Дістемелік кешен


Алтын орданың құрылуы және нығаюы



бет64/87
Дата21.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#192722
түріРеферат
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   87
Байланысты:
Дістемелік кешен

Алтын орданың құрылуы және нығаюы
Жаулап алу жорықтарының нәтижесінде Шыңғыс хан негізін қалаған Монғол империясының батысында оның құрамына енетін үш ұлыс қалыптасты. Олар біраз уақыт монғолдардың Қарақорымдағы ұлы ханына тәуелді болып келіп, кейіннен дербес мемлекеттерге айналып кетті. Шыңғыс хан құрған Монғол империясының құрамындағы батыс үш ұлыстың бөлінуі оның ыдырай бастауына басы болды.
Шыңғыс ханның екінші ұлы – Шағатайдың ұлысына Орта Азиядағы Жетісу мен Мауараннаһр жерлері енді. Қазіргі Түркменияның,Иранның,Закавказье мен Ефратқа дейінгі Таяу Шығыс аймақтары Шыңғыс ханның немересі Хулагудың ұлысы 1265 жылы дербес мемлекет болып бөлініп шықты.
Монғолдардың батыстағы ең үлкен ұлысы Жошы (Шыңғыс ханың үлкен ұлы) ұрпақтарының ұлысы болды. Оның құрамына Батыс Сібір (Ертістен бастап), Орта Азиядағы Солтүстік Хорезм, Жайық бойы, Орта және Төменгі Еділ бойы, Солтүстік Кавказ, Қырым, Ертістен бастап Дунайдың сағасына дейінгі далалық кеңістіктердегі қыпшақтардың және басқа да көшпелі түркі халықтарының жерлері енді. Жошы ұлысының шығыс жақ бөлігі (Батыс Сібір) Жошының үлкен ұлы Орда-Еженнің Ордасына (үлесіне) айналып, кейіннен ол Көк Орда деп аталды. Ұлыстың батыс жақ бөлігі Жошының екінші ұлы Батыйдың үлесіне тиді, ол орыстың жылнамаларында Алтын ОРда деген атпен мәлім.
Бұл мемлекеттердің негізгі жерлері монғолдар жаулап алған, табиғаты көшпелі мал шаруашылығы үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы, Каспий және Солтүстік Қара теңіз бойындағы жерлерде тоқыраушылықта дамыған егін шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығымен алмастырыла бастады, сонымен бірге мұндағы елдің қоғамдық – саяси және мемлекеттік құрылысы анағұрлым көне формаларға қайта оралды.
Алтын Орда Батый Еуропаға жорық жасап қайтқаннан кейін-1243 жылы құрылды. Оның алғашқы астанасы 1254 ж Еділ бойында салынған Сарай-Батый қаласы болды. Алтын Орданың дербес мемлекетке айналуы үшінші хан Мөңке-Темірдің тұсында (1266-1282 жж) хан аты жазылған ақша соғып шығару арқылы орнықты. Ол өлгеннен кейін Алтын Ордада ішкі феодалдық соғыс өрті тұтанып, көшпелі аристократия өкілдерінің бірі – Ноғай алға шықты . Осы феодалдық соғыстың нәтижесінде алтын ордалық аристократияның ислам дінін ұстанған және қаланың сауда топтарымен байланысты болған бөлігі жеңіске жетті. Олар Мөңке-Темірдің немересі Өзбекті таққа отырғызды (1312-1342ж.) .
Өзбектің тұсында Алтын Орда ғасырлық аса ірі мемлекеттердің біріне айналды. Өзбек хандық құрған бүкіл 30 жыл бойы ол билік тізгінін өз қолына берік ұстап, бағыныштыларының дербестікке талпыну ниеттерін аяусыз басып тастап отырды. Жошы ұрпағының көп санды ұлыстарындағы ханзадалар , оның ішінде Көк Орданың билеушілері де Өзбектің талаптарын екі айтқызбай орындап жүрді. Өзбектің қолында 300 мыңға дейін жауынгер болды. ХІY ғасырдың 20 жылдарында Алтын Ордалықтардың Литваға жасаған бірнеше шапқыншылық жорықтары литвалықтардың шығысқа жылжуын уақытша тоқтатып тастады. Өзбектің тұсында Алтын Орданың Руське жүргізген билігі бұрынғыдан да күшейе түсті.
Алтын Орда алғаш құрылғанда оның мемлекеттік құрылысы тым қарапайым еді. Ол Батыйдың аға-інілері немесе жергілікті әулеттердің өкілдері басқарған жартылай дербес ұлыстарға бөлінген. Бұл бағынышты ұлыстардың хан әкімшілігімен байланысты тым әлсіз болған еді. Кейіндеп Алтын Орданың тұтастығы аяусыз жазалауға негізделді. Басқыншылардың негізгі ұйытқысы болған монғолдар көп кешікпей өздері жаулап алған түркі тілдес халықтардың , ең алдымен қыпшақтардың қалың ортасында қалды. ХІІІ ғасырдың аяғына қара ймонғолдардың қатарындағы қалың бұқарасын былай қойғанда , олардың көшпелі ақсүйектерінің түркіленгендігі сонша, тіпті қыпшақ тілі монғол тілін ресми құжаттардың өзінен ығыстырып шығарды.
Мемлекетті басқару төрт әмірден құрылған Диванның қолында болды. Жергілікті жерлерді басқару тікелей Диванға бағынышты жергілікті әкімдердің қолына берілді.
Басыбайлы адамдарды, көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде монғолдардң көшпелі ақсүйектері орасан кең жерлердің, өте көп мал мен басқа да байлықтардың иелеріне айналды. ХІV ғасырда араб жазушы Ибн Баттута олардың табысын 200 мың динарға , яғни 100 мың сомға дейін жетеді дейді.
Салық бастапқы кезде заттай жиналды, кейіндеп ақшамен (күміспен) ауыстырылды. Қаладағы және ауылдағы әрбір шаруашылыққа салынатфн алым-салықтың белгілі бір өлшемі болды. Тұрақты берілетін алымның ауыртпалығы хандардың жиі-жиі қосымша ірі сомалар («сұратулар» деп аталатын) жіберіп тұру жөніндегі талаптарымен күшейе түсті. Сауданың баж салығынан алынатын жарнасы да хандардың пайдасына түсіп отырды. Жәмшік және көлік борышы, жолаушы жүрген ордалық шендегілер мен олардың нөкерлерінің «күнкөрісі» де шаруалардың иығына түскен үлкен ауыртпалықтар еді. Хандар алым жинауды толығымен мұсылман көпестерінің («бес-ермендердің») билігіне берді. Ал олар халыққа өз ойларынан шығарған қосымша салық салды, шаруалар мен қала тұрғындарын өсімқорлықтың шырмауына түсіріп, қарызды төлеуге шамасы жоқтарды шығыстық базарларда құлдыққа сатты.
ХІІІ ғасырдың аяғында орыс жерлерінен салық жинау князьдарына тапсырылды да, орыс қалаларындағы өкілдер кері шақырылып алынды. Бұл Орданың орыс жерлерінің ішкі саяси өміріне тікелей араласу мүмкіндігінен айырды. Русьтің мемлкеттік саяси бірлігі үшін болған күрестің үлкен маңызы болды.
Жеке князьдардың күшеюіне жол бергісі келмеген Алтын Орда хандары орыс жерлерініңбөлшектелуі және князьдардың арасындағы қырқыстың өрси түсуі үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Хандар тіл алғыш князьдерді Ордаға қауіпті және жақпаған князьдармен қақтығыстырып, соңғыларды хан ордасында өлтіру немесе жазалаушы әскерлер жіберу арқылы құртып отырды. Хандар жарлық беруді князьдардың арасындағы күндестік пен сауда объектісіне, оларға саяси қысым жасау құралына айналдырып, «тақты» мұра етудің Русьте қалыптасқан тәртібін әдейі бұзып, Руське тонаушылық шабуыл жасау сылтауы ретінде князьдардың қырқыстарына араласып отырды. Көп жағдайда орыс князьдерінің өздері бұрын қыпшақтарды «қақтығыс-тырғандай» өз бақталастарымен күресте олармен Алтын Орда әскерлерін «қақтығыстырып» жүрді.
Алтын Ордаға қарасты елдерден Русьтің бір айырмашылығы – ол өзінің мемлекеттігін сақтап қалды. Русьтің Алтын Орда хандарына тәуелділігі ең алдымен орыс халқының басқыншыларға беріп тұруға мәжбүр етілген ауыр алымда еді.
Русьтің әскери мүмкіндіктеріне және орыс халқының өз ұлттық мемлекеттігін қорғап қалуға әзір екеніне көзі жеткен монғол-татарлар Русьті тікелей Алтын Орданың құрамына қосудан және орыс жерлерінде өз әкімшілігін жүргізуден бас тартты.
1243 жылы Батыйдың ордасына Сить өзеніндң қаза болған Владимирдің ұлы князы Юрий Всеволодовичтің бауыры Ярослав шақыртылып, ол Ордаға бағынышты екенін ресми түрде мойындағаннан кейін хан оны Солтүстік-Шығыс Русьтің «ең үлкен» князы деп танып, оған Владимирде ұлы князьдық құруға жарлық береді. Ярославтың ізінше басқа да орыс князьдары Ордаға келіп, ханға бағынышты екенін тайға таңба басқандай етіп көрсететін жарлықтар алып қайтты.
Өз князьдықтарында билік жүргізуді князьдар өз қолдарына беріп, олардың бағыныштылық сипаттағы іс-әрекеттерін бақылап отыруға өкілдер жіберумен шектелді. Өкілдердің міндеті князьдардың іс-әрекеттеріне қатаң бақылау жасау болды. Өкілдердің жеткізуі бойынша «жазықты» болған князьдар Ордаға шақырылатын немесе олардың жерлеріне жазалаушы әскер жіберетін. Қалай болғанда да Русь өз мемлекеттігін сақтап қалды, орыс халқына монғол-татарлар жағынан ассимилияция қаупі төнбеді. Монғолдар орыс халқына өзінің тілі мен мәдениетін таңа алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет