Орындаған:Даулетхан Әсет
Топ: ВС-903
Халықаралық ветеринариялық ұйымдар Ауқымды халықаралық экономикалық байланыстар ветеринария саласында да халықаралық байланыстардың дамуын талап етеді. Бұл үшін біздің еліміздің ветеринариялық қызметі Бүкіл әлемдік ветеринариялық ассоциацияның (ВВА), Халықаралық жануарларды қорғау ұйымы (бұрын ХЭБ), сонымен қатар Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және малшаруашылығы мәселелері бойынша бөлімімен (ФАО) және басқа да халықаралық ұйымдармен, ғылыми ұжымдармен қызу қарым-қатынаста жұмыс жасаулары керек.Бүкіл әлемдік ветеринариялық ассоциацияның (БВА) – үкіметтік емес халықаралық ұйым, оның штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан. БВА – бұл ертеден келе жатқан үкіметке тәуелді емес кәсіби халықаралық ұйым.Ветеринариялық медицина тарихындағы бірінші халықаралық конгресс 1863 жылдың 14-18 шілдесінде Гамбург қ. өтті. Бұл конгресте осындай кеңестерді үнемі өткізіп отыру шешімі қабылданды. Комитет Ресми түрде БВА 1962 ж. қатысушы-елдердің Тұрақты Комитетінің өкілдері бекіткен. Оның Конституциясы мен Бүкіл әлемдік ассоциация Ережелері қабылданды. Конституция 32 баптан тұрады, ал Ережелеріне 54 параграф енгізілген. Бұл нұсқамалық құжаттарда БВА басты мақсат, міндеттері, ұйымдастырымдық құрылымы, елдердің және жекелеген ветеринариялық дәрігерлер ассоциацияларының мүшелігі, мүшелік жарналарды төлеу тәртібі, халықаралық ветеринариялық конгрестер өткізуі мен өзге де қызметтік қарекеттері анықталынып, көрсетілген.ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңына таман БВА 52 ел мен түрлі ветеринариячлық мамандықтар бойынша 12 ассоциацияларды біріктірді.Бұл ассоциациялардың мақсаты – тиісті саладағы зерттеулерді дамыту, белсенді түрде ақпараттық, материпалдық алмасулар жасасу, кеңестер конференциялар өткізіп отыру. Олар Бүкіл әлемдік ветеринариялық ассоциацияның ассоцирленген мүшелері болуына орай БВА тығыз байланыста қызмет жасайды.БВА негізін Тұрақты комитет құрайды, ол өз алдына тұрақты өкілдер – БВА мүше елдердің өкілдерінен құралады.Тұрақты комитет мәжілістері аралығындағы кезеңдері атқарушы билік орындарының қызметі бюроға жүктелінді, оның штатына Президент және бірнеше вице-президент, қазынашы-хатшы, оның орынбасары кіреді.БВА басты міндеттері: ұлттық ветеринариялық ассоциациялар арасындағы байланыстарды үнемі кеңейтіп отыру; бүкіл әлемдік ветеринариялық конгрестер ұйымдастырып, өткізу; баспалық ақпараттармен, ветеринария туралы кинофильмдермен алмасу; ветеринариялық білім беру ісін жетілдіріп отыруға ықпал ету, ветеринариялық мамандықтардың әлеуметтік жағдайларының нығаюы үшін жағдайлар жасау; мақсаттары ассоциация мақсаттарымен сабақтасатын ұйымдармен қарым-қатынас орнату.Ассоциацияны президент басқарады, оның көмекшілерін вице-президенттер, қазынашы-хатшы, әкімшілік директор, Тұрақты комитет мүшелері құрайды, Тұрақты комитет жыл сайын мамыр айында Париж қаласына шақыртылып отырады.БВА өзге ірі халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастық орнатқан.БВА халықаралық ветеринариялық конгрестері 4 жылда бір рет өткізіледі. Халықаралық конгрестерді ұйымдастыру ісімен Халықаралық ветеринариялық конгрестердің Тұрақты комитеті айналысады.
Бірінші халықаралық конгресс Гамбург қ. (Германия) 1863 ж 14 шілдесінде ашылды. Конгресс жұмысына Германия, Англия, Ресей, Швеция, Швейцария, Дания, Норвегия және Австрия елдерінен 101 делегат қатысты. Бірінші ветеринариялық конгрестің басты мақсаты – жануарлардың өлім тудыратын ауруларының этиологияларын, таралу себептерін жылдам анықтау және олардың алдын алу болатын.Жиырма бірінші конгресс Мәскеу қ. 1979 ж. өткізілді. Конгресс жұмысына 69 елден 4418 адам қатысты, оған сонымен қатар ФАО, БДҰ, ХЭБ, МАЖ т.б. халықаралық ұйымдардан бақылаушылар да қатысты. Конгресс жұмысы Кремль сьездер сарайында өтті.Конгресс жұмысы барысында алғаш рет Қазақстан елінің ғалымдары мен практика мамандары қатысты. Делегацияны Қазақ КСРО АШМ ветеринария басты басқармасының басшысы Н.Ж.Жанұзақов басқарып барды, ол конгресс президиумы құрамына кірді. Конгреспен бірмезгілде Мәскеу қ. 3-14 шілде аралығында мамандандырылған «Ветеринария-79» халықаралық көрмесі өткізілді, оның жұмысына 20 елден келген 68 шетелдік фирмалар қатысты.
Қазақстан Республикасында 1990 ж сәуір айында Қазақ республикалық ветеринариялық ассоциациясы құрылды, ол өз қатарына 20 мыңнан астам ветеринар мамандарын біріктірді. Құрылтайшылық конференцияда ассоциация Жарғысы қабылданды, құрамында 35 адам бар ассоциация басшылығы құрылды, ассоциация президиумы 11 адамнан тұрады.Қазақ ветеринариялық ассоциациясы, бұл - ерікті, дербес, ведомствалық емес ұйым, ол жарғы мен Қазақстан Республикасы заңдары ветеринария мәселелеріне, республиканың жануар аурулары бойынша тұрақты саулығын қамтамасыз ету, қоғамның ветеринариялық ғылым мен практика турасындағы оң пікірін қалыптастыру негізінде бірегей жалпы республикалық ауқымда әрекет етеді.Халықаралық эпизоотиялық қызмет 1924 жылы 28 мемлекет өкілдерінің ат салысуымен құрылған, Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) орнығу орны Париж қ. болған.Бюро тұрақты комитеттің басшылығы мен бақылауында қызмет етеді, ол келісімге келген үкіметтердің өкілдерінен құралған. Оның құрамы мен міндеттері жарғы арөқылы анықталынған. ХЭБ ұстап тұруға қажетте қорды келісімге келген мемлекеттер құрайды. КСРО осы ХЭБ бойынша халықаралық келісімге 1927 қосылған.ХЭБ әр елдердегі ветеринариялық қызметтің басқару органдарымен байланыс құрған. Бюро тұрақты комитет пен оның әкімшілік комиссиясының басқаруында қызмет етеді, ол жыл сайынғы басты сессиялар арасындағы үзілістерде комитет атынан әрекет жасайды. Соңғы сессияларында 3 жылдық мерзімге ХЭБ төрағасы (президенті) мен әкімшілік комиссиясы сайланады. Қазіргі таңда ХЭБ мүше-елдер саны 110 асады.