ.) халықтың әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды ретке салатын заңдар жинағын шығаруы;
3) Навуходоно­сор II-нің (б.д.д. VII ғ.) құрылыс пен өндіріс салаларына мемлекеттік басқару және бақылау әдістерін біріктіруі;
4) осының нәтижесінде кәсіпқой менеджмент пайда болған, пайда болып келе жатқан капитализмнің аясында еуропалық өркениеттің индустриалдық прогрессі (XVII—XVIII ғ.ғ.);
5) ХІХ және ХХ ғасырлардың тоғысында болған «бюрократиялық революция» есептеледі. Дәл осы уақытта дербес пән ретінде басқару теориясы пайда болады. Оның дамуы – атап өтілген революциялық өзгерістердің бүкіл маңыздылығына қарамастан, ең алдымен эволюциялық процесс. Ол үздіксіз және қоғамның барлық өзгерістеріне: әлеуметтік-саяси, өндірістік, экономикалық және көптеген өзге өзгерістеріне әсер етеді. Осындай әсер етудің мысалдарының бірі – басқару практикасын реттеп отыратын, өзіндік бейнесі бар баяндамалы әкімшілік пәннің, камералистиканың пайда болуы. Камералистика, одан әрі әкімшілік басқару ғылымына және әкімшілік құқық ғылымына бөліне отырып, әкімшілік басқарудың сот өндірісінен бөлінуіне ықпалын тигізді.
Басқару туралы ғылымның даму барысы басқару теориясының дамуын тежеп отырған ішкі қарама-қайшылықтармен ілесе жүруде. Осы дамуға ықпал ететін факторлар өндірістің қарқынды дамуымен, пайданы арттырудың негізі ретінде оны жетілдіру және қарқынды ету жолдарын іздестірумен байланысты. Осы себептердің барлығын білу басқару ғылымының даму тарихы туралы дұрыс түсінік болуы үшін қажет. Аталған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, мұны көптеген жылдар бұрын күтуімізге болғандығынымен, тек соңғы жылдарда ғана бұл ғылымның дамуының ең жемісті кезеңі болды.
Коммерциялық іс-әрекет ғасырлар бойы құрметтелмеді, ол абыройыңды айрандай төгетін іс деп саналып келді. Аристотель сауда-саттықты «ақшаны табиғатқа қарама-қайшы жасау» деп атаған. Қазіргі күнге дейін жете отырып, осындай іске теріс қарау баянды болып шықты. Бұл басқару ойының бұл ерекшелігі прогресінің тежелуінің себептерінің бірі. Екінші себеп экономикалық және әлеуметтік ғылымдармен айналысқан ғалымдардың өздерінің зерттеулерінде, өндірістің экономикалық мәселелерімен және саяси аспекттермен шектеле отырып, әкімшілік басқару мәселелерін зерттеуді елеп-ескермегендігінен, мән бермеуінен, місе тұтпағандығынан болды. Сонымен қатар басқа ғылымдардың, оның ішінде психологияның мәліметтерін басқаруды жақсарту үшін пайдалануда да қиындықтар бар. Ұзақ уақыт бойына басқару тек өнер деп есептелді, бірақ ғылым деп саналмады. Басқарушылардың өздерінің назары «технология», «баға», «пайда» сияқты түсініктерге ауып отырды. Басқару теориясы саласында мамандардың пайда болуы және олардың бойынан өндірісті басқарудағы маңызды және дербес рольді көріп, мойындау осы ұйымдардың қожайындарының билігінің шектелуін білдірді, бұл оларға, әрине, ұнамайтын еді.
Басқару теориясын рәсімдеуге серпіліс Ф.Тейлордың «Ғылыми басқару принциптері» кітабының (1911) жариялануы болды. Тейлор ғылыми басқарудың негізін қалаушы деп саналады. Ғылым ретіндегі басқарудың пайда болуы үлкен бизнестің қажеттіліктеріне жауап, қазіргі техниканың артықшылықтарын пайдаланып қалу әрекеті және жұмысты орындаудың ең тиімді тәсілдерін ашуға ұмтылған танымал адамдардың шағын тобының жетістігі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет