Дістемелік кешен



бет83/87
Дата21.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#192722
түріРеферат
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Байланысты:
Дістемелік кешен

Қарашайлар. Карачайлылар. Ресей құрамындағы халық. Негізінен қарашай- черкес республикасының жергілікті тұрғындары және Ставрополь өлкесінде тұрады. Жалпы саны ТМД-да 131,1 мың адам,оның ішінде қарачай- черкес республикасында 129,2 мың адам. Тілі – алтайлық түрік тобының батыс қыпшақ кабардин- балқар тілінде сөйлейді. Орыс тілі де кең тараған. Жазуы- орыс таңбасына негізделген. Діні – мұсылман сүннит. Қарашайлардың этногенезіне жергілікті қола дәуірінен бермен өмір сүрген – алан, көне болгар, қыпшақтардың әсері болды. ХІХ ғасырдың ортасына дейін Қарашайларда феодалды – патриархалды қарым-қатынас сақталды. ХІХғасырда Қарашайлардың Россияға қосылуына сай капиталистік қатынас түрін орнату. Қарашай-черкес АО құрылуына сай 1943 жылы қарашайлар таратылып, заңсыз басқа жаққа көшірілді, 1957 жылы қалпына келтіріліп өздерінің этникалық аймағына келтірілді.
Негізгі дәстүрлі кәсібі – жайылымдыққа мал өсіру. Қой, ешкі, жылқы, ірі мүйізді қара мал. Жер суландыру (тары бидай, бақташылық ). Ұсталық қол өнері – бөз жасау, жүн қалпақ жасау, оюлы сырмақ пен төсеніш, тоқыма жүн заттарын шығару. Кеңес дәуірінен бастап көп салалы өнеркәсіп және механикаландырылған шаруашылық дамып жаңа мәдени, оның ішінде техникалық дақылдар өңдірілді.
Дәстүрлі ауылы таулық кварталдарға бөлінген, тұтасымен бірге туған – туыстас отбасылар тұрады. Мекен – жайы – тік бұрышты екі қабатты 1 – 2 бөлмелі шатырлы үй. Қазан төңкерісінен 1917 жылдан кейін тегіс және ауылды ортаға орналасты. Ұлттық киімдері көршілес солтүстік кавказ халықтарына ұқсас, ерлердің бас киімі – тұлып сақталған. Ұлттық киімдерді көбінесе кексе әйелдер қолданады.
Негізгі тағамы – қайнатылған немесе қуырылған ет, ашыған сүт, ұннан немесе жүгеріден жасалған таба нан. Бай фольклоры сақталған, тарихи, еңбек, сықақ, махаббат және бесік жыры, мақал, мәтел, ән, қожанасыр туралы әңгімелер, би, сандырақ, жұптасып лезгинге билеу т.б. дәстүрлі музыка аспаптары: сыбызғы, екі ішекті скрипка, үш ішекті, соқпалы аспап.


Қарайымдар- қарайлар, ұлт атауы. ТМД халқы, Украина Республикасында, Литва, Москва, Ленинградта тұрады. Саны ТМД-да -3,3 мың адам, бірқатары Польшада тұрады. Тілі алтайлық түрік тобының қыпшақ қарапайым негізінде . Қырым,Галис және Тракай диалектісі бар, орыс тілі кең қолданылады. Ұрпақтары Хазар қағанаты құрамындағы Қырым тұрғындарының түрік тілдісіне жатады. Қарапайым атауы секта белгісіне қалыптасқан. ХІҮ ғасырдың аяғында Қарапайымдылардың бөлігі Литов княздігінен, Қырымнан әкетіліп Тракай поселкесіне және Литва шекарасына оларды қорғау үшін орнықтырды. Қарапайымдардың бір бөлігі Батыс Украина және Польшаға қоныстандырылды. Дәстүрлі кәсібі – жер өңдеу, бау-бақша ,исауда, ұсталық. Қырымның Россияға қосылуынан кейін қарапайымдарды әр жерге көшіру одан әрі жүргізілді. Орыстар мәдениетімен қарым-қатынасы басталды. Көбінесе қалада тұрады, мәдениеті мен тұрмысы жақын көрші халықтардан көп айырмашылығы жоқ. Ассимиляцияға ұшырауына байланысты қарапайымдардың саны қысқара түсуде, фольклоры сақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет