Дістемелік кешен



бет4/87
Дата21.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#192722
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Байланысты:
Дістемелік кешен

Түрік қағанаты. Түркілердің пайда болуы туралы аңыздар. Олардың мекендеген аймағы. Түріктер жужандардың (аварлар) қол астында. Түрік тайпалық одағының нығаюы. Оғыздарды бағындыру. Түріктердің жужандарды талқандауы және Түрік Елінің - мемлекетінің, қағанатының құрылуы. Бумын қаған. Мұқан-қағанның билігі. Түріктердің Қазақстанды, Орталық Азияны, Солтүстік Кавказды жаулап алуы. Эфталиттермсн соғыс, Иранмен одақ. «Эфталипік мұраны» бөлісу. Қытаймен ара қатыиас, олардың түріктердің күші мен қуатын мойындауы, сыйлықтар (алым) төлеу. 'Түрік қағанатында жоғары биліктің бастапқы кезден бөлінуі. Естеми-жабғының (қаған) батыстағы билігі. Мұқан-қаған және Естеми-қаған өлгеннен кейін түрік мемлекетінде жоғары билік үшін күрестің және сепаратизмнің күшсюі. УІІг. басында Батыс түрік қағанаты жэне Шығыс түрік қағанатына беліну. 630 жылы Шыгыс түрік қағанатын қытайлардың бағындыруы.
Батыс түрік қағанаты. Жегуй-қаған мен Түн-жабғы қаған кезінде мемлекеттің күш-қуатының тасуы. Византиямен одақтастық қатынастар, интенсивті дипломатиялық байланыстар, Ираимен согыс. Орталықтан тепкіш күштің күшеюі. Мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы: Ұлы Бұлгария, «Он оқ бүдун», Хазар қаганаты. Дулу және нушиби тайпалық одақтарының арасындағы билік үшін күрес. Соғды колонистері Оңтүстік Қазақстанда, соғды көпестерінің, соғды тілінің және жазбасының ролі. Қытай әскерінің Жетісуға баса-көктеп енуі жэне 659 жылы Батыс түрік қағанатының құлауы.
Мемлекеттік құрылыс. Түрік феодалдық лауазымдары: қаған, жабғы, шад, тегін, елтебер, тархан. Жоғары билікті мұралану. Түріктердің шаруашылығы, тұрмысы, діні: тәңірілік, манихеймнің таралуы. Ұлы Жібек жолының маңызы, түріктер кезінде оның солтүстік тармағының - Сырдария, Арал теңізінің солтүстік-батыс жағалауы бойымен, Солтүстік Каспий, Солтүстік Кавказ арқылы Византияға баратын бөлігінің рөлінің өсуі.
Түрік жазба ескерткіштері. Олардың зерттелу дәрежесі. Вильгельм Томсен, В.В.Радлов, С.Е.Малов, С.Г.Кляшторный. Күлтегіннің, Білге-қағанның, Тоныкөктің құрметіне тұрғызылған ескерткіштердің, соғды тілді Бугут жазбасының тарихи маңызы. Моңғол ғалымы Баярдың Білге-қаган моласындагы қазіргі кездегі жаңа археологиялық ашулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет