Дістемелік кешен


Тексті конспектілеу және оқудың әдістемелік негіздері



бет85/87
Дата21.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#192722
түріРеферат
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Байланысты:
Дістемелік кешен

Тексті конспектілеу және оқудың әдістемелік негіздері.
Материалдың сипатына байланысты оқудың әр түрлі әдістері қолданылады: таныстыру, зертеуші, толықтай және тандамалы, жылдам немесе баяу оқу. Студенттер осы әдістердің барлығын білу тиіс. Таныстыра оқу – кітаппен жалпылама танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса осы әдісте кітаптың мұқабалық парағындағы мазмұнда берілген маңызды мәліметтерді біліп, оқып алуы тиіс. Жұмысқа берілген аннотация мен кіріспені міндетті түрде оқу керек. Онда жұмыстың толықтай мазмұндамасы мен оның авторы туралы мәлімдемелер келтіріледі.
Кейіннен жұмыстың мазмұны қарастырылады. Онда кітаптың құрылымы мен мазмұны жайлы толықтай мәліметтер алуға болады. Өзіне маңызды сұрақтар айқындалады. Таныстырудың келесі кезеңі – мазмұнының мінездемесімен танысу, яғни кітаптың кейбір жерлері зейінділікпен оқытылады, ал қалған жерлеріне жай тоқталып өтеді, тіпті кейде кей жерлеіне көшірме жасалынады. Таныстыра оқытудың қорытындысында кітап жайлы жалпылама түсінік алуға болады. Әрине маңызды тақырыпты жұмыстар үшін мұндай оқыту жеткіліксіз. Енді зерттей оқытуға көшу керек. Оның мақсаты жұмыстың барлық мазмұнын бөлшектеп немесе оның қандай да бір бөлігін зерттеу.
Зерттей оқуда қандай да бір жазбалар немесе бір көшірмелер өте маңызды. Зерттей оқыту сипатына қарай толықтай немесе таңдамалы болып келуі мүмкін. Бұл тапсырмада материалдың сипатына, мақстаына да байланысты.
І-ші курс студенттерімен бірге жүргізілген жұмыс тәжірибесінде көрсетілгендей олар конспектілеу әдісіне нашар келеді, сондықтан да конспектіні құрастыруда бірқатар әдістемелік нұсқаулар қажет: қалай, қайдан, не жазу керек деген сияқты конспектілей білу ақыл-ой еңбегі мәдениетінің маңызды бір белгісі. Таңдап алынған жазбалар жеткілікті тақырыпқа сай келетін жерлер ғана көшіріліп алынады, алайда жазбаның соңында ол жұмыстың мазмұнымен құрылымын сондай-ақ текстің жеке бөлшектері мен бөлімдерін толықтырып тұру керек.
Мәтінмен өзіндік жұмыс жасауда оның міндеті мен мақсаты міндетті түрде болуы тиіс. Жазбалар арнайы жеке дәптерде жүргізіледі. Конспектілеуді таныстыра оқудан кейін жасаған дұрыс, жазабалар қолдануға ыңғайлы және дұрыс қатесіз жазылуы керек. Материалды толықтай конспектілеуге болмайды, арнайы жол қалдыру қажет, маңыздыларын белгілеп, сипатына байланысты оларды әр түрлі түстегі сиямен белгілеуге болады. Сөздерді қысқартудың қажеті жоқ. Тексті оқып, оны конспектілеу – материалды толықтай игеріп алу емес, оны сондай-ақ есте сақтап қалу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет