Дістемелік кешен


Бақылау түрі мен формасына қарай балл қою



бет51/87
Дата21.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#192722
түріРеферат
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87
Байланысты:
Дістемелік кешен

Бақылау түрі мен формасына қарай балл қою:
1 ескерту. Семестр қорытындысы бойынша тиісті баға алып, 30 балл жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтихандағы тиісті баға 20 балл.
2 ескерту. Қалдырылған практикалық сабақтар орындалған жұмысты қорғау арқылы өтеледі.


2.1. Пәнді оқу технологиясы

Пән бойынша барлық материал төрт бөлікке бөлінген:



  • Лекция сабақтары

  • Семинар сабақтары.

  • Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы.

  • Студенттің өзіндік жұмысы.

Қажет оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет бар, пәннің көптеген бөлімдері бойынша семинар сабақтары өткізіледі. Студент семинар сабақтарына дайындалуға міндетті, дайындалмаған студент орнын толтырады.
Кредиттік технология жоғары деңгейлі өзіндік білімге және білімді шығармашылық игеруге негізделгендіктен, кафедра студентке толықтай өзіндік жұмысты «жүктейді». Студенттердің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді. Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) кесте бойынша аудиторлық сағатта өткізіледі. Алайда ол барлық студенттер үшін міндетті емес. Әр СОӨЖ-ге лекцияға кірмеген және қандай да бір сұрақтарды бөлшектеп қарауға немесе кеңірек және тереңірек қарауға, оларды талдау дағдыларын жетілдіруге көмектесетін материалдар дайындалады. Өз бетінше жақсы жұмыс істей алатын студент аудиторлық сағаттан босатылады. Студенттің дайындық деңгейін анықтау үшін тұрақты түрде әр студенттің оқу жетістіктерінің мониторингі жүргізіледі. СОӨЖ уақытында студенттің жеткен жетістіктерін бағалау жүргізіледі, олар арнайы журналға жазылады.
Пәнді оқытуға арналған уақыттың төрттен бір бөлігінде студент оқытушының көмегінсіз өз бетінше жұмыс істейді. Бұл үшін ол оны орындауға арналған қажет тапсырмалармен және ұсыныстармен қамтамасыз етіледі.
Барлық тапсырмалар тексеру уақыты ескеріліп беріледі, оларды оқу жылының аяғында тапсыруға жол берілмейді. Бұл үшін тапсырмаларды беру және оларды тексеру графигі құрастырылады, оны қатаң түрде орындау студенттің академиялық табысқа жетуіне кепілдік береді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Тарих және өнер факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет