|
Курстық жұмыс тақырыптары
|
бет | 96/112 | Дата | 22.12.2021 | өлшемі | 0,85 Mb. | | #127596 | түрі | Программа |
| Байланысты: ооп лекцияКурстық жұмыс тақырыптары:
Көпмүшелік дәрежесімен және коэффициенттер массивімен берілетін бір айнымалылы көпмүшелік класын құру.
Объектілі-бағытталған программалауды қолданып жолдарға арналған класс құру.
Қайта анықталған арифметикалық амалдарды «Конвертор» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қолдану.
Амалдарды қайта анықтау арқылы «Пошталық адрес» класын құру.
Ұялы телефоннан қоңырау шалу бағасын есептейтін бағдарлама құру барысында объектілі-бағытталған программалауды қолдану.
Банктегі салым пайдасын есептеуге мүмкіндік беретін класс құру.
«Жемістер» класын модельдеу кезінде мұрагерлік принципін жүзеге асыру.
«Баспа компаниясы» кластар иерархиясын жобалау және құру.
«Маршрут» класын жобалау және құру.
Объектілі-бағытталған программалау технологияларын қолдана отырып «Поезд» класын құру.
«Басқарушы менеджер» класын құру кезіндегі жалғызданған мұрагерлік.
Мұрагерлік принципін «Британдық төлем жүйесі» класын жобалау кезінде қолдану.
Қайта анықталған арифметикалық амалдарды «Калькулятор» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қолдану.
Мұрагерлік принципін қолдана отырып «Теңіз ұрысы» ойынын жобалау.
Пәтер сатып алу сұраныстарын тіркейтін және мүмкін нұсқаларды іздейтін бағдарлама жобалау.
Ағылшын тілінен орыс тіліне және керісінше аударатын сөздік құру кезінде объектілі-бағытталған программалау технологияларын қолдану.
«Зодиак белгісі» класын құру кезінде полиморфизм принципін қолдану.
Амалдарды қайта анықтауды матрицаларға арифметикалық амалдар қолдану кезінде қолдану.
Мұхиттың экологиялық жүйесін модельдеу кезінде объектілі-бағытталған программалауды қолдану.
«Ордер» класын жобалау және құру.
Объектілі-бағытталған программалауды қолдана отырып «Студент» класын жүзеге асыру.
«Жұмысшы» класын амалдарды қайта анықтауды қолдана отырып құру.
«Автобус паркі» класын модельдеу және жүзеге асыру.
«Прайс-лист» класын жобалау және құру кезінде объектілі-бағытталған программалауды қолдану.
Объектілі-бағытталған программалауды «Аэрофлот» класын құруда қолдану.
«Полярлы координаталар» класын арифметикалық амалдарды қайта анықтау арқылы құру.
Өлшемдері бекітілген жолдардан тұратын бір өлшемді массивтерді анықтайтын класс құру және оны жүзеге асыру.
Полиморфизм принципіне сүйене отырып «Студенттік топ» класын құру.
Объектілі-бағытталған программалауды қолдана отырып бүтін сандардан тұратын бір өлшемді массивтерді (векторларды) анықтайтын класс жобалау және құру.
«Телефон анықтамасы» класын құру кезінде объектілі-бағытталған программалау принциптерін жүзеге асыру.
Кітапханадағы кітаптарды есепке алу жұмысын орындайтын бағдарлама құру.
Объектілі-бағытталған программалау принциптерін «Пәндік көрсеткіш» класын құру кезінде жүзеге асыру.
«Жиын» класын жобалау және құру кезінде объектілі-бағытталған программалау технологияларын қолдану.
«Өнім» класын жобалау және құру.
Үш өлшемді кеңістікте шет нүктелерінің координаталарымен берілетін объект-векторлар үшін класс сипаттамасын құру.
«Үй кітапханасы» класын жобалау және құру кезінде полиморфизм принципін жүзеге асыру.
«Жазба» класында амалдарды қайта анықтау.
«Жазба кітапшасы» класын құру кезінде объектілі-бағытталған программалау принциптерін жүзеге асыру.
Авиабилет сұраныстарын есепке алу бағдарламасын құру.
Призма бетінің ауданын және көлемін есептеу мүмкіндігін беретін объект құрылымын сипаттау.
Қиық пирамида бетінің ауданын және көлемін есептеу мүмкіндігін беретін объект құрылымын сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|