Ақ Орданың құрылуы. Оның аумағы



Дата27.02.2020
өлшемі21,21 Kb.
#59153
Байланысты:
Қазақстан тарихы 6 сынып XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан Ақ Орда Дидактикалық материал 4-сабақ

Қосымша 1

Ақ Орданың құрылуы. Оның аумағы.

ХІІІ ғасыр мен ХV ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда  мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған этностық негізде құрылған бірінші ірі мемлекет.Шығыс Дешті Қыпшақ, Солтүстік-Шығыс Жетісу, Ертіс өңірі алғашқыда Жошының үлкен ұлы Орда Ежен ұлысына қарады және Көк Орда деп аталды. Ал Жайық, Ырғыз,Тобыл, Сарысу өзендері бойындағы иеліктер, Арал өңірі далалары, Сырдарияның төменгі ағысы Жошының басқа баласы — Шайбани ұлысы құрамына еніп, Ақ Орда деп аталынды. Бұрынғы Қыпшақ хандығының жері Ақ Орданың негізгі аумағын құрады.Аумағы батыста Жайықтан шығыста Ертіске дейін, оңтүстікте Сырдарияның орта ағысы, Арал бойынан солтүстікте Батыс Сібір ойпатына дейін.Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІV ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХVІІ ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. Астанасы Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Ақ Ордада қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген халықтардан басқа наймандар, арғындар, үйсіндер, қарлұқтар, т.б. мекендеді.

Қосымша 2
Ақ Орданың қоғамдық құрылысы

Ақ Орданың тұрғындары негізінен көшпелілер және отырықшылар болып бөлінді. Отырықшы аудандарда шартты жер иелену және меншік түрлері болды. Көшпелі аудандарда жер ортақ меншік болып есептелінді, малға жеке меншік орнады. Малдың көбі ақсүйектердің қолында шоғырлануы, оларды жайылымдық жерлердің қожасына айналдырды. Қарапайым егіншілер мен көшпелілердің еңбегі пайдаланылды. Еңбекші халық хандар мен ақсүйектерге алым-салық төледі, әр түрлі міндеткерлер атқарды.

Мемлекет басында Орда Еженнің ұрпағынан шыққан хан отырды. Жошы ұрпағынан тараған үлесті жер иелерін оғландар деп атады. Өз қол астындағы халыққа әкімшілік-саяси билігін жүргізетін ірі көшпелі ақсүйектерді бектер, әмірлер, бахадүрлер деп атады. Олар оғландарға бағынышты болды.

Қосымша 3



Ақ Орда хандарының саясаты

Орда Ежен хан (туылған жылы белгісіз – 1253 жылы дүниеден озған) – Ақ Орданың негізін қалаған хан (1226 – 1253), қолбасшы Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның үлкен ұлы, қазақ хандарының арғы атасы. Орда Ежен 1236 – 1242 жылымоңғолдардың батысқа жасаған барлық жорықтарына белсене қатысты. Жошы ұлысы екі қанатқа бөлінгенде сол қанатын Орда Ежен, оң қанатын Бату хан басқарған.

Ерзен хан (Ибисан) — АқОрданың ханы. СасыБұқаханның ұлы. Ол  Отырар, Сауран, Жент, Баршынкенттегі көптеген медреселерді, мешіттерді, т.б. қайырымдылық үйлерін салдырды. Әділдігі мен мейірімділігі арқасында ол бүкіл Түркістан өңірін гүлдендірді. Күштілер әлсіздерге қысымшылық жасамады, жастар жасы ұлғайғандарға сый-құрмет көрсетуден ауытқымады. Ерзен хан билік еткен тұстағы халықтардың қауіпсіздігі сақталды, мемлекет ерекше гүлденді.

Мүбәрәк Қожа хан (т.ж.б. – 1345) – Ақ Орда ханы (1337/39 – 1340/41). Шыңғыс хан әулетіненшыққан, Орда Еженнің ұрпағы,Ерзенханның ұлы. Ол Ақ Орда хандарының ішінде бірінші болып өз иелігін Алтын Орда хандарынан тәуелсіз деп жариялап, 1337–38 жылы Сығанақта өз атынан күміс ақша соқтырды.

Ұрыс хан - 1361-1376 жылдары билік еткен Ақ Орданың ханы.Ұрыс ханныңбилігі кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсындаедәуірнығаяды. Әйгілітарихшы ҚадырғалиЖалайырдың айтуыншаОрыс хан өззаманыныңқуатты да құдіретті, батылбилеушісіболған.Олеңалдымен АқОрданың саяситәуелсіздігіннығайтуғамейліншекүшжұмсады. Оныңсыртқысаясатынегізінен ӘмірТемірдің шапқыншылықжорығынатойтарысберугебағытталды. Ал ішкісаясаты АқОрданың экономикасынөркендетіп, мемлекеттікқуатынарттырудыкөздеді, олеңалдыменСырдарияалқабындағыотырықшыегіншіаймақтардыңегіншаруашылығынөркендетугежәне осы өңірдегішаруашылық, мәдениеторталығыболғанқалалардыкөркейтуге баса мәнберді.

Барақ хан1423-1428 жылдары билік құрған АқОрданың ең беделді хандарыныңбіріболды. Ол Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алу үшін Әмір Темірдің ұрпақтарымен күрес жүргізді. Барақ-Ақ Орданың соңғы ханы.

Ақ Орданың ыдырауы.

ХІV ғ. аяғы – ХV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар. 1428 жылы Барақ хан қайтыс болып, Ақ Орда мемлекеті ыдырайды, оның орнына Шайбанилер ұрпақтары билеген Әбілқайыр хандығы құрылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет