Вариант №1 «Жиын» класын сипаттау. Класс жиындарға қолданылатын негізгі амалдарды, яғни жиынға элемент қосуды және өшіруді, жиындардың қиылысуын, бірігуін және айырмасын орындау мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.
Студент, Оқытушы, Каферда меңгерушісі кластар иерархиясын құрыңыз.
Вариант №2
Көпмүшелік дәрежесімен және коэффициенттер массивімен берілетін бір айнымалылы көпмүшелік класын сипаттау. Берілген аргумент үшін көпмүшелік мәнін есептеу әдісін, көпмүшеліктерді қосу, алу және көбейту арқылы жаңа көпмүшелік алу әдісін, көпмүшелікті экранға шығару әдістерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.
Деталь, Механизм, Өнім кластар иерархиясын құрыңыз.
Вариант №3 Кез келген өлшемді матрицаны сипаттайтын класс құру. Жолдар мен бағандар санын өзгерту мүмкіндігін, кез келген өлшемді ішкі матрицаны және барлық матрицаны экранға шығару мүмкіндігін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.