ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемелекеттік университеті Информатика және ЕТ кафедрасы
050602 - «Информатика» мамандығы күндізгі бөлімінің
4-курс студенттеріне арналған
«OBP 4301 Объектіге бағытталған программалау» пәнінен
студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Тақырыбы: Объектілер және кластар Мақсаты – класс сипаттамасын беру, негізгі программада құрылған класс объектісімен жұмыс жасау дағдыларын бекіту.
Тапсырмалар: Бүтін сандардан тұратын бір өлшемді массивтерді (векторларды) анықтайтын класс сипаттамасын құру. Массивтің жеке элементіне қатынауды ұйымдастыру, объект құру барысында индекс шекараларын беру мүмкіндігін, индекс шекаралары бірдей массивтерге элементтерін қосу және азайту амалдарын орындау мүмкіндігін, массив элементтерінің барлығын скалярға көбейту және бөлу, берілген индекс бойынша массив элементін экранға шығару, массив элементтерінің барлығын экранға шығару мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.
Үш өлшемді кеңістікте шет нүктелерінің координаталарымен берілетін объект-векторлар үшін класс сипаттамасын құру. Векторларға қосу және алу амалдарын қолдануды, екі вектордың скалярлық көбейтіндісін, вектор ұзындығын, векторлар арасындағы бұрыш косинусын есептеуді ұйымдастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.
Өлшемдері бекітілген жолдардан тұратын бір өлшемді массивтерді анықтайтын класс сипаттамасын құру. Массивтің бөлек жолдарына индекс бойынша қатынауды ұйымдастыру, екі массив элементтерін біріктіру жолымен жаңа массив құру амалын, екі массивтің элементтерінің қайталануынсыз бірігуін, экранға берілген индекс бойынша массив элементін және барлық массивті шығаруды орындау. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.
Дұрыс қиық конус бетінің ауданын және көлемін есептеу мүмкіндігін беретін объект құрылымын сипаттау. Берілген объект көмегімен қиық конус бетінің ауданы мен көлемін есептейтін программа жазу.
Жеңілдік ескерілімімен сауда бағасын есептейтін программа жазу. Егер сауда суммасы 1000 теңгеден асса ғана, жеңілдік беріледі.
Кедергі бағдарламасы екі резистордан тұратын электрлік тізбек кедергісін есептейді. Резисторлар параллель және тізбектей жалғануы мүмкін.
Ұялы телефоннан қоңырау шалу бағасын есептейтін программа жазу. Мүмкін болатын қоңарау бағыттары: желі ішінде, басқа желі және қала телефонына.
Призма бетінің ауданын және көлемін есептеу мүмкіндігін беретін объект құрылымын сипаттау. Берілген объект көмегімен призма бетінің ауданы мен көлемін есептейтін программа жазу.
Қиық пирамида бетінің ауданын және көлемін есептеу мүмкіндігін беретін объект құрылымын сипаттау. Берілген объект көмегімен қиық пирамида бетінің ауданы мен көлемін есептейтін программа жазу.