Дістемелік кешен



бет80/87
Дата21.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#192722
түріРеферат
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   87
Байланысты:
Дістемелік кешен

Мақсаты:
Жоспары:
Қарақалпақтар – түркі тілдес халық. Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ Автаномды Республикасы. Оларды көрші халықтар қалпақ, қаралпұқ, қарағалпақ деп атайды. Бұрынғы Кеңесиер Одағындағы 424 000 Қ-дың 94 %-ы өз тілін ана тілім деп таныған (1989). Қ-дың антропол. типі орта-азиялық көне еур. нәсіл мен кейінірек келген моңгол тектес нәсілдің араласу нәтижесінде пайда болған. Зерттеушілердің пікірінше, Қ-дың арғы тегі біздің жыл санауымызға дейін-ақ Арыс жағалауынан бастап Жайық өзендерінің аралығын, Солт. Кавказ бен Дешті Қыпшақ даласына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшіп-қонған тайпаларға саяды. Проф. Н.А. Баскаковтың атап өткеніндей, Үлкен Ноғай Ордасынан 15- 16 ғ.ғ. қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бөлініп шыққан. 1723 ж. Жоңғар қалмақтарының жойқын шабуылынан «ақтабан шұбырындыға...» ұшыраған қазақтармен Қ. да Ота Азия ішкі аудандарына, Ресей шекарасыеа ауа көшті, Кіші жүз қазақтарымен күш біріктіріп, қалмақтарды Жайық пен Жем бойынан ығыстырды. Қ. ерте кезден жартылай көшпелі халық болған. Мал ш-мен, балық аулаумен қатар көне дәуірден-ақ суармалы егіншілікпен шұғылданып келді. Бидай, арпа, күріш, тары екті, жүзім өсірді. Әр отбасының бау-бақшасы болды. КСРО тұсында Өзбекстанда ауланатын балықтың 90 %-ын Қ. беріп кеоген. Алайда Арал апатына байланыстыбалық аулау кәсібі үлкен күйзеліске ұшырады. Балық – Қ -дың сүйікті асы болып келген. Балықты көбінесе, қуырып жейді. Сондай-ақ, араластырып даярлайтын тағам түріне қарма, уылдырық нан, қақпаш (кептірілген балық) жатады. Қ-дың күнделікті қорегінде сүт тағамы, қауын мен асқабақ көбірек. Қол өнері дамыған. Қ. Ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Ұлттық мейрам мен ойындарға құрбан айт, ораза айт, наурыз мерекесі, сүндет той, бәйге, ылақ (көкпар), күрес (палуан жарысы), дәруаз жатады. Қ-тар сөзөнеріне ден қойған халық. Той-томалақ пен әр алуан жиындарда мас-қарапаздар (күлдіргі айтысы) жарысы өткізіледі. Қ. Ауыз әдебиеті бай. 18 ғ-да өмір сүрген ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Жиен жырау мен 19 ғ-дағы Әжінияз, Бердақ қарақалпақ әдеби тілінің дамуына лайықты үлес қосты. Әнші-жыршылар, сазеңдер мен қиссандар халықтың ертедегі муз. мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші болып табылады.
Тарихы
Қ. жерін адамдар тас дәуірінде-ақ мекендей бастаған. Б.з.б. 2 мж-тың аяғында мұнда суармалы егішілік өркендеді. Қойқырылғанқала діни құрылыстарын қазған кезде табылған ертедегі жазба ескерткіштнр (б.з.б. 4 ғ.), Топыраққала сарайы (3ғ. – 4 ғ. басы) – кейінгі антика дәуірінің үздік ескерткіші. Қ. Халқының этногенезі Сырдарияның сағасы мен Арал жағалауы даласын мекендеген түркі тайпаларына тығыз байланысты. Бұл тайпалар 5 – 15 ғ.ғ.-да әр түрлі мемл. Бірлестіктердің: Бат. Түрік қағадығы, оғыздар, қыпшақтар, Алтын Орда, Ақ Орда, т.б. құрамында болды. Қ-дың көпшілігі 17 ғ-да және 18 ғ-дың орта кезінде Сырдарияның ортаңғы ағысы мен сағасындағы алапты мекендеп, Ноғай ордасына, ол ыдырағаннан кейін Қазақ хандығына қарады. Олар жартылай көшпелі болған, мал ш-н, егіншілікті, балық аулауды кәсіп еткен. 18 ғ-да Қ-тар қазақтардың Кіші жүзі құрамында болды. Тайпааралық қақтығыстардан қажыған ел 1742 ж. Ресей бодандығына қабылдауды өтініп, Орынбор мен Снакт-Петербургке елші жолдады. Ресей үкіметі олардың өтінішін қабыл алды. Ресеймен өзінің сыртынан мәміле жасасқанынашамданған Әбілқайыр хан 1743 ж. Қ-тарға жорық жасады. Қ-тар еж. қоныстарынан айырылып, Сырдарияның батыс атырауынан құятын Жаңадария бойына қарай ығысты. 18 ғ-дың соңында Хиуа хандарының шабуылы үдеді. 1811 ж. олар қарақалпақ елін жаулап алып, Әмударияның сағысына көшірді. 1855 – 56 және 1858 – 59 ж.ж. Қ-тар Хиуа езгісіне қарсы көтерілді. Бірақ, Хиуа әскерлері көтерілісшілерді аяусыз қырды. Патшалық Ресей әскерлерінің 1873 ж. шапқыншалық жорығынан кейін (Хиуа ханы Ресейге протектораттық тәуелділікті мойындату жөнінде 2 жақты келісімшартқа қол қоғаннан кейін) Әмударияның оң жағалауындағы қарақалпақтар Ресей мемлекетінің қол астына өтіп, Әмудария бөліміне бірікті. Бұл бөлініс 1887 ж. Түркістан ген-губ-ына қарайтын Сырдария обл-ның құрамына енді. Ал өзеннің сол жағалауын мекендеген Қ-р-ң аз бөлігі Хиуа хандығының қарамағында қалды. Тап осы кезде елде тауарлы мақта ш. дамып, шағын кәсіпорындар ірге бекітті. Алғашқы мақта өңдеу з-тттары іске қосылды. Ресей империясын шайқалтқан 1905 – 07 ж.ж.-ғы рев.толқулар, 1916 ж. Орта Азияны қамтыған ұлт-азаттық көтерілістер, сондай-ақ, 1917 ж. әлеум. төңкеріс өрті қарақалпақ жерін де шарпыды. Ел ішін жікке бөліп, дүрбелеңге түсірген азамат соғысы ж.ж.-ын бастан өткерді. 1920 ж. желтоқсанда оң жағалаулық қарақалпақ жері Түркістан АКСР-на қарайтын Әмудария обл. болып құрылды. 1921 ж. 21 маусымда осында Қарақалпақ обл. партия ұйымы құрылды. 1924 ж. 14 қазанда БРОАК Түркістан АКСР-ның қарақалпақтар тұратын аудандарының негізінде Қарақалпақ автоном. округін құрды, оған Хорезм республиканың Қарақалпақ округі қосылды. 1925 ж. ақпан айында өткен кеңестердің І құрылтай съезінде Қарақалпақ АО Қазақ АКСР-ның құрамына, 1930 ж. 20 наурызда Қарақалпақ АКСР болып, 1936 жылдан Өзбек КСР-ның құрамына кірді. 1920 – 30 ж.ж. жаппай ұжымдастыру жүргізіліп, байлар тәркіленді, а. ш-н суландыру жолға қойылып, жаппай мақта өсірілді, мақта тазалау өнеркәсібі пайда болды. 1941 – 45 ж. соғыс ж.ж.-ында майдан мен тылдағы ерліктері үшін мыңдаған қарақалпақтар ордендермен, медальдермен марапатталды, 14 адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыстан кейін мақта ш. Әрі қарай дамып, өнеркәсіп орт-тары (Нөкіс, Ходжейлі, Тахиаташ, т.б.) салынды. 50-жылдары Шарджоу – Қоңырат т.ж. салынып, 70-жылдары Бейнеу арқылы Мақатқа дейін ұзартылды, сөйтіп, Орта Азиядан Рсейге шығатын ең төте жолға айналды. Кеңес өкіметі тұсында Қ елінде сауатсыздық жойылып, ұлттық кадрлар өсіп жетілді, жоғары оқу орындары мен ғыл-зерт. мекемелері , мәдениет ошақтары, т.б. ашылды. 1990 ж. 14 желтоқсанда Қ. Өзбекстан Республикасының құрамындағы егемен мемл. болып жарияланды. 1992 ж. 14 желтоқсанда Қ. Жоғ. Кеңесінің 11-сессиясында – Мемл. Туы, 12-сессиясында – Конст-сы мен Гербі (1993 ж. 9 сәуір) қабылданды. 1991 ж. қарашада Қ-да президенттік басқару енгізіліп, 1992 ж. қаңтар айынан бастап ел Қарақалпақстан Республикасы деп аталды.
Мәдениеті
Қ-р-ң фольклорлық шығармалары – «Қырық қыз», «Ашық Ғарип», «Шадияр», т.б. батырлық, лиро-эпостық дастандары ерте ғ.ғ.-да дүние келген. Жазба әдебиеті 19 ғ-дан басталады. Осы кезде Жиен жырау Тоғайұлы (18 ғ.), Күнқожа Ибрайұлы (1799 – 1880), Әжінияз Қасыбайұлы (1824 – 78), Бердақ Қарғабайұлы (1827 – 1900), Омар Өтеш (1828 – 1902), Омар Сүгірбабатұлы (1879 – 1922), Құлмұрат (1838 – 1927), Сыдық Шаир (1857 – 1917) сияқты ақындардың өлең-жырлары ел ішіне кең тарады. Туыстас қазақ және Қ. халықтарының ауыз әдебиетінде ортақ үлгілері көп. Солар бірі – «Қырық қыз» дастаны. Ұлт әдебиеті кеңес өкіметі жылдарында сапалы кәсіби-шығарм. деңгейге көтерілді. Проза, драмматургия жанрында жаңа туандылар жазылып, әдеби сын дамыды, ұлтық әдебиеттаны ілімі қалыптасты. 20 ғ-дың 50 ж.ж.-нда жазылған А.Бегімовтің «Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтің «Әмудария жағасын» (1958) романдары, сондай-ақ, Т.Қайыпбергеновтің «Қарақалпақ қызы» (1963 – 65) атты кітаптары қарақалпақ прозасын биік сатыға көтерді. Осы жылдары жазылған Ж.Аймырзаевтың «Айгул-абат», «Бердақ», А.Бегімовтың «Боз отау», «Ашық Ғарип», М.Дәрібаевтың «Көклан батыр», «Жаңа адамдар», С.Қожаниязовтың «Сүймегенге сүйкенбе», «Жас жүректер» пьесалары республика театрларының репертуарларын байыта түсті.
Қ-да ұлттық қолөнер мен зергерлік машық дәстүрлерін дамытқан өнер шеберлері – мүсіншілер: Ж.Құттумұратов, Д. Төрениязов, кескіндемешілер: Ж.Беканов, Б.Серекеев, А.Құрбанбаев, Қ.Бердімұратов, Қ.Нәжімов, т.б. Қарақалпақтардың муз. мәдениеті 20 ғ-дың бас кезіне дейін халық шығарм. түрінде дамыған. Муз. аспаптары: дутар, қобыз, ғыржах, баламан, най, сырнай, дәп, шаңқобыз. 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап симф. оркестрге арналған шығармалар, хорлар, спектакльдерге арнап муз. Жазылды (композиторлар Ж.Шамұратов, А.Сұлтанов, К.Тұрдықұлов, К.Абдуллаев, М.Жиемұратов, Н.Махаматдинов). 1959 ж. Қарақалпақ халық әндерінің жинағы баспадан шықты. Республикада муз-драма театры, ұлттық филармония, муз-хореогр. уч-ще және бірнеше муз. мектеп жұмыс істейді. Осы шығарм. ұжымдар қабырғасында А.Шамұратова, С.Әуезов, О.Дәулетова, З.Зарипов, Ю.Мамұтов, Р.Сейітов, Г.Шеразиева, Т.Ахметова, Х.Сапаров, т.б. өнер шеберлері тәрбиеленіп шықты.
Пайдаланылған әдебиет: «Қазақ инциклопедиясы», V том / Бас ред. Бүкітбай Аяған / Алматы, 2003 (578–580 б.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет