Дістемелік кешен



бет63/87
Дата21.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#192722
түріРеферат
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87
Байланысты:
Дістемелік кешен

Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер Пайдаланған әдебиет
1. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. -2 кітап. (XIV ғасырдан XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең). -А., Білім, 2005. 320 бет.
2. Бердібай Р. Байкалдан Балқанға дейін.- А., Қазақстан, 1996.- 256 б.
3. Тоқтабай А.У. Түркі халықтарының этнографиясы. А., 2002.
4. Қабышүлы Ислам түран элемі. Түркі-моңғол халықтарының тарихы.-А. Санат. 2007. Әмір

12-13. Тақырыбы: ІХ-ХІ ғасырлардағы Русь және түркі халықтары


Мақсаты:
Жоспары:
1.Русьтің Хазариямен, Печенектермен және Қыпшақтармен қарым – қатынасы (Х – ХІІІ ғ.)
2. Алтын орданың құрылуы және нығаюы.
3.Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы саясаттағы жеңістері. (1227-1359 ж)

Русь мемлекеті сауда жолдарының маңызды тораптары: Донның сағасы, Керчь бұғазы, Еділдің сағасын басып алу мақсатымен Хазвр қағанатымен соғысты. Бұл кезде (Х ғ.) Хазарлар мемлекеті шығыста Еділмен, оңтүстікте Кума – Маныч ойпатымен, солтүстік-батыста төменгі Донмен, батыста Қырыммен шектескен жер аумағын алып жатты.


Өз географиялық жағдайының қолайлылығын пайдаланған Хазар билеушілері Тмуктараканьда, Донның сағасында, Еділ-Дон өткелінде және Еділдің сағасындағы Итильде өздерінің баж кедендерін қойды. Хазар қағаны мол баж салығын жинады. Кейде баж салығын місе тұтпай, Каспий теңізінен оралған орыс керуендерін тонады.
ІХ – Х ғасырлар арасында орыс жасақтарының Хазарияғабағытталған жоспарлы абуылы басталған болатын. Олар Керчь аласын және Хазар аралын(Тмуктараканьды) басып алды. Шабуыл 965 жылы Святослав әскерлерінің Хазарияны толық талқандауымен аяқталды. Сөйтіп Шығысқа кедергісіз жол ашты. Содан соң Русьті қоршауға алуға және оны теңізден ығыстырып шығаруға тырысқан Византия империясымен күрес басталды.
Орыстар оңтүстікте түркі тілдес печенектермен де соғысты. ІХ ғасырда Еділ мен Жайық жағалауынан келген печенектер Х ғасырда Дунайға дейін жетіп, Дон, Азов, Қара теңіз бойындағы жерлерге иелік еткен болатын.
Византия печенектермен тіл табысып, оларды күшейіп келе жатқан орыс мемлекетіне қарсы айдап салып отырды.
ХІ ғасырдың орта шенінде жаңа өзгрістер болып, Дон мен Еділдің оңтүстік – шығыс бетінен орыстар половецтер, ал византиялықтар кумандар деп атаған қыпшақтар батысқа қарай бет алды. Солармен бір мезгілде Византияның Азиядағы иемденіп отырған барлық жерін басып алған түріктер – селжұқтар Орта Азиядан кете бастады.
Қыпшақтар өте күшті ел болып шықты. Олар печенектерді Дунайға ығыстырып тастап, Солтүстік Кавказды, оңтүстік орыс даласын түгелдей, Қырымның бір бөлігін басып алып, Русь пен Византияға жорықтар жасап тұрды.
Қыпшақтар ХІ ғасырдың 90 жылдарында Русьті қатты тықсырды. Бұл тұста кейбір хандар «Киевтің Алтын қақпасын тоқылдатып» жүрге кездері де, Князь Владимир Всеволодич Мономах қыпшақ елінің түепкір – түпкіріне бірнеше жорық ұйымдастырған сәттері де болды.
1111 жылғы жорықтың үлкен маңызы болғаын көреміз. Онда орыс әскерлері Қыпшақ хандарының бірінің астанасы – Шарукань қаласын (қазіргі Харьковтың маңында ) басып алды. Бұл жорық аңызға айналып, Мономахтың қыпшақтарды жеңу даңқы Византияға, Венгрияға, Польшаға, Чехия мен Италияға дейін жетті.
ХІІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақтардың аса жауынгер екі мемлекеті құрылды. Бұлардың бірі Днепр мен Днестр бойындағы тайпаларды (хан Боняк ұрпақтарының әулеті) қамтыды. Бұдан анағұрлым қуатты екіншісі Солтүстік Донецтің, Азовтың, Донның бойындағы және Кубаньдағы тайпаларды біріктірді. Мұнда Шаруканның әулеті билік етті. Оның немересі Кончак жеке Ордалар мен тайпаларды біріктіруде үлкен ерлік көрсетті. Қыпшақ хандытары олардың азиялық ежелгі қоныстары – Батыс Қазақстанның далаларында да қалыптасты.
Орыс князьдарының бірлескен күштері бұрынғысынша қыпшақтарға қарсы ойдағыдай күресті, бірақ жекелеген князьдардың жікшіл, нашар даярланған жорықтары (мәселен, Игорь Святославичтің 1185 жылғы Қыпшақ ханы Кончакқа қарсы жорыққа) сәтсіздікпен аяқталды.
ХІІІ ғасырда Қырымда Қыпшақ – латын – парсы сөздігі құрастырылды, одан біз қыпшақтардың тіл сипатын (түркі тілі екенін), сондай – ақ олардың тұрмысы толығымен түркі дәстүрлі екенін білеміз. Кейіннен – Жошыдан кейін құрылған Орда заманында қыпшақтар осы мемлекеттің негізгі тірегі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет