Дістемелік кешен


)Қырғыз халқының мәдениеті



бет75/87
Дата21.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#192722
түріРеферат
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   87
Байланысты:
Дістемелік кешен

3)Қырғыз халқының мәдениеті
Қырғыз жеріндегі ежелгі өнер ескерткіштері неолит дәуіріне жатады. Геометриялық өрнекті керамикалық заттар мен жартастарға шегілген жер жырту көріністері қола дәуірінің мұрасы саналады. Қырғызстанның оңтүстігі (Шу-Рабашат, б.з.б.IVғ мен Іғ.) мен солтүстік батысынан (Шатқал өзенінің бойы) елді мекендердің орны ашылды. Оңтүстік және оңтүстік батыс Қырызстаннан б.з.б. І мыңжылдықтың өнер үлгілеріне жататын бояумен салынған суреттері бар ыдыстар, алтын мен қоладан жасалған әшекейлер табылды.
Қырызстанның солтүстік аудандары мен Тянь-Шань тауын мекендеген
Көшпелі Сақ(б.з.б.VI-IIIғ.),Үйсін (б.з.б II ғ.-б.з.V ғ) тайпалары қүрбандық
тақталарын мүсіндерін (Ыстықкөл жағалауы) қоламен әсемдеген.
Шыңғыс хан және оның мүрагерлері үстемдігіне дейін Қырызсеанда
отырықшы және көшпелі тайпалар мәдениеті қатар дамыды (Үзген, Ош,
Күлмесхант.б.), соғдалықтардың бағаналы қүрылыстары (Талас,Шу өзендері
бойында)салынды .Ақбешім қаласынан V-X ғасырларда жасалған сәулеттік
ескерткіштер, кескіндеме, сәңдік-қодданбалы өнер туындылары, Будда бейенелермен әсемделген қола мен алтыннан жасалған белдік тоғалары ұшырасты.
Тянь-Шаньда Түркі қағандығы билік құрған кезде салынған қамал-қорғандардың, керуен сарайлардың қалдықтары сақталған.Краснореченск қаласынан IV-V ғасырлардағы Соғда қамалдары ашылды.Будданың түрлі түспен боялған үлкен (12 метрден астам )мүсіні табылды.
Ою-өрнекпен көркемделген қыш ыдыстар аң және адам мүсіндері, мүсіндік бейнелер отырықшы тайпалар жасаған өнер үлгілеріне жатады.
Көшпелі тайпаларда зергерлік бүйымдар (бүғы, барыс,таутеке пішіндері бейнеленген тоғалар т.б.)жасау қанат жайды.
Қарахан әулеті кезеңіде(IX-XIIғ.)мешіттер,мүнаралар (Боран менҮзгендегі мүнаралар,XIIғ.)Мавзолейлер (Үзгендегі үш мавзолей,XI-XIIғ.)салынды.
Монументті қүрылыстар –Манас мавзолейі (XIVғ.),Ташрабаттағы керуен-сарай(XIVғ.)түрғызылды.
Мемлекттік қырғыз тілі мемлекеттік ұлттық тіл болды.
4.Ұйғыр қағандығы
ҮІІ ғасырдың ортасында құрылған іргелі Ұйғыр қағандығы Орталық және Шығыс азияның оның ішінде Тань империясының тағдырына елеулі ықпал етті.
Ежелгі Түрік империясының құлауынан соң байтақ далада саяси бытыраңқылық туындада. Түркі тайпаларына үстемдік ету үшін және қаған лауазымын алу үшін Ашина империясын талқандауды аяқтаған ұйғыр, қарлұқ секілді жеңімпаз тайпалар үстемдікке ұмтылды. Басмылдардан билікті тартып алған ұйғырлар ең күшті болып шықты. Ашина, Қырғыз, қимақтар секілді Ұйғырлар орталық Одақтың біріне жатады.
3 – 4 ғасырларда ұйғырлар қытай династиясының Гаогюй атанғанбірлестікте тұрды. 5 ғасырда Қытай деректері бойынша бұл одақтың жаңа аты Теле пайда болды. Теле тайпаларының басым бөлігі батысқа, Қазақсмтан мен шығыс Еуропаға қоныс аударды. Орталық Азия далаларында қалған бөлігі батыс түркілерге бағынып, солардың мемлекеттерінің құрамына кірді. Бірақ 605 жылы сатқындықпен соққыға жыққаннан кейін, ұйғырлардың басшысы тайпаларды Хангай тауына әкетті. Сөйтіп сол жерде «тоғыз тайпа» деген жеке топ құрады. Орхон жазбаларында бұл топтың тайпалары тоғыз – оғыздар деп аталады. 630 жылдан бастап, бірінші түркі қағандығының құлауынан бастап, тоғыз – оғыздар яглохарлармен күресті. Және моңғол жерінде саяси күш ретінде танылған болатын. Тоғыз оғыздардың көсемі Елтеьер Тулшду 647 жылы Тола мен Орхон өзендерінің аңғарында өзінің мемлекетін құрған еді, мұны Қытай шежірелері баяндайды: «Тулшду өз бетімен өзін - өзі қаған деп жариялады, Түркі қызметкерлері мен шенеуніктердің қызметін тағайындады». Тань үкіметі қайта құрылған үкіметті мойындамады. Оның үстіне 630 – 663 жылдары тоғыз – оғыздармен Тань империясындағы соғыстарда қытай әскерлерінің қолы жеңіске жете алмаған. Алайда 680 жылдың басында тоғыз оғыздар Шығыс тҮркілермен шайқаста жеңіліске ұшырап, өздерінің мемлекеттілігн жолғалтты. Ұйғырлардың жаңа мемлекеті бұрынғы одақтастармен басмылмен, қарлұқтармен аяусыз күресте ғана пайда болды.Он ұйғыр тайпасы арасында жетекшілікте болған Яглохар династиясына тоғыз оғыздардың көптеген тайпалары жанкештілікпен қарсылық көрсетті. Ұйғырлар яглохарлар тайпасымен қағандыққа таласып, өздерінің құқығын қорғап алды.
Қатай деректері бойынша 745 жылы Моңғолияда түркі оғыз мемлекетінің орнына ұйғыр тайпасы енді. Өз ара қырқыста жеңіске жеткен яглохарлар мемлекетке басшылық етті.
Сонымен 745 жылы Моңғолияның басшылығы басқа түркі халқына ұйғырларға тиді. Қытайлардың хабарлауы бойынша ұйғырлар 758 жылы қырғыз мемлекетін жаулап алды. Осыдан кейін қырғыздардың қытайлармен тікелей байланысы үзілді. Ұйғырлардың түпкілікті билікке ие болуы олардың қытай әскерін жеңгеннен кейін ғана іске асты. Бұл 755 жылғы Қытайдың шекаралық әскерлерінің Тань үкіметіне қарсы көтерілісті басу және соған жалғасқан азамат соғысын талқандау еді. Ұйғырлардың Элтимиш Білге қағаны 757 – 759 және оның ұлы Бегю қаған 759- 779 Тань бүлікті басуға көмектесті. Сөйтіп өздерінің көмегі үшін материалдық тұрғыда көмек алды. Олжа мен шекарадағы пайдалы сауда династиясның беделі мен қағандықтың үстемдігін орнықтырып алуға мүмкіндік берді. Соғыстан түскен олжамен және император сыйлықтарымен бірге Орхондағы өзінің астанасы – Ордабалыққа манехей дінін уағыздаушы соғды миссонерлерін манехейлерді ала кетті.Олардлың дінін қаған өзі Лолянда таньдардың бүлікшілерден азат етілген астанасында қабылдады. Ұйғыр қағандығынығ орталы болған Ордабалыққа кейін монғолдар ие болған кезде Қарақорым деп аталды.
762 жылы ұйғыр қағанының ордасы Ордабалыққа соғдының және Шығыс қытайлық түркістанның саудагерлері мен миссонерлері келді. Ұйғырлардың манехей дінін қабылдаудың түркі тарихында маңызды орын болды. Ең алғашында түркілер шамандықтан «дінге» этникалық қағида бойынша көшті. Шамандықтардың айтуынша: « өлімнің өзі адамның болашағына пайда әкеледі» дейді, ал Ирактағы арабтар Вавилондықтар қабылдаған манехей дінінің айтуы бойыншы « адам түгілі жан – жануарлар өлімі, жануарлардың етін пісіпір жеуге тыйым салады» - дейді. Осы жаңа және ескі бағыьттың қарама – қайшылығы түркілерге белгілі болды – «бұрындары етті қорек еткен халық енді күрішпен қоректенеді, бұрындары өлімді жақтаған елде жақсылық орнайды.» - дейді жазбада. Манехейлер Вавилоннан б.з.б 14 ғасырда Арабия түбегіндегі пайда болған алфавитті ұйғырлар арасына таратты, кейіннен жаңа ғылымда ұйғыр алфавиті дамыды. Сонымен қатар ұйғырлар бұл алфавитті Моңғолияға таратты, моңғолдармен бірге ол Батысқа қайта келді , ал бірнеше жылдан соң бұл алфавит моңғолдың Маньчжурия жеріндеде қолданылы.
Осындай әрекет арқасында семиттен шыққан бұл алфавит соғды, ұйғыр, монғол арасына тарап, «ұлы мхитқа» дейін жетті.
Орхон алфавитінен ұйғыр жазуына көшу – түркілерді бір қадам артқа шегертті. Ұйғыр түркі – оғыздарға қатысты бірнеше тарихи жазбалар қалдырды.
Ұйғыр қағандығы жазбаларының біреуі түркі тілінде орхон алфавиті бойынша 750 жылы жазылды. Бірінші жазбада 750 – 753 жылдардағы соғыс туралы айтылса, екіншісінде сол кезде болып жақан қырғыздармен арадағы ұрыс және олардың мемлекетінің түпкілікті жойылуы 80000 нан 400000 адамға дейін болғаны анықталды. Екіншісі қытай тілінде 808 жылдан 821 жылға дейінгі хан билігін баяндайды.
Түркі – оғыздарға қатысты ұйғыр жазбаларының ең қызықтыда көлемдісі – қытай тілінде жазылған.
Мұсылмандар аймағында тоғыз – оғыздарды тұтқын ретінде көрсететін дерек бар, осы тоғыз – оғыздардан тулондар пайда болады. Ол Ахмет Тулонның әкесі 869 жылы қайтыс болған, Египетте Тулунид әулетін құрған. Араб жазушысы Жахиздің айтуына қарағанда тоғыз оғыздар манехей дінін қабылдамай тұрып өте батыл және әскери халық болғвн. Олар көбіне қарлұқтармен болған соғыста саны аз болса да жеңіске жетіп отырған, ал манехейді қабылдаған соң жеңіліске ұшырай берген.
Христиан, мұсылман миссонерлері және түркілер арасында манехей парсының «періште» сөзімен танылды. Буддизм сияқты манехей діні де қанатын кең жаюды мақсат етті. Ол аскетизм, сословие құрылысына қарсы бағытталды. Сондықтан манехей шығармалары қарапайым халыққа лайықты етіп жазылды.

  1. ғасырда қырғыздар ұйғыр мемлекетінің әлсіреуін пайдаланып тәуелсіздік алды да, 840 жылы 20 жылдық күрестен соң Монғолиядағы ұығыр үстемдігін жойды. Ұйғыр мемлекеті 745 – 840 жылдар арасында 100 жылға тарта өмір сүріп, 9 ғасырдың екінші жартысында Монғолияда қырғыздардан қысымшылық көрген олар Бешбалық қаласының маңындағы Шығыс Түркістанға келді. Бұл оқиға 860 жылы болды. Бұдан кейін қазіргі Ганчжауда ұйғыр князьдігі құрылды да, оның басшысы қытайдан сайланды. Бұған дейін Ганчжау жерінің билігі үшін қытайлықтар мен тибеттер арасында болып, тибеттер үстем түскен болатын. Ұйғыр князьдігі 13 ғасырдағы монғол үстемдігі дәуіріне дейін ғана өмір сүрді. Монғолиядан түркі – оғыздарды содан кенйін ұйғырларды ығыстыру, Шығыс Түркістанда түркі элементтерінің көбеюіне әкеліп соқты. Турфан және Гучэнь жерлерінің жанында қытайлықтар «шато» дала деп атаған тайпа қоныстанды, шатолар түркі тегінен яғни оғыздардан шыққан. Қытай деректері бойынша Монғолиядан Қытай Түркістанына көшкен түркілер отырықшылық пен қала өміріне үйрене бастады.

Ғасырда Тибет еліне йғырлардан осы мекенді тартып алу мүмкіндігі туып, бұл жерде өздерінің мемлекетін құрды. Алт кейіннен бұл жақты монғолдар биледі. Осы аймақ содан бері Тангут деп аталады. Қытай деректерінен білетініміз Ганчжоудағы ұйғыр мемлекетін тангуттар 1023 – 1038 жылдары жойды. Шығыс Түркістандағы Ұйғыр мемлекеті 12 ғасырда болған монғолдар мен хандар арасындағы соғыста саяси құрбан болып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет