1.Қайта құру кезеңдері және экономикалық дағдарыстың тереңдеуі



Дата13.04.2022
өлшемі16,27 Kb.
#139136
Байланысты:
Тарих 7
Документ, Биохим 6. Гүлназ,Аяулым

1.Қайта құру кезеңдері және экономикалық дағдарыстың тереңдеуі.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын сезіле бастады. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев сайланды. Ол сол жылдың сәуір айында өзінің «қайта құру» бағытын айқындайды.

1985 жылдан бастап елімізде қайта құру процестері басталды. Қайта құру процестері Кеңес Одағы Коммунистік партиясының 1985-1991 жылдар аралығында бірінші хатшысы болып істеген М. Горбачевтың есімімен тікелей байланысты болды. 1985 жылы СОКП Орталық комитетінің сәуір пленумында «Әлеуметтік-экономикалық дамуда» жеделдету бағыты жарияланды. Әлеуметтік салада мектептерді компьютерлендіру, маскүнемдікпен күрес, еңбексіз табыс табумен күрес мәселесі қойылды. Кеңестер Одағының жаңа басшылығының жариялаған әлеуметтік-экномикалық қайта құруға бағытталған бағыт, кейін уақыт көрсеткендей, оның алдындағы өкімет басшылары сияқты өзін демократиялық реформатор етіп көрсетуге бағытталған талпыныс еді. Оның алғашқы төрт жылында (1985-1989 жж.)жеделдету тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды.

«Қайта құрудың» екінші кезеңі 1989 жылы көктемдегі сайлауға байланысты басталды. Сайлау науқаны кезінде нарықтық экономикаға және меншікке көшу үшін, ұлттық республикалар мен аймақтардың құқығын кеңейту үшін белсенді күрес басталды. Демократиялық процестердің даму барысында көрнекті рөл атқарған 1989 ж. наурыз айында өткен КСРО халық депутаттарының I съезі болды. Осы съезге Г.В. Колбин одақтық халық бақылау комитетітінің төрағасы болып тағайындалып, Мәскеуге кетті. Оның орнына осы жылғы шілдеде Н.Ә. Назарбаев сайланды.

Нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының қорытындысы бойынша Қазақстанда қалалық және аудандық Кеңестерге кандидаттар бөлек-бөлек сайланды.

Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осыдан көп кешікпей-ақ орталықтағы сияқты біздің республикамызда да президенттік қызмет енгізілді. Сөйтіп, 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады. Н.Ә. Назарбаевтың президент болып сайлануы республикада саяси-экномикалық мәселелерді шешуде жаңа идеялардың өрістеуіне ықпалын тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда елді басқару ісіне көптеген жаңалықтар, халық шаруашылығын басқарудың барлық сатыларында сапалы жаңа өзгерістер енгізілді. Республика Жоғары Кеңесі 1986 ж.17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнайы комиссия құрды.

1990 және 1991 жылдары еліміздегі басты мәселелрдің бірі жаңа Одақтық келісімге қол қою болды. Жаңа келісім шартқа 1991 жылы 20 тамызда қол қою көзделген еді. 1991 жылы тамыздың 19-ы мен 21-і арасында Кеңестер Одағында әскери төңкеріс әрекеті жасалды. Төңкерісті ұйымдастырушылар Г.Янаев, О. Бакланов, В.Павлов елде төтенше комитет құрды. Олар ел Президенті М.С.Горбачевті үш тәулік бойы Форостағы демалыс үйінде қамауда ұстап, өз еркімен Президенттік өкілдігінен бас тартуды талап еткен. Сонымен бір мезгілде, 19-20 күндері әскери бөлімдер күшімен Россия жоғарғы Кеңесінің үйін басып алуға бірнеше рет әрекет жасады. Ельцин бастаған Россия басшыларын халық қолдады. Соның нәтижесінде төңкерісшілер Ақ үйді басып ала алмады.

Бұл күндері Қазақстанда жағдай бір қалыпты болды. 20 тамызда Н.Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап, төтенше комитетінің іс-әрекеттерінің ешқандай заңға, Конститутцияға сәйкес келмейтінін ашық айтты. Осы оқиғадан кейін Одақтық шартқа басқаша көзқарас туды. Бұл оқиға Одақтың ыдыруын шапшаңдатты. 1991 жылы 8 желтоқсанда Белоруссияда Россия, Белоруссия, Украина басшылары тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімге қол қойды. Сонымен бірге 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда тоғыз мемлекеттен тұратын тәуелсіз мемлекеттер достығы құрылды. Алматы кездесуінде КСРО-ның ыдырап, ТМД-ның құрылғаны туралы туралы Декларация қабылданды.

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.

Қайта құру жылдарындағы Қазақстандағы елеулі оқиғаның бірі Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды. Халықтың, әсіресе жастардың көтерілуіне 1964 жылдан 1986 жылға дейін үздіксіз басқарған Дінмұхамед Қонаевтың зейнетті демалысқа шығып, оның орнына Қазақстанға белгісіз ресейдің Ульяновск облысын басқарған Колбинді тағайындалуы түрткі болды. Сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйе қазақ халқының мүддесін ескермеді, онымен санаспады. 17 желтоқсан күні жастар алаңға қолдарына плакаттар алып, бейбіт демонстрацияға шықты. Ол плакаттарда «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек» Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін деген сияқты ұрандар жазылған еді. Ешкіммен ақылдаспай командалық әдіспен шешуді үйренген сол кездегі империялық жүйе демонстрацияны күштеп қуып таратты.

Демонстрацияларға қатысушылардың саны американдық Хельсинки тобының дерекетері бойынша 30- мыңға жеткен. Демонстрацияны қуып тарату үшін 50 мың әскери адамдар, 20 мың милиционерлер, 16 мың жасақшылар жұмылдырылады.

Колбин бастаған топ өздерінің арсыз қылықтарын жабу үшін демонстрацияға қатысқандарға «балалар бақшасын қиратты», «балалар әлемін талқандады» деген жалған ақпарат таратып, жала жапты.

Желтоқсан көтерілісін зерттеу үшін М.Шаханов бастаған қазақ КСР жоғары Кеңес комиссиясы құрылды. Бұл комиссияның анықтағанындай ішкі істер минстірлігі -2236, мемлекет қауіпсіздігі комитеті-2212,прокуратура-2401 адам ұстаған. Жалпы 8500 адам ұсталған. 99 адам әр түрлі мерзімге сотталған. Екі адам Қ.Рысқұлбеков пен М.Әбдіқұлов ату жазасына кесілді.

Артынан кешірім жарияланып Қ.Рысқұлбековтың жазасы 20 жылға, М.Әбдіқұловтың жазасы 15 жылға ауыстырылды. Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Спатаев сынды жастар желтоқсан көтерілісі салдарынан қаза тапты.

Желтоқсан көтерілісі күшпен басылғаннан кейін қазақ жастарын қуғындау басталды. 264 адам жоғарғы оқу орнынан шығарылды. Жоғарғы оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Жалпы 90 мыңға жуық қазақ жастары басқа аймақтарға кетуге мәжбүр болды.

Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы бас көтеруінінің түрі ұлттық болғанымен мазмұны ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соны ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Бұл ереуіл саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік (Экстемист-шектен шыққан көзқарастары жақтаушы) пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Өмір сүріп тұрған жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды.



1986 жылғы КОКП ортылық комитетінің 25 желтоқсандағы мәжілісінде қазақ жастарының демократиялық бой көрсетуі «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланды. Тек үш жылдан кейін ғана 1989 жылы Қазақстан жоғарғы Кеңес бұл бағаны айыптап, қазақ жастарының қозғалысын демократиялық қозғалыс деп әділ бағасын береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет