Ахмет Йассауи кесенесі – қарахан дәуірінде(ХІІғ), кейін оның қираған іргесіне Әмір Темір бұйрығымен XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың басында тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.
Баба-Ата – қыпшақ-қарахандар дәуіріндегі (ІХ-ХІІғ.)қала.Қаратаудың шығыс етегіне таман, Шолаққорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан.
Бабаджа-қатын кесенесі – Х-ХІ ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші.Тараз қаласынан 18 км жердегі Айша-бибі кесенесінің жанында орналасқан.
Жошы хан кесенесі - қарахан дәуіріндегі (Х-ХІІғ) сәулет өнерінің айқын бір үлгісін сипаттайтын ескерткіш.Жезқазған қаласынан 45 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан.
Көккесене – оғыз-қыпшақ заманында (ХІғ.)биік мұнаралы етіп салынған сәулет өнері.Қызылорда облысы, Төменарық стансасының солтстік-батыснан 8 км жерде Сырдария жағасында орналасқан.
Күлтөбе – жазба деректерде «Жылан-Қарауыл» атанатын ХІІІ-XVІІІғасырлардағы бекініс. Шымкент облысы, Созақ ауданында рналысқан.
Қостөбе – Отырар алқабындағы ерте ортағасырлық қала (І – VІІғ.). Арыс өзенінің сол жағалауында, Шәуілдір кентінен оңтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан.
Мырзарабат сардобасы – Мырзашөлдегі байырғы керуен жолы бойында орналасқан күмбезді құдық, сардоба.
Отырар – ортағасырлық қала. Сырдарияның орта алқабында, темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.
Түркістан (Йасы) – ортағасырлық қала. Шымкент қаласынан солтүстік батыста 225 км жерде, Сырдарияның оң жақ аңғарында орналасқан. XІІ-ХІV ғасырларда қала Йассы атанды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
Оқытушының жетекшілігімен игеретін студенттердің жұмыс жоспары
Қостанай , 2009 .
Оқытушының жетекшілігімен игерілетін жұмыстардың жоспары.
Өзіндік жұмыс аудиторлық сабақ ретінде өткізіледі және студенттердің оқу жұмысының бір түрі болып табылады. Оқытушының жетекшілігімен игерілетін жұмыстардың жоспары өзара байланысты логикалы екі міндетті шешеді.
Деректер қоры мен арнайы әдебиеттер институт кітапханасында бар.Көптеген қосымша әдебиеттер де жеткілікті. Оқытушы аудиторлық сабақтарда студенттің пәннің өте қиын тақырыптарын игеруіне көмектеседі. Екіншіден, оқытушы жеткілікті мөлшерде әдебиеттер бар тақырыптарды лекция сабақтарынан әдейі алып тастайды. СОӨЖ-дің екінші функциясы бақылаушылық. Оқытушы артта қалған, лекциялық және семинарлық сабақтарға қатыспаған студенттермен белсенді жұмыс істейді.
№ 1-2 тақырып. Хунну тарихы (сюнну, ғұндар).
Тапсырмалар:
1. Ғұндар туралы алғашқы тарихи мәліметтер.
2. Ғұн державасының құрылуы, территориясы..
3. Ғұндардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті, діні, әскери iсі және өнepi.
4. Мемлекеттік құрылысы.
5. Ғұндар Қазақстан территориясында.
6. Қазақ халқының этногенезіндегі ғұндардың ролі.
Достарыңызбен бөлісу: |