Лилиопсидтер класы. Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы Сағат саны 1



бет1/2
Дата18.05.2022
өлшемі20,49 Kb.
#143652
  1   2
Байланысты:
БЖН лек 15 2


Дәріс 15
Тақырыбы Лилиопсидтер класы. Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Қабыршақты гүлдер қатарлар тобына жалпы сипаттама.
2. Қияқөлеңдер тұқымдасының жүйеленуі.
3. Қоңырбастар тұқымдасының жүйеленуі.

Қабыршақты гүлдер қатарлар тобына Қияқөлеңдер тұқымдасы мен Қоңырбастар тұқымдасы жатады. Әр тұқымдастың биологиялық жүйелеудегі орны ерекше.


Қиякөлеңгүлділер қатары- Cyperalеs
Қиякөлеңдер (Осокалар) тұқымдасы- Cyperaceae
Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Бұлар ұзын немесе қысқа, симподиальды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер- шымдар (кусты-дернины) немесе шоқалақтар түзетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер болып келеді. Дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған. Көптеген түрлері тропикалық елдерде өседі. Қоңыржай және салқын климатты белдеулерде кейбір түрлерінің особьтарының саны көп болады және өсімдіктер жабынының әсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды компоненттері болып табылады.
Қияқөлең туысы (Осока). Жабық тұқымдылардың ішіңдегі өзгергіш туыстардың бірі. Түрлерінің жалпы саны 1,5 мың, БОР-дың флорасыңда 400, ал Қазақстанда 94. Тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Көптеген түрлері солтүстік еңдіктің, солтүстік облыстарыңда кең таралған, мысалы шектамырлы қияқөлең, боз қияқөлең және т.б. Батпақты жерлердің өсімдіктер қауымдастықтарының негізгі компоненттеріне торсылдақ қияқөлең (осока пузырчатая), үрме қияқөлең (осока вздутая), қос аталықты қияқөлең (осока двухтычиночная), жағалық қияқөлең (осока береговая).
Шалғыңды жерлерде қияқөлеңдердің мына түрлері жиі өседі: үшкір қияқөлең (осока острая), түлкі қияқөлең (осока лисья), қоян қияқөлең (осока заячья), қосқатар қияқөлең (осока двурядная), түпті қияқөлең (осока дернистая) және т.б. Батпаққа ауысатын ылғалды шалғындарда тік қияқөлең (осока стройная), жағалық қияқөлең (осока береговая) және т.б. өседі.
Шөлейтті аймақтың өсімдіктер қауымдастықтарында аласа қияқөлең (осока низкая) ормандарда-орман қияқөлеңі (осока лесная), жұлдызша қияқөлең (осока звездчатая), тау қияқөлеңі (осока горная), түкті қиякөлең (осока волосистая) ерекше басым болып келеді.
Құрғақ жерлердің шөлейттің, шөлдің сонымен бірге көптеген таулы аудандардың қияқөлеңдері жайылымдарда өзінің жұғымдылығы және желінуі жағынан астық тұқымдасынан онша кем түспейтін өсімдіктер. Ылғалды және батпақты жерлердің қиякөлеңдерінің жапырақтары сояуланған болып келеді, сондықтанда оларды малдар нашар жейді. Қиякөлеңдерді жылжымалы құмдарды бекітуге, сонымен бірге оларды сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді.
Келтебас туысы (болотница-Eleocharis). Өзгергіш туыс, жершарының барлық құрлықтарыңда кең таралған, 80-нен астам түрлері бар. БОР-дың территориясында 25 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Олар негізінен ылғалды шалғындарда, көлшіктердің жағасыңда, батпақты жерлерде, сонымен бірге таулардың субальпі белдеуінің шалғындарында өседі. Негізгі өкілі бесгүлді келтебас (болотница пятицветковая).
Өлеңшөп туысы (қамыш-Scirpus). Дүниежүзінің барлық құрылықтарыңда, әсіресе тропикалық және субтропикалық зоналарда кең таралған 400-дей түрі бар. БОР-дың территориясыңда 19 түрі, Қазақстаңда 3 түрі кездеседі. Көпжылдық тамырсабақты немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер, көп жағдайда өзендер мен көлдердің жағалауларында, суда және батпақты жерлерде өседі. Өкілдеріне қара өлеңшөп (камыш озерный-) пен орман өлеңшөбі (камыш лесной) жатады. Бұлардың екеуіде жем-шөптік өсімдіктер.
Сәлемшөп туысы (сыть Сyperus). Бұл туыстың БОР-дың территориясының негізінен оңтүстік облыстарда өсетін 14 түрі, Қазақстанда 7 түрі белгілі. Аса маңызды түрінің бірі тамақтық сәлемшөп (сыть съедовная или чуфа — С.esculentus). Оның тамырында тамаққа пайдаланатын тәтті түйнектер түзіледі; сондықтанда бұл түрді субтропиктерде арнайы себеді. Папирус (С. papirus) тропикалық Африка мен Сицилияның өсімдігі, ерте кездерде папирустан қағаз жасаған.
Қоңырбасгүлділер қатары. Қоңырбастар(Poaсeae) тұқымдасы
Астық немесе Қоңырбастар тұқымдасы даражарнақтылар класындағы түрге өте бай, әрі кең тараған өсімдіктер. Қазақстанда 83 туысы, 418 түрі кездеседі. Түрінің көптігі, халық шарушылығындағы ұшан-теңіз маңызы астық тұқымдастарды біздің елімізде бірнеше орынға қояды.
Бұлардың көпшілігі бір, көп жылдық шөптесін өсімдіктер, вегетативтік органдары да, гүл шоғыры да және гүл құрылысы да ерекше. Сабақтары қуыс өзекті сабақ. Жапырақтары таспа тәрізді, өніне қарағанда ұзындығы әлдеқайда ұзын болатын қынапты жапырақтар. Кейбір түрлерінде жапырақ тақтасы мен қынаптың аралығында тілшесі болады. Бұл систематикалық белгі. Гүл шоғырлары әр түрлі: күрделі масақ, шашақтас гүл, собық гүл т.б.
Жабайы өсетін астық тұқымдастары жел арқылы тозаңданады. Мәдени дақылдар - өздігінен тозаңданады да, олардан гүлі тіпті онша ашылмайды. Жемісі дәнек, эндоспермді. Бұл тұқымдастың кең тараған өкілдері: бидай, қарабидай, арпа, сұлы , тары , күріш, жүгері, мал азықтық туыстарына атқонақ , түлкіқұйрық, арпабас, тарғақшөп , қоңырбас, бидайық .
Бамбук тәрізділер тұқымдас тармағы. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда шоғырланған 600-дей түрі бар.Тамырсабақты ағаштанған өсімдік. Негізгі таралған жерлерінде, бамбуктер биіктігі 40 м дейін баратын, үлкен өсімдіктер. Бамбуктердің практикалық маңызы аса зор, әсіресе құрылыс жұмыстарына және әртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланады (су жүретін трубалар, көптеген тұрмыстық бұйымдар), сонымен бірге көкөніс ретінде тамаққа пайдаланады. Бамбуктерді әдетте тамырсабақтарымен оңай көбейтеді. Олар тез өсуге қабілетті. Қолайлы жағдайда 4-6 аптаның ішінде кейбір түрлері 15-20м биіктікке дейін жетеді. Грузияның батысында бамбуктердің филлострахис және арундинария туыстарының түрлерін себеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет