Дістемелік кешен



бет81/87
Дата21.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#192722
түріРеферат
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   87
Байланысты:
Дістемелік кешен

Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер

27-28.Тақырыбы: Алтай түріктері. Алтайдағы қазақтар мен түріктер.


Мақсаты:
Жоспары:
1.Алтай түріктерінің шығу тарихы.
2.Алтайдағы қазақтар мен түріктер.
Түркі тектес халықтардан Аралық бұтаққа жататын 14 ел бар.Тұран халқының байырғы қоныстарында емін-еркін көшіп-қонған көшпелі, мал шаруашылығымен шұғылданған бұл халықтарды түркі тектес халық деп жазыпкелген-ді. Бұлардың ішінде ең әйгілісі қырғыздар. Қырғыздар туралы да тарихшылар Моңғолия үстіртінде Орхан өзені бойында әжептәуір дәуірлеп тұрған «Қырғыз ұлысын» тілге тиек етеді. Енисей қырғыздары, Тянь-Шань қырғыздарының тарихқа түсуі VI ғасыр мерзімін тұспалайды. Сол қырғыздармен қанаттас жүріп, аралас-құралас өсіп өнген түркі халықтарының Аралық бұтағына жататын хакастар, сахалар, алтайлықтар, тувалар, тофалар, шұлымдар, шорлар, саларлар, сары ұйғырлар, долғандар, чуваштар түріктенген моңғол тектілер ме, әлде моңғолыланған түркі тектілер ме? Бұл туралы күні бүгінге дейін аталмыш халықтардың тарихын зерттеушілер әртүрлі жазып, сызып келгендіктен жаңағы сұраққа жауап таба алмаймыз. Тіпті мұндаға дейін жоңғардың үрім-бұтағы болып өздерін ойрат әулетінен тарататын алтайлықтарды түркі тайпасы деп жазып жүрміз. Олай болса олардың тарихы жоңғардың Галдан Боршигтысынан Давашы Амарсанаға дейінгі Орта Азияға орны толмас қайғы-қасірет әкелген сұм заманның сұрапыл оқиғасын мадақтаумен машықтануда. Тіпті Галдан Бошигт пен Амарсаналар қайта туылып (Будда дінінің өсиеті бойынша) алтайлықтарды азат етеді деп көк тәңірге жалбарланып келгені аңыз-хикаяларында жыр болып жалғасады.
Алтайлықтарды моңғол халқы тұрғай тарихшылардың өзі жақсы біле бермейді. Ал,сол жоңғарлардан жапа шеккен қазақтар мен қырғыздар қаншалықты білген. Бұл арада тарихи құжаттарға жүгінейік.
Таулы Алтай аймағының негізгі халқы алтайлықтар саны 56 мың (1970). Түркі тілдері тобына жататын алтай тілінде сөйлейді. Этнография жағынан алтайлықтар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. 1 топқа челкан, кумандин, шор кіреді. Бұлар ежелгі самодий, кет, угр, түркі тайпаларының ұзақ уақыт өзара қосылысуынан өрбіген. 2 топқа алтай қажи, төлеңгіт, төлеуіт. Бұлар ертедегі (V-VIII ғ.) алтайлықтардың түркі тайпаларымен және XIII-XV ғасырда келіп сіңген түркі, кейбірі моңғол тайпаларымен араласудан шыққан. Бұрын артта қалып шаман дінін ұстаған, экономикасы мен мәдениеті дамымай, жазуы мен жазба әдебиеті болмаған, патриархалдық, феодалдық құрылыста өмір кешкен дейді. («Қазақ Совет энциклопедиясы» I том. Алматы. 1972 ж. 295бет.)
«Алтайлықтарды жоңғарлықтар әулеті дегенді ешбір зерттеушілер айтпайтыны саясатқа байланысты болуы да мүмкін. Ал тек ғалым С.Бизаков былай тұжырым жасапты. «Қазан төңкерісіне дейін алтайлықтардың бірыңғай аты болмаған. Олар өздерін алтай кижи, теленгит, теле, телеуіт, кумадан деген тәрізді сан алуан тайпа атымен ғана атап келген. Оның үстіне алтай тіл жағынан да, тіпті нәсіл жағынан да біртекті болмады. Оңтүстік алтайлықтардың сырт пішіні моңғолдарға ұқсап тұрса, ал солтүстік алтайлықтар оңтүстік Сібір (Тұран) нәсіліне жатады. Алтайлықтардың негізі VI-VIII ғасырларда түркі, кет, угр тайпаларынан құрылған» дейді. («Түркістан халықаралықө энциклопедия» . Алматы 2000. 64 бет).
Бес ғасыр моңғол тайпаларымен араласып Жоңғар хандығы талқандалғаннан соң алтайлықтар 1756 жылы Ресей патшалығының қолтығының астына өткенде аз ғана қашқан-пысқындары ғана қалған болатын. өйткені, Маньчжур патшалығы «Осыдан былай (1757) ойрат деген ел жер бетін басып жүрмейтіндей қырып-жойдық» деп акт жасап, құжат қабылдаған. Тіпті ойраттың соңғы ханы Амарсананы Тобелск қаласында шешек ауруымен өлгеннен соң 17 жылдан кейін көрден суырып алып Амарсана екенін дәлелдеген комиссия актысын Манж Цин патшалығы растап жарлық шығарған-ды. Бұл жоңғар халқын қайтіп бас көтертпестей етіп үрім-бұтағын құртуға бағытталған аса қатал шешім болатын. Бірақ, қандай бір қырғын соғыс болмасын халықты ұрпақсыз қырып жіберу мүмкін емес. Орыстардың дзунгары, қазақтың жоңғары, моңғолдардың ойраты (жақын туыс деген мағынада) осылайша қырғын-сүргіннен құтылғандарының да жырғағаны шамалы. Есінен таңған естісі қырылған елді Ресей патшасы жалғыз-жарыс жылдың ішінде христиан дініне кіргізіп, қалған халықты тұтастай шоқындырып жібереді. Арыдан діндар емес, тек ақсүйек нояндары мен хан ламалары ғана будда дінінің ламизмін тұтынатын ел-ілезде христиан болып шыға келген-ді. Ал қарапайым халық шаманизмінің от пен суға табынатын тәңірлік қағидасын да ұмыта бастады.
Тау-таудың қуысын паналаған аңшылық, малшылық кәсібін қуған ойраттар Алтай, Саянда жапсарлас отырған тыва, тофа, шұлымдар мен тайгада бұғы, маралмен ғана күн көретін цатын сары ұйғырлармен қатынаста болады. әсіресе, бір кездерде өздерімен бір одақта болған батыс Моңғолдағы ойрат нәсілі баяд, дөрбет, торғауыт, урианхайлармен байланысуға талпынса да азуы алты қарыс Ресей патшалығы Таулы Алтайдың жыныс ормандары мен тау қыраттарынан ұзатпай Алтай тауына қамап тастағандай еді.
Қазан төңкерісінің сәл алдында жойылғай тұрған ойраттар тарихына үлкен бетбұрыс жасалды. Кеңес Одағы езілген қаншама халықты Ақ патшаның зұлымдығынан азат еткені сияқты, 1921 жылы Сыртқы моңғолды азат етіп Моңғол Халық Республикасы құрылды. Сонан кейін бір жылдан соң батыс моңғолға іргелес орналасқан ойраттарға бақытты тұрмыс жаратып 1922 жылы Ойрат автономиялық облысын құрды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі кейбір сатқындық әрекеттен барып көптеген автономиялы облыс пен аймақтар таратылып, кейіннен қайта құрылғаны сияқты 1948 жылы таулы Алтай автономиялық облысы құрылды.
Алтайлықтардың тарихы айқын. Олардың шығу тегі ойраттарға байланысты екеніне дау айтатын ешкім болмаса керек. Алайда тарихшылар әдейі жаза ма, әлде көптеген халық тарихына қара дақ түсірген жоңғарлар әулеті бас тарта ма, оны да моңғол да емес, ойрат та емес деп көрсетуден «алтай» деген ат шығарып алғаны жұмбақ сырдың түйіні іспетті.
Әлем тарихына белгілі Тұранның кең алқабын арыдан мекендеген, шығу тегі жағынан туыстас алтай тілінің отбасында жататын тіл білімінің қалыптасқан жүйесі бар. Түркі тілі немесе Тұран тілдері емес, неге алтай тілі деп аталады? Бұл мәселенің бір жағы. Этнолингвистика мамандары, тіл білімінің білгірлері алтай тілінің тарихын әлі саралап айтып бере алған жоқ.

Алтай тауы туралы айтар болсақ, әлемге әйгілі тау. Өр Алтай, Таулы Алтай, Моңғол алтайы. 3000 километрге созылған, басын мұзарт басқан, етегін жасыл орман көмкерген құтты мекен. Соның асқар шыңы Өр Алтайдың үш жағында Қазақстан, Шығыс Түркістан қазақтары, Моңғолия қазақтары мекендейді. Алтаймен жапсарлар Саян, Ханғай, Хантэнгэр (Хантәңірі) тауларда байлығымен, құлын мүшесі бұзылмаған табиғатымен әлемге әйгілі. Алтайды «Алтын тау», «Алтынды тау» деп әр түрмен атап келеді. Егер ол алтынға байланысты аталса Алтынды тау, Алтынды сай, Алтынға бай тау деп неге айтылмайды?


Ертедегі Қытай жазбалары Алтай тауын мекендеген халықты «Төрт маусымды ел», «Қыс жазы», «Көктем, күзді ел» деп өз шежірелерінде жазып-сызған. Неге дегенде Азия шығысында жалғыз-жарым ғана маусым болған. Оларда қар жауса да тез еріп кетеді. Көлдер мен өзендері мұз болып қатып қалмағандықтан таулы, нулы-сулы жердің табиғатына таңданып алты ай қыс, алты ай жаз болғандықтан «Алты ай» деген ертедегеі түркі сөзін пайдаланып Алтай тауы деген сөз туындаған деген болжам шындыққа жуық. Егер тау аты алтынға байланысты айтылса көшпелілердің ата қонысындағы алтын, күмісінің дені далалық өңірден қазып алынып келіпті. әлі де солай. Сондай-ақ Алтай деген алтыннан да артық байлығы мол ұлы тау. өйткені 3000 километрге созылған Алтай тауларының қойнауы толған байлық. Тұнып тұрған мұндай байлықты мекенін «Асқар Алтай», «Аспан Алтай» деп тәу етіп келген халықтың бірі қазақ халқы. Қазақтар үшін Алтай деген тау аты, байлықтың түрі-темірдің пірі алтыннан да асып түсетін қасиетті ұғым. Олай болса бұл халықты орыстардың атап дағдыланған «Алтай» атымен емес, «Таулы Алтай» деп атаса болғандай.
Бұл халықтың нағыз тарихына жүгінсек, моңғол тектес ойрат халқының төрт руынан тараған шағын халық. Қазіргі барлық саны 90 мыңнан аспайтын бұл халық түріктенген моңғолдар ма, әлде моңғолданған түріктер ме дегенді осы тараудағы түркі халқының басқадай Аралық бұтағына байланысты халықтардың тарихымен салыстыра сөз етіп көрейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет