Реферат Орындаған: Даукен Ғарифолла штқ-111 Қазақстанда волейболдың дамуы



Дата07.02.2022
өлшемі264,06 Kb.
#97174
түріРеферат
Байланысты:
Волейболдың Қазақстанда дамуы Рубежка


«Жетісу» университеті
Реферат
Орындаған:Даукен Ғарифолла
ШТҚ-111
Қазақстанда волейболдың дамуы
Қазақстан волейбол тарихында алғаш рет КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған Октябрь Қыдырбай ұлы Жарылқапов. Оның шәкірті Заңғар Жаркешов жетекшілік еткен Қазақстанның “Буревестник” командасы 1969 жылы КСРО –ның чемпионы, 1970-1971 жылдары волейболдан Европа кубогын жеңіп алды.

Қазақ волейболшылары В.Кравченко, Жәнібек Саурамбаев, Олег Антропов – олимпиадалық, әлем, европа және КСРО чемпиондары.

Әйел волейболшылар табысы да ауыз толтырып айтарлық. Алматыдағы Үй құрылысы комбинаты командасы 1984-1992 жылдар аралығында КСРО-ның чемпионы атанды. Ал 1985 жылы Қазақстандық волейболшы қыздар Италияда өткен европа кубогін жеңіп алды.
Алматының “Азамат” атты ерлер командасы 1993 жылы клубтық командалар арасында Азия чемпионы атанды. Ал 2001 жылғы қыздар арасында Республика біріншілігі 2001 жылдың сәуір айында аяқталды. Барлық турда қарсыластарын қапы қалдырған Алматының “Рахаты” ел чемпионы атағын жеңіп алды.

Волейбол – біздің халқымыз арасында ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын.

Волейбол ойынына тән ерекшелік – оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз.жеке тұлғаның жан – жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды


Қазақстан құрамасының базалық клубы болып саналатын “Рахаттық” арулар 2001 жылғы 16-20 мамырда Вьетнам Республикасында өтетін клубтық командалар арасындағы Азия біріншілігінде ел намысын қорғады. Команданың бапкері – Қазақстандағы волейбол ойынының бұрынғы майталманы В.Шаприн. бұл командамен қатар еліміздің абройын халықаралық жарыстарда асқақтатуға атсалысар командалар да бар. Олар – Алматылық “Глотур”, Ақсай қаласынан “Қарашығанақ”, Астана қаласынан “Астана қанаты” атты волейбол спорт ойынының жұлдыздары.

Қазіргі Қазақстан Республикасының волейболшы қыздары кіндік Азиядағы ең азулы ойыншылар қатарында. Мемлекетіміздің намысын қорғаушылар дайындауда жетекші тұлғалар бапкерлер екендігі белгілі, бірақ сол ұлағатты ұстаздардың өздері үшін де үздіксіз іздену, үйрете отырып кемелдену бұл өмір заңы екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да авторлар бұл әдістемелік оқу – құралын болашақ спорт мамандары мен жас бапкерлер үшін қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуды ниет еткен.



Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.


Қазақ волейболының атасы деп - Октябрь Жарылғаповты танимыз, ол 1969 жылы КСРО чемпионы атанып, 1970-1971 жылдары Еуропа чемпиондарының кубогын жеңіп алған. Алматының “Буревестник” ерлер командасының негізін қалады. Октябрь Жарылғапов – қазақтың доп өнерінде несібесінің мол екенін әлем деңгейінде дәлелдеген біртуар бапкер.

Жас спортшыларға волейбол ойынын үйретуде О.Жарылғаповтың әдістемелік нұсқауларын көптеп пайдаланамыз. Ойынның негізгі ережелерін, әдіс-тәсілдерін түсіндіруде ақпараттық-технологияларды енгізу күнделікті ісімізге айналып отыр. Волейбол ойынының шарттарын меңгертуде ақпараттық - технологияларды қолданудың маңызы зор




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет