Дістемелік кешен


Түркілердін шығу тегі, діні, этнографиялық және лингвистикалык топтары



бет60/87
Дата21.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#192722
түріРеферат
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87
Байланысты:
Дістемелік кешен

Түркілердін шығу тегі, діні, этнографиялық және лингвистикалык топтары
Туркі халықтарының түрмыс белгілері, этнографиялық шығу тегі осы күнге дейін анықталмады. Тарихта алғаш рет еске алынатын кешпелі халықтар қандай этнографиялық жэне лингвистік топтарға жататындығы, олардың қайсысы түркі, моңғол немесе тұнғұстар болғаны туралы сүрақтың өзі даулы болып, шешілмей келеді.
V—VI ғасырларда түркілер далалы аймақтарды мекендеді жэне оларды қытайлықтар "жужаньдар", еуропалықтар "аварлар" деп атаған.
"Түркі" сөзі (кытайша "тукюе") б. з. VI ғасырывда біршші рет (бір) көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бүл ғасырда түркілер Монғолиядан жэне қытайдың солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созьшьш жатқан үлы көпшелі империяның негізін калады. Қытайлар Тумынь деп атаған (түркі жазбасында Бумин) империяның негізін қалаушы түлға 552 жылы дүние садды, оның ағасы Истеми (кытайша Шедеми) батысты жаулап алған, 576 жылға дейін емір сүрген. Бастапқыда ағалы-інілі екеуі бір-біріне тэуелсіз болған, кытайлар осыған сәйкес көшпелі империяларды солтүстік түркілердің мемлекеті жэне батыс түркілердің мемлекеті деп атаған. 581 жылы сол кезде кытай дянастиясының билігін колына алған Суйдың ықпалымен екі империяның арасы біржолата бөлінді. Келесі ғасырда екі империя да қытайдың Тань династиясына бағынышты болып, кытай басшылығын мойывдауларына тура келді. Солтүстік түркілер 830 жылдың, батыс түркілер 659 жылдың шамасында елу жылдай жат жүрттықтардың билеп-төстеуінде болғаннан кейін, солтүстік түркілер 682 жылы өздерінің тэуелсіздігі мен куаттылығын қалпына келтіруге мумкіндік алды. 682 — 744 жылдар арасывда өмір сүрген бүл жаңа мемлекетке түркі тілінің көне ескерткіші Орхон жазбалары тән. Жазбада 699 және 711 жылдары олар батыс түркілерді өзіне тэуелді ету мүмкіндігі туғаньш, бірак мүңцай билеп-төстеушілік үзаққа созылмағаны айтылған. Батыс түркі тайпаларының арасында түргеш тайпасы ілгері шығьш, VII ғасырдың соңында хандык билікті толық қолына алады. Түргеш мемлекетін 739 жылы арабтар элсіретгі.
Көне түркі тайпалары, олардың басшылары, батыстағы жэне шығыстағы көшпелі халықтар туралы эр түрлі пікірлер айтылады.
Батыс ғалымдары түркілер сақтарға туыс немесе осы халықтың бір бөлігі деп жорамалдады. Курцийда (үлы Александр тарихында) Яксарттың сыртында түратын скифтердің патшасының ағасы Картазис аталды. Қытайлар түркілерді суюннулардың (хундар) үрпактары деп есептейді.
Цяньханьшуда, Қытай императоры мен хундардың әміршісі арасында б. з. б. 47 жылы жасалған одақ туралы эңгіме "хундардың салтанатты семсері" мағынасындағы (қытай транскрипциясында цзин-лу, ежелгі айтылуы — цзин-лук) хун сөзі аталады. "Кынгырак" (екі жүзді семсер) сезін (Радлов1 сөздігі) телеуіттің жөне Шығыс Түркістанның "кынгырак — үлкен семсер" дегеніне жақындатады.
Хундардың шығыс көршісі ретінде қытай ескерткіш-терінде б. з. I ғасырының соңында Монғолиядан хундарды ығыстырып шығарган сөнбилер аталады. Осыдан сэл кейін сэнбилер хундар сияқты қытайда бірнеше династияның негізін қалаған; сэнбилер династиясының ішінде Солтүстік Бэй династиясы (386—534 ж.) ерекше көзге түсті. Әдетте сәнбилер тунгус халқы ретінде карастырылады. Бірақ, белгілі француз ғалымы Пеллио" 1925 жылы күзде Ленинградта окыган өзінің бір лекциясында қытай эдебиеттерінде сәнбилердің түркі тідді халык екендігін аңғаруға болатын сэнбилер сөздігі сақталғандығын хабарлайды. Бүл сөздік туралы баспада ешнәрсе жарияланбаған; мүндай ескерткіш табылса, бүл халықтардың шыгу тегі, пайда болуы туралы мэселе ез шешімін табар еді. Егерде хундар, сэнбилер түркілер болғандығы дәлелденген болса, онда бүдан мынадай, корытынды келіп шығады: өте ерте уақыттарда түркілер монғолдардың шығысын мекен еткен. Сөнби халкы Византия сездігі мен Армян ескерткіштерінде бірінші рет 463 жылы, соңғы рет 558 жылы кездеседі. Алайда сэнбилердің батысқа коныс аударуы туралы еш мэлімет жоқ.
Соңғы жылдары лингвистикалық зерттеу негізінде түркілердің шығу тегі, көне тарихы туралы мэселе карастырылуда. Алтай ата тілінің бар екендігі растадды, оған түркі ата тілі, монғол тілі, тунгус ата тілі барып тіреледі (барлығы да алтай тіліне кіреді). Орхон жазбаларының тілі дамудың кандай сатысында түрса, түркі ата тілі дамудың сондай сатысында түр.
Түркі халқының шығуы туралы ешқандай айғақты деректер болмағанымен, Хун империясы ежелгі түркі мемлекеті болып саналады.
Орыс ғалымы Н. А. Аристовтың1 айтуынша б. з. б. III ғасырда хундар түркіше сөйлеген. Хун замандастарына канғойлар, үйсіндер және Жетісу бойынан ығыстырылған сактар (кытайша сэ) жатады. Сол кездегі Енисейде тұрган қырғыздар қытай деректеріндегі хундар дэуірін (б. з. б. 201 жыл) еске түсіреді. Ежелгі кытай транскрипциясында "қырғыз" деген сөз — гяныунь.
VII ғасырдағы қырғыздарды тану үшін қытай транскрипциясы "хягас" қолданылды, түркі тектес халыктардыц бір түрі кейін хакас деген атка ие болды.
Шығыстағы түркі қағандығынан басқа, қытайлардың айтуынша, солтүстікте тағы бір түркі кағандыгы бізше — батыстағы түргеш қағандығы болган. Онда Невакет қаласы аталады. Оның орналаскан жері Қытай ескерткіштері бойынша Шу өзенінде болғанын білеміз. Оның халкы рудың саны бойынша "он оқ" деп аталган. Тағы бір үшінші түркі қағандығы — Енисейдегі қырғыздардың қағандығы болған. Орхон жазбаларында хан кырғыз князіне каган лауазымын өзі бергендігі айтылады.
Батыс түркілерінің шығысындағы, Алтай мен Ертістің жоғарғы ағысының аралығында сөзсіз түркі тегінен шыккан қарлүк халкы өмір сүрді. 766 жылдары олардыц кол астына батыс түркілер орналасқан аумақ көшті; олардың князі Сырдариядағы оғыздардың князі сияқты орхон жазбаларында патша лауазымы тэрізді аталатын ябғу лауазымын иеленді.
Монғолиядан түркі-оғыздарды, содан кейін үйғырларды ығыстыру Шығыс Түркістанда түркі элементгерінің кобеюіне экеліп соқты.
Кейінгі уакытқа жататын түркі халықтары туралы мәліметтердің үлкен бөлігі мүсылман қолжазбаларында бар. Тіпті ерте уқыттардағы түркі жазбалары және қытай шежірелері туралы мәліметтерді батыс колжазбалары жай ғана толықтырып отырады. Византия жазба ескерткіші материалдарынан біз 576 жылы түркілер тавриялық Босфорды жаулап алғандығын білеміз. 581 жылы олар Херсонес қабырғасында болды, алайда олардың Таврия түбегінде билік жүргізуі үзаққа бармады, 590 жылға карай онда Византия билігі калпына келді.
Жекелеген түркі халықтары мен олардың тіршілік еткен жері туралы толығырақ мэліметті біз түңғыш рет IX жэне X ғасырдағы араб географиясынан табамыз. Осы географиялық эдебиетте "түркі" деген сөз халықтар тобы мен тілдерінің аты ретінде айтылады. Орхон жазулары мен қытай шежірелерінде "түркі" сөзі бір халықтың немесе мемлекеттің аты ретінде қодданылмайды. Истахрида1 бір тілде сөйлейтін жэне бірін-бірі түсіне алатын бес халық ерекше аталады. Олар: тогузгуздар, хирхиздар (қырғыздар), имектер, кыпшақтар яғни оғыздар, харлуктар яғни карлүктар. Қазіргі кездегі сияқты Енисейдің жоғарғы ағысындағы аймақ түркілер мекендеген шеткі солтүстік-шығыс шекараға айналды жэне сонымен бірге арабтарға белгілі элемнің де шекарасы болды. Олардың түсінігі бойынша қырғыздар мекендейтін аймак ол кезде солтүстік Қиыр - Шығыстағы түркі халықтарының шекарасы мүхитқа дейін созылыпты. Орта Азиядағы мүсылман аймактарының тікелей көршілері оғыздар мен қарлүқтар болды. Оғыздар елі батысында Журжаннан бастап, шығыста Фараб пен Исфиджабқа дейін (қазіргі Шымкент маңындағы Сайрам) шектесті. Одан эрі қарай шығыста қарлүқтар өмір сүрді. Қарлүқтар мен оғыздар елі арқылы Қытайға жол кететін: Фергананың шығыс шекарасынан қарлүқтар елі арқылы тоғыз-оғыздар елінің шекарасына дейін отыз күннен астам, одан тоғыз-оғүздар елі жэне қытай арқылы мүхит жағалауына дейін екі айға жуық жол жүрілетін (Ибн Хауками мэліметтерінен). Ибн Хордадбек тағы да екі халықты айтады: қарлүқтардың қыстауына жақын жердегі Тараздың шығысында (қазіргі Жамбыл каласы маңында) халаджалардың кыстауы болған. Мүнда бүл халыктың тек оңтүстік бүтағы, яғни Персияға қоныс аударған халаджалар туралы ғана мәліметтер
Ірі тарихи оқиғалар мен мемлекеттік бірлестіктердің күралуы — эр түрлі түркі тілдершің бекіп, тағы да кеңірек таралуына тікелей себепкер болды. Мысалы, алғашкы Түркі қағандығы күрылғанда қарлүк тіддері, Алтын Орда заманында қыпшак тілдері, Түран эмірлігі кезеңінде шағатай тідцері, ал Осман империясы шарықтағанда селжук тілдері гүлденіп, өркендеді. Кейін ислам діні тараған кезде араб тілі, бертінірек отарлау басталғанда орыс тілі оларды катты ығыстырды.
Дін жағынан алып қарайтын болсақ, түркілердің көбі — мүсылмандар, негізінде суниттер (тек әзірбайжандар жэне Иран түркілері ғана — шеийттер). Ал ислам дінінің аяғы жете алмаған солтүстік-шығыста ғана түркілердің ежелгі шамандык діні сақталған. Түркілердің ішінде ішінара ғана лама (туғалықтар) мен иуда дінін (караимдар мен бүхаралықтар) түтынушылар кездеседі. Чуваш, сақа, гагауыз, алтай т. б. жүрттар бертівде шокындырылып, христиан дініне көшірілгені белгілі.
Түркі халықтарының өзіндік дербес ел болуы мен мемлекетгігі көрші елдерден мысалы, славян, араб, тіпті парсы халықтарына қарағанда нашар дамыған. Түркі жүртының арасында шын мэнінде дербес мемлекеті бар, тез өсіп, өркендеп келе жаткан ел — Түркия республикасы. Ал Кеңестер Одағы кезімен айтатын болсак, оның 53 үлттык-аумактық күрылымының үштен бірі тарихи калыптасқан түркі тідці халықтардікі, соның бесеуі1 казір тәуелсіз республикалар (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан), эзірше автономиялық республика хүкында — 9 (Татарстан, Башқүртстан, Чуваш елі, Нахачиван, Қаракалпақстан, Дағыстан, Сақа елі, Тува, Қабарда-Балқар елі), үшеуі автономиялық облыстар дәрежесінде (Хакас елі, Таулы Алтай, Қарашай-Шеркеш елі), ал біреуі автономиялык округ санатында (Донған-Ненец елі). Бүрынғы заңды автономиясын кырымдықтар қалпына келтіріп, өзіне тиісті автономиясын гагауыздар алған болса, олардың үзын саны 20-га жетер еді. Сонымен қатар Солтүстік Кузбасс Алатауында шорлар мен Аңғар өзені бойындағы топарлар өзінің үлттық-аумақтық атамекеніне статус ала алған жок.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет