МҰРАГЕРЛІК ЖӘНЕ ВИРТУАЛЬДІ ФУНКЦИЯЛАР
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау үшін 1-ші лабораториялық жұмыста құрылған кластарды негізге алыңыз.
1. Өрнекті және есептеу нәтижесін экранның сәйкес орнына және файлға шығаруға мүмкіндік беретін туынды класс құрыңыз.
2. Берілген координаттарды масштабтайтын және клавиатурадан енгізілген хабарламаны көпбұрышқа шығаратын туынды класс құрыңыз.
3. Сызылған гистограмма үстіне қисық сызықты салатын туынды класс құрыңыз.
4. Экранды гистограмма құратын және осы гистограмма параметрлерін файлға сақтайтын туынды класс құрыңыз.
5. Енгізілген санға сәйкес ағымдық уақытқа файлдан хабарлама шығаратын туынды класс құрыңыз. Файл аты клавиатурадан егізіледі немесе үнсіз түрдегі параметр болып табылады.
6. Енгізілген күндер санына сәйкес ағымдық уақытты өзгертетін туынды класс құрыңыз.
7. Енгізілген күндер санына сәйкес жаңа айды анықтайтын туынды класс құрыңыз.
8. Әрбір ұшақ үшін енгізілген мәліметті өзгертуге мүмкіндік беретін туынды класс құрыңыз.
9. Жолды шифрлайтын, экранға шығаратын және файлда сақтайтын туынды класс құрыңыз.
10. Екі және одан да көп файлды біріктіретін, біріншісін екіншісіне көшіретін туынды класс құрыңыз. Файл аттары клавиатурадан енгізіледі немесе Үнсіз түрде конструкторда анықталады.
11.Телефон номері бойынша парақтағы таныстарды сұрыптайтын және алфавиттің берілген әрпі бойынша таныстардың тізімін шығаратын туынды класс құрыңыз.
12. Берілген қаладағы немесе брлық қалалар ішіндегі жасы үлкен адамды, берілген көше, үй тұрғындарын анықтайтын туынды класс құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |