Рационалды ұйымдастырудың есте сақтау жұмыстарының жалпы әдістері. Материалды тез әрі берік сақтамайынша оны толық меңгеру мүмкін емес. Сондықтан адамның есте сақтау қабілетіне ерекше салмақ түседі. Білімді меңгеру, жаңа ойларды еңгізудің ойлау процесінде оларды жай қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар жадымызда сақталынып қалуы талап етіледі.
Адамның есте сақтау қабілетін психологтар зерттеген. Сондықтан рационалды ұйымдардың есте сақтаудың көптеген әдістері, ойлау қабілеті тәжірибеде белгіленіп, тексерілген. Алайда І курс студенттері психологияны зерттемегендіктен бірқатар әдістемелік нұсқаулар қажет.
Студент есте сақтаудың – күрделі танымдық процесс екенін және оның 4 бөліктен тұратынын білуі тиіс:
а) өзіндік есте сақтау; б) сақтау; в) тану; г) жаңғырту.
Әр адам әр түрлі деңгейде дамыған. Жақсы дамыған ес былай сипатталады: тез есте сақтау, жақсы есте сақтау, нақты еске түсіру, тез және нақты жаңғырту.
Есте сақтаудың нашар дамуы осылардың біреуін істен шыққанын білдіреді. Көптеген тәжірибелер естің ең жақсы жаттығатын танымдық процестерден байқаған. Естің жақсы дамуы ол адамның танымдық тәжірибелі процестерінің белсенді жүруіне байланысты. Біз әрқайсымыз естің бірнеше түрлері бар екенін білеміз. Олар: аралас, эмоционалды, дыбыстық, көрнекілік т.б.
Материалдардың сипатына қарай адамның есте сақтаудың белгілі бір бірнеше түрі іске қосылады. Әрқашан адамда белгілі есте сақтау түрі жақсы дамиды. Бұл түр даралық есте сақтау қабілеті деп аталады. Өзінің дара есте сақтау қабілетін білсең сен өз жұмысынды жақсы атқара аласын.
Есте сақтаудың жалпы түрлері бар. Олар:
материалды есте сақтауға өзінді-өзін көндіру.
а) қызығушылық таныту
б) жауапкершілікті іске қосу
в) есте сақтауды міндеттенуі.
2. белгілі бір уақытқа дейін материалды автоматты түрде есте сақтау. Материалды тек мағынасын ғана түсініп керегі жоқ, оның тек керегін ғана есте сақтау керек.
3. ақылдың қорытындылау талдау процесін белсендендіру. Мәтіннің керекті жерлерін есте сақтауға олардың негізгі материалдары сараптау фактілерге сүйенуді ашып көрсету қажет.
4. сандық атауларды есте сақтауда мнемотехникалық әдіс өте көп таралған. Бұл әдіс ең қолайлы әдістердің бірі. Мысалы Суй әулетінің билік жүргізген кезі (581-618) тез жатталады.
5. өзіндік есте сақтауда ғана емес басқа түрлерін қолдану.
6. есте сақтау процесін танымдық және жаңғырту процестеріне жақындату керек.
7. өзінің есте сақтау жүйесін дұрыс орындау қажет. Мысалы психологтар ХХ ғ. өзінде адамның есте сақтау процесін зерттегенде адам жаттаған материалды бір сағаттың ішінде ұмытады деген. Білім алу дәріс арасында үзіліс жасау қажет және бірдей пәндерді қатар оқымау керек. Бұл зиян. Осы әдістерді қолдану өз жұмысыңды жеңілдету болып табылады. Осы ұсынылған әдістемелік кеңестерді білген студент өзіндік жұмысты жақсы жасай алады. өзіндік жұмыста берілген тақырыпты орындауда берілген әдебиетті қолдана алады.