Дістемелік кешен



бет76/87
Дата21.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#192722
түріРеферат
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   87
Байланысты:
Дістемелік кешен

Бақылау сұрақтар:
1)Қырғыз ұлтының қалыптасу кезені?
2)Қырғыз мәдениеті жөнінде не білесіз?
3)Қай кезенде Қырғыз мемлекеті ны
Әдебиеттер

22.Тақырыбы: Өзбек ұлтының қалыптасуы және Өзбек мемлекетінің құрылуы мен нығаюы (XV-XVIIIғ. бірінші жартысы).


Мақсаты:
Жоспар: 1.Өзбек атауы
2.Өзбек этнонимі
1) «Өзбек атауы Өзбектің ұлт болып қалыптасуы және мемлекет болып жазуға кіріспес бұрын «өзбек» атауы қайдан шыққан, «өзбек халқы» деген атау қашаннан бері қалыптасты, оыс сауалдарға тоқталайық.
Өзбек деген сөз- ХҮ ғасырдың аяғы-ХҮІ ғасырдың бас кезінде Шығыс деректемелерінде Еділдің шығысы мен Арал теңізінің солтүстігіндегі далалық аймақтың атауы.
Өзбек атауы Шығыс деректемелерінде – Низам ад-Дин Шами, Муин ад-дин Натанзи, т.б. еңбектерінде ХҮІғасырдың 50-60ж. бастап бұрын Шайбан және Орда Ежен ұлыстарының құрамына енген Шығыс Дешті Қыпшақтың түркі-монгол тайпаларының орталық жалпы атауына байланысты аталады. Бұдан гөрі ертеректе өзбек атауы кездеспейді.
ХҮІ ғасырың 60ж. Низам ад-Дин Шами, Муин ад-Дн Натанзи Ақ орда жерлерін Өзбектер елі, ал Орыс ханды Өзбектер патшасы деп атай бастайды.
Өзбектердің қалыптасуына негізінен 3топ едәуір ықпал жасады.
Бірінші топ:Бүркіт, Қият, Қосшы, Бенай, Қоңырат, Қыпшақ, Найман т.б. тайпалар
Екінші топ-Орта Азиялық Қос Өзен аралығындағы монғол дәуіріне дейінгі түркі тайпаларымен Шыңғыс хан заманындағы түркі моңғол тайпаларының ұрпақтары.
Үшінші топ- Дешті Қыпшақтағы өзбек тайпаларының ұрпақтары. Қыпшақ, Найман, Жалайыр, Қаңлы, Қоңырат.
Бұлар кейіннен бірқатар түркі тілдес халықтардың құрамына кірді. Өзбек тп\айпалары ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда отырықшылыққа көше бастап, бұл үрдіс ХІХғасырдың аяғында аяқталды.
2)Өзбек этнонимі
Шежірелер бойынша өзбектер өз баулы деп аталған. Оларды бүгінде осы этнонимді басы бүтін иемденген өзбек ұлтымен шатастыруга болмайды. Белгілі Башқұрт тарихшысы Б.Е.Кузевтің «Происхождение башкирского народа» атты кітабындағы түркі-моңғол-парсы шежірелеріне негізделіп жасалған салыстырмалы кестеде қыпшақтар дәуіріндегі өзбектер құрамында қыпшақ, қаңлы, керейіт, найман, үйсін сияқты осы күнгі қазақтар құрамында кездесетін рулардың бар екендігін дәлелдейді.
Өзбек тілі бірнеше диалектіге бөлінеді. Олардың негігілері: Қыпшақ диалектісі; Оғыз диалектісі; Қарлық диалектісі.
Өзбек тілі басқа туыстас түрік тілдерімен сөз басында «й» дыбысын, сөз соны мен ортасында «ғ», «г» дыбыстарын қолдану секілді заңдылықтармен ерекшеленеді.
Бұдан шығар қорытынды, түркі тілдес тайпалардың халық болвп қалыптасуының тек тілдік бірлігі ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып, салт-сана, дін наным-сенімдері, экономиклық, жер аумағы, аумақтық бірлесиік сияқты халық болып қалыпасудың толық пісіліп жетілген уақыиын көрсетеді. Олай болса Өзбек халқының қалыптасуы өзінің «өзбек» деген атымен көрші жатқан елдерге әйгіленіп, олармен қарым қатынас жасай бастаған уақыты ХҮ ғ. соңы ХҮІ ғ. бастапқы кезіне сәйкес келеді. Бірақ өзбек халқының этникалық қалыптасу кезендері көне заманнан басталады.
Өзбектер еуропа нәсілінің памир-ферғана типтеріне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет