Дістемелік кешені



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі246 Kb.
#58728
1   2   3   4   5
2 ДӘРІСТЕР

Дәріс 1. Абайдың өмірі мен шығармашылығы.



  1. Абай өмірбаяны.

  2. Ақындығының алғашқы кезеңі.

  3. Ақынның толысу жылдары

Қазақ әдебиеті тарихындағы қайталанбас зор тұлға, ұлы ақын, философ, ағартушы-демократ Абай 1845 жылы Семей облысының қазір Шығыс Қааақстан облысы қазіргі Абай ауданында ел билеуші, ірі феодал Құнанбайдың отбасында дүниеге келген. Көпке созылмаған балалықтың базарын Абай әжесі Зере мен анасы Ұлжанның қасында өткізеді. Абай бойындағы адамгершілік қасиет пен өнерге құштарлықтың бастау-негізі осы екі ананың тәрбие өнегесінде жатыр. Алдынан кесе кісі өтпейтін, бөгде сөз айтылмайтын қаһарлы Құнанбайдың өзі қаймығатын ел анасы, мейірбан Зере, өз анасы, байсалды парасат иесі Ұлжан екеуі қазақтың өздері жақсы білетін түрлі аңыз, ертегілерін бала Абайға талай жыр етіп қызықтырып айтып берген көкірегі шежіре-сыр жандар еді. Бұл Абайдың алғашқы алған өнеге мектебі болатын.
Ауыл молдасынан дәстүрлі дәріс ап, тіл сындырған он жасар Абайды Құнанбай діни сауатын толықтырсын, қала көрсін деген оймен Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді.
Медреседе дін сабақтарын қиналмай жақсы оқыған Абай өзіне тың, пайдалы бір әдет табады. Шығыс ақындарының шығармаларын құмарта оқиды, әдебиетке, поэзияға құштарлығы оянады. Оқыған шығармаларының әсерімен қанаттанып, өзі де шығыс ақындарының үлгі­сінде өлең жазуға талпынады. Ол өлеңдердің кейбірі ғана сақталған.
Білімге, өнерге құштарлығы артқан Абайды, әрине, медресе оқуы қанағаттандыра қойған жоқ. Ол басқа да білім көздерін іздестіреді, оны да табады. Сөйтіп, медресенің соңғы жылында ол өз ақылымен негізгі оқуына қоса қаладағы "Приходская школаға" барып, оның сабақтарына қатысуға әдетке айналдырған. Іздегенін тапқандай болып, білімнің бұлағына енді бас қоя бергенде, ол әке шақыруымен оқуын аяқтамастан, елге қайтады. Сөйтіп, 13 жасқа шыққанда әкесінің қалауымен оқудан да, балалықтан да қол үзуге мәжбүр болады. Абайдан өзгеше үміт күткен Құнанбай оны ізбасары етпек мақсатпен ел істеріне араластырып, тәрбиелеуге ден қояды. Әке қасын­да жүріп, ел ішіндегі бітпейтін дау-шарларға араласу, еңбекші елдің тауқыметті тіршілігін көру, мұның бәрі бала Абайды тез есейтеді, өмір, тұрмыс, өз ортасы, халық жайлы боямасыз шындықты білуге мүмкіндік береді. Абай өз ортасының, әке мен оның төңірегіндегілердің озбырлық иелері екенін, әділ екенін тек момын халықта екенін анық ұғынады. Мұның бәрі Абайдың әке ісіне, жалпы ел басшыларының іс-әрекеттеріне сын көзімен қарауына, сөйтіп, бірте-бірте өмірден басқа бағыт-әділдік жолын ізденуіне, өз ортасынан безінуіне, халыққа келуіне себепші болды. Бұл кез Абай үшін үлкен өмір мектебі, азаматтыққа бет алу кезеңі еді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Абай өмірбаяны.

  2. Ақындығының алғашқы кезеңі.

  3. Ақынның толысу жылдары

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Абай шығармалары. Алматы, Жазушы, 1977.
2 Абай. Тұлғалық энциклопедиясы. 2007.
3 Мұқаметханов. Қ. Абайдын әдебиет мектебі. «Екпінді», 1940, 5, 6, 10, 12, октябрь, 10 декабрь, 1945, 23, 25, 26, 29, 30, ноябрь;
4 Ш.Құдайбердіұлы. Аманат. Әңгімелер. Алматы,1979
5 . Әуезов М. Абай ақындығының айнасы. «Әдебиет майданы», 1934, № 11-12, 20 бет.
6 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы, 1992
7 Берікболов Т. Абай өлеңдерінін текстологиясы жайында // Семей таңы.

Дәріс 2. Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.


1.Абайтану ілімінің жүз жылдық тарихы
2.20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс
3.30-жылдардағы Абай шығармашылығы жөніндегі іргелі зерттеулердің тууы
Білімге, өнерге құштарлығы артқан Абайды, әрине, медресе оқуы қанағаттандыра қойған жоқ. Ол басқа да білім көздерін іздестіреді, оны да табады. Сөйтіп, медресенің соңғы жылында ол өз ақылымен негізгі оқуына қоса қаладағы "Приходская школаға" барып, оның сабақтарына қатысуға әдетке айналдырған. Іздегенін тапқандай болып, білімнің бұлағына енді бас қоя бергенде, ол әке шақыруымен оқуын аяқтамастан, елге қайтады. Сөйтіп, 13 жасқа шыққанда әкесінің қалауымен оқудан да, балалықтан да қол үзуге мәжбүр болады. Абайдан өзгеше үміт күткен Құнанбай оны ізбасары етпек мақсатпен ел істеріне араластырып, тәрбиелеуге ден қояды. Әке қасын­да жүріп, ел ішіндегі бітпейтін дау-шарларға араласу, еңбекші елдің тауқыметті тіршілігін көру, мұның бәрі бала Абайды тез есейтеді, өмір, тұрмыс, өз ортасы, халық жайлы боямасыз шындықты білуге мүмкіндік береді. Абай өз ортасының, әке мен оның төңірегіндегілердің озбырлық иелері екенін, әділ екенін тек момын халықта екенін анық ұғынады. Мұның бәрі Абайдың әке ісіне, жалпы ел басшыларының іс-әрекеттеріне сын көзімен қарауына, сөйтіп, бірте-бірте өмірден басқа бағыт-әділдік жолын ізденуіне, өз ортасынан безінуіне, халыққа келуіне себепші болды. Бұл кез Абай үшін үлкен өмір мектебі, азаматтыққа бет алу кезеңі еді.
Әділдік пен азаматтыққа нұсқар жолды Абай озық орыс мәдениетінен тапты. Бала шақта, медреседе жүргенде, бірер ай орыс мектебіне барып оқи бастап, одан әке үкімі бойынша көз жазып қалған Абай сол кәусар бұлақтың дәмін кейін де ұмытқан жоқ-ты. Көңілдегі ендігі бір зор арман білімін жетілдіру, орыс тілін меңгеру болды. Семейге кісі жіберіп, кітап алдыру немесе өзі барып қалалық кітапханада ұзақты күн отырып, түрлі кітаптар оқу, теңдеп ауылға кітаптар ала қайту - Абайдың енді дағдылы сүйікті ісіне айналады. Кітапханада болашақ досы күрескер Е.П.Михаэлиспен танысады. Бұл таныстық Абай өміріне үлкен жаңалық әкеледі, оның демократтық­ағартушылық, халықтық көзқарасының қалыптасуына Михаэлис зор ықпал етеді. Сәл кейінірек Абай Долгополов, Леонтьев, Гросс секілді өз заманының озық ойлы демократтык. көзқарастағы адамдарымен жақын араласып, орыс әдебиеті мен мәдениетінің өкілдері Белинский, Чер­нышевский еңбектерімен танысты, олардағы еркіншіл ой-пікірлерден нәр алатын, Лермонтов, Пушкин, Толс­той, Салтыков-Щедрин, Крылов шығармаларын құныға оқып, рухани биіктікке бет алатын шағы да осы кезең.
Бақылау сұрақтары:

  1. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс

  2. 30-жылдардағы Абай шығармашылығы жөніндегі іргелі зерттеулердің тууы

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Абай шығармалары. Алматы, Жазушы, 1977.
2 Абай. Тұлғалық энциклопедиясы. 2007.
3 Мұқаметханов. Қ. Абайдын әдебиет мектебі. «Екпінді», 1940, 5, 6, 10, 12, октябрь, 10 декабрь, 1945, 23, 25, 26, 29, 30, ноябрь;
4 Ш.Құдайбердіұлы. Аманат. Әңгімелер. Алматы,1979
5 . Әуезов М. Абай ақындығының айнасы. «Әдебиет майданы», 1934, № 11-12, 20 бет.
6 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы, 1992

Дәріс 3-4. Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы.



  1. Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы

  2. "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін талдау

  3. Абайдың ағартушылық қызметі

  4. Ұлы Абайдың гуманизмі

Орыс және Еуропа мәдениетінің озық үлгілерімен жүйелі танысу Абайдың демократтық көзқарасының, азаматтық тұлғасы мен ақындық болмысының қалыптасуына шешуші әсер етті.
Абайдың ақындыққа, өнерге шындап ден қойған беталыс сапары оның азаматтық тұлғасы қалыптасып, білім-өрісі мейлінше толысқан шағынан басталады. Мед­ресе кезіңдегі шығыс ақындарына шәкірттік көңілмен еліктеп жазылған бірлі-жарымды алғашқы туындылары мен 1882 жылғы "Қансонарда бүркітші шығады аңға" атты шынайы поэзиялық шығарма аралығында шамамен ширек ғасырдай уақыт жатыр. Бұл - Абайдың дүние тану, есею, іздену, білім алу, парасат иесі, азамат, ағартушы, ақын болып қалыптасу мерзімі. Абайдың өз ортасының әділетсіз, озбыр әдетінен безініп, халыққа келу, өнерге келу кезеңі.
Жалпы Абай үшін 80 жылдар екі тұрғыда мақызды: біріншіден, бұл оның поэзияға, ақындыққа шыңдап ден қойған шағы, екіншіден, бұл оның шығармашылығындағы ең жемісті жылдардың бірі. Ол бұл тұста өзінің ағартушылық және саяси-әлеуметтік, сатиралық тақырып­тардағы әйгілі өлеңдері мен поэмаларын жазады, сондай-ақ, орыс классиктері Лермонтов, Пушкин шығармаларын аударады. Ақын сыншыл реализм әдісін меңгереді, оның есімі мен шығармалары халыққа кеңінен мәлім болады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы

  2. "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін талдау

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Абай шығармалары. Алматы, Жазушы, 1977.
2 Абай. Тұлғалық энциклопедиясы. 2007.
3 Мұқаметханов. Қ. Абайдын әдебиет мектебі. «Екпінді», 1940, 5, 6, 10, 12, октябрь, 10 декабрь, 1945, 23, 25, 26, 29, 30, ноябрь;
4 Ш.Құдайбердіұлы. Аманат. Әңгімелер. Алматы,1979
5 . Әуезов М. Абай ақындығының айнасы. «Әдебиет майданы», 1934, № 11-12, 20 бет.
6 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы, 1992

Дәріс 5-6. Абайдың эстетикалық тағылымы.


1. Ақынның эстетикалық көзқарастары
2. Қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары
3. "Өлең – сөздің патшасы, сөз - сарасы" атты өлеңіндегі мазмұн мен түр туралы ұғым
4. Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны
5. Абайдың махаббат тақырыбына арналған өлеңдерінің тәрбиелік мәні
Абай - ұлы лирик ақын. Оның мұрасының басым көпшілігі - лирикалық өлеңдер. Ол өлеңдерінде өз заманының қасіретін - білім, өнер іздемей, өтірік пен өсек қуған, байлық пен мансапты қуған замандастарының кейпін, қарапайым халықтың ауыр тағдырын, "ел ағаларының" болмысын шынайы бейнеледі. Ақындық тұлғасы орыс өмірінің шындығына берік табан тіреген алдыңғы қатарлы реалистік орыс поэзиясының тікелей әсерімен қалыптасқан ол қай тақырыпты жазбасын, реалистік әдісті берік ұстанды, қазақ тіршілігінің тынысын боямасыз беруді мақсат етті.
Абай лирикасы - ақынның "қалық елім, қазағым, қайран жұртым" деп ел қамын ойлаған, озбырлық пен надандыққа қарсы күрескен азаматтың асыл жүрегінің лүпілі, кең өріске беттемей кежегесі кейінге тартқан халқының күйкі халіне күйінуі...
Ақын лирикасының тақырыптары сан-алуан: оқу-білім, ғылым, адамгершілік, еңбек, әлеуметтік, сатиралық, табиғат, достық-махаббат, өнер...
Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы негізгі тақырыптардың бірінен саналады. Өзі түрлі себептермен кешеңдеу болса да, сусап келіп орыс тілі мен мәдениетіне қатты ден қойған, үнемі іздену, оқу арқылы білімділік пен парасаттылықтың биігіне көтеріліп, "көкірек көзі ашылған" Абай көптеген өлеңдерінде оқу, білімді ардақтауға, халқы үшін озық білімнің пайдасын түсіндіруге күш салады. "Шығысым Батыс боп кетті" деген Абай сөзінің бір сыры оның осы өлеңдерінен де танылады. Бұл тақырыптағы "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдері Абайдың ақындыңқа біржола бет бұрған кезеңінде - 80-жылдар ішінде жазылған.
" Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңі - Абайдың оқу, білім алу ісіне халықтың тұрғыдан қараған демократтың көзқарасын, ақындық жаңашылдығын танытқан маңызды туындысы.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақынның эстетикалық көзқарастары
2. Қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары
3. "Өлең – сөздің патшасы, сөз - сарасы" атты өлеңіндегі мазмұн мен түр туралы ұғым
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Абай шығармалары. Алматы, Жазушы, 1977.
2 Абай. Тұлғалық энциклопедиясы. 2007.
3 Мұқаметханов. Қ. Абайдын әдебиет мектебі. «Екпінді», 1940, 5, 6, 10, 12, октябрь, 10 декабрь, 1945, 23, 25, 26, 29, 30, ноябрь;
4 Ш.Құдайбердіұлы. Аманат. Әңгімелер. Алматы,1979
5 . Әуезов М. Абай ақындығының айнасы. «Әдебиет майданы», 1934, № 11-12, 20 бет.
6 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы, 1992

Дәріс 7. Сатиралық лирикасы.


1. Абай шығармалары-ақын заманының шежіресі
2. Абай шығармаларында қазақ даласын отарлаудың бейнеленуі
3. Абайдың әлеуметтік тақырыпқа арналған шығармалары
4. "Мәз болады болысың", "Болыс болдым мінеки" өлеңдері
Ақын "ә" дегеннен өз өмірінің өкінішін - жас шағында ізденіп, орыс оқуын, ғылымды қуа алмағанын, кейін есейгенде оны игерудің қиынға түсетінін жастарға ескертеді. Жас шағың - білім, ғылым қуатын дер шағың, оны босқа өткізбеу керек дей келіп, өз балаларын жастайынан оқуға беру арқылы өкініш орнын толтыруға ұмтылғанын айтады.
Абайдың ұлы Мағауияны, қызы Гүлбаданды Семейдегі орыс мектебінде оқытқаны, ал сүйікті ұлы Әбдірахманның Томск училищесі мен Петербургтегі артиллерия училищесін үлгілі аяқтағаны мәлім.
Ақынның балаларын оқуға бергендегі мақсаты да барынша айқын:
Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Демек, орысша оқудағы, жалпы білім алудағы мақсат-қызмет, шенге ие болу деген қалыптасқан теріс ұғымды жоққа шығара отырып, ақын білім, өнерді халыққа арнау қажеттігіне көпшілік көңілін аударады. Бұл ақынның анық халыктың, демократтық позициясын таныта-тын қорытынды.
1886 жылы жазған "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінде Абай бұл идеясын толтыра, тарата түседі. Өлең ақынның жастарға айтқан даналық өсиет-өнегесі іспетті.
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге, -
деп өмірден көргені мен түйгені көп ақын сөз басында-ақ жастарға бос мақтану - жарамсыз екенін, өмірдің мәні ғылым, білімді игеруде жатқанын айтады.
Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол Адам болам десеңіз; Тілеуің, өмірің алдыңда Оған қайғы жесеңіз; Өсек, өтірік, мақтаншақ Еріншек, бекер мал шашпақ, -Бес дүшпаның білсеңіз. Талап,еңбек,терең ой Қанағат, раңым ойлап ңой -Бес асыл іс көнсеңіз.
Ғылым мен өнерді игеруге талаптанған жасқа ақын осындай бес асыл істі талап, еңбек, тереқ ойшылдық, қанағат пен рахым жаныңа өмірлік серік ет, ал өсек, өтірік айту, мақтаншақтық, еріншектік пен бекер мал шашу секілді бес дұшпаныңнан аулақ жүр деп үйретеді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Абайдың әлеуметтік тақырыпқа арналған шығармалары

  2. "Мәз болады болысың", "Болыс болдым мінеки" өлеңдері

Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Абай шығармалары. Алматы, Жазушы, 1977.
2 Абай. Тұлғалық энциклопедиясы. 2007.
3 Мұқаметханов. Қ. Абайдын әдебиет мектебі. «Екпінді», 1940, 5, 6, 10, 12, октябрь, 10 декабрь, 1945, 23, 25, 26, 29, 30, ноябрь;
4 Ш.Құдайбердіұлы. Аманат. Әңгімелер. Алматы,1979
5 . Әуезов М. Абай ақындығының айнасы. «Әдебиет майданы», 1934, № 11-12, 20 бет.
6 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы, 1992

Дәріс 8-9. Табиғат лирикасы.


1. Абайдың табиғат лирикасы
2. Абайдың жыл мезгілдері туралы толғаныстары
3. Табиғат лирикасының көркемдік ерекшелігі
4. Ақынның философиялық лирикасы
5. Абайдың адам, өмір, өлім, дін, жан мен тән, ақиқат туралы өлеңдері
6. Абайдың дүниетанымындағы Батые пен Шығыс ж/е ұлттық мәдениеттің
бірлігі
Халықпен біте қайнасып, заманының дерті мен қуанышын онымен бөліскен Абай озық көзқарас, жаңа өмірдің иесі болатын. Орыстың ерікшіл, озық мазмұнды поэзиясынан нәр алу да Абайды рухани қанағаттандырып, оның өнерге деген жаңаша көзқарасының орнығуына ықпалын тигізді. Өленді өнер, өнер болғанда да өмір танытудың, сөйтіп, көпке тағылым айтып, жол көрсетудің құралы деп түсінді Абай.
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" 1886 атты өлеңінде ол поэзияға қоятын өзінің көркемдік-суреткерлік талабын тұжырымдай келе, ақынның, поэзияның қоғамдық қызметін айқындап береді.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Бұл - Абайдың шынайы өнерге - өлеңге қоятын жоғары талабы, ақындық кредосы десе болғандай. Мұнда өлең сөздегі түр мен мазмұнның бірлік-үйлесімі, көркемдік туралы талап - бәрі де бар. Өлең - көркемдік, асыл өнер, жай сөздер тізбегі емес, олай болса, оны "бөтен сөзбен былғау" жөн емес, өйткені бұл ақынның білімсіз, бишаралығына саятынын қатаң ескертеді. Қазақтіршілігінде өлеңнін өнерлік қадірін, тәлім-тәрбиелік мәнін аяқасты етіп, оны тамақ асырау мен дәулетті, әлдіге жағынудың құралына айналдырған ақынсымақтарды:
Ақындары ақылсыз надан келіп, Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап. Қобыз бен домбыра алып топта сарнап, Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап, -деп аяусыз ажуалайды. Ендігі бір сөтте ол:
Ескі бише отырман бос маңалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел, Сендерге де келейін енді аяңдап, -деп өзінің "ескі би", "ескі ақыннан" бөлек творчестволық мақсат-мұраты барын, ендігі жерде поэзияның сөзі де "сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел " , өзі де өзгеше болуға тиіс екенін мәлімдейді. Осы пікірі арқылы Абай өнерпаздық-ақындық жаңа позициясын жариялайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Абайдың табиғат лирикасы
2. Абайдың жыл мезгілдері туралы толғаныстары
3. Табиғат лирикасының көркемдік ерекшелігі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Абай шығармалары. Алматы, Жазушы, 1977.
2 Абай. Тұлғалық энциклопедиясы. 2007.
3 Мұқаметханов. Қ. Абайдын әдебиет мектебі. «Екпінді», 1940, 5, 6, 10, 12, октябрь, 10 декабрь, 1945, 23, 25, 26, 29, 30, ноябрь;
4 Ш.Құдайбердіұлы. Аманат. Әңгімелер. Алматы,1979
5 . Әуезов М. Абай ақындығының айнасы. «Әдебиет майданы», 1934, № 11-12, 20 бет.
6 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы, 1992
Дәріс 10-11-12. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері.
1. "Ескендір", "Масғұт" ж/е "Әзімнің әңгімесі" поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы
2. "Масғұт" поэмасының тарихилық белгілері
3. "Әзім әңгімесі" атты дастанның жарыққа шығу тарихы.
Абай поэмаларының саны үшеу. Олар 1887 жылы жазылған "Масғұт", "Ескендір" және "Әзімнің әңгімесі" аяқталмаған атты туындылар.
Поэмалардың көлемі шағын және олар түгелдей шығыс тақырыбына арналған. Бұл үш эпикалық туындының барлығы да идеялық түйіні жағынан ақын өлеңдерінде жырланып-дәріптелген, қарасөздерінде де айтылған адамгершілік, ізгілік ойлармен тығыз байланысып жатыр. Мәселен, "Масғұт" поэмасында ақын кейіпкерінің ой-толғамы, іс-әрекеті арқылы әйелді ардақтау идеясын көтереді. Масғұт шаһар сыртында жүріп ұрылардың зорлығына ұшыраған бір бейтаныс шалды құтқарып алады. Шал оған жақсылығы үшін үш түрлі қасиеті бар үш жеміс ұсынып, қалағаныңды ал дегенде, Мақсұт қызыл жемісті таңдайды. Мұның себебін сұраған шалға ол өзінің ақ адамды ақылды ететін және сары байлыққа жеткізетін жемістерден бас тартуын айта кеп:
Қызылды жесем, мені әйел сүйер, Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, Деп едім бір пайдасы маған тиер. Ері ашу айтса, әйелі басу айтып, Отырса бұрынғыдай жау бола ма Соны ойлап қызыл жеміс мен таңдадым, Берсеңіз жемек болып бел байладым, ­деп өз шешімін байыпты түсіндіріп береді.
Поэмада әйелдің қоғамдағы орны, отбасындағы бірлік-ынтымақты орнықтырудағы рөлі осылай ардақталған.
ПІығыс поэзиясының алыптары Фирдоуси, Низами, Науаи және басқа да ақындардың Ескендір патша жайындағы туындыларымен, олардағы патшаны акылды, жеңілмейтін қолбасшы етіп бірыңғай дәріптейтін идеялармен Абай жақсы таныс болған. Сондықтан ол Ескендір жайлы аңыздарға басқаша қарап, оны тарихи шындыққа сай, өзгеше танытуды мақсат тұтқан: Абай ұғымында Ескеңдір патша әлемді жаулап алуды мақсат еткен, талай жұртқа зобалаң туғызған қанқұйлы, озбыр ел билеуші. Сондықтан, ақын поэманың бастауында-ақ:
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен, Македония шаһары оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен. Филипп өлді, Ескендір патша болды, Жасы әрең жиырма бірге толды. Өз жұрты аз көрініп, көршілерге Көз алартып қарады, оңды-солды, -
деп кейіпкерін жағымсыз тұрғыда мінездеп, оқушыны оның қанқұйлы сұмдық ойымен таныстырады.
Поэма сюжеті негізінен бір оқиғаға құрылған. Ол - Ескендірдің кезекті бір жорықтан соң шаршап-шалдығып келе жатып бұлақ сағасындағы алтын қақпаға тап болу жайы. Бұлақтан мейірін қандырғанына қанағат тұтпаған Ескендір алтын қақпаны ашып, қаланы алғысы келеді. Дүниеге құныққан, көзін қан басқан оны тіпті күзетшінің "бұл құдайға бастайтын қақпа"деген ескертуі де тоқтата алмайды. Күзетші оның "сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер" деген арсыз тілегіне орай оған орамалға түюлі адамның көз сүйегін ұсынады. Ақылсыз, қарау патша сүйекті көріп, көңілі толмай әрі істің мәнісін ба­жайламай, ашуланып, оны лақтырып жібереді. Ақын осы тұста оқиғаға тың кейіпкерді - Аристотель дананы қатыстырады.
Бақылау сұрақтары:
1. "Ескендір", "Масғұт" ж/е "Әзімнің әңгімесі" поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік ерекшелігі, жазылу тарихы
2. "Масғұт" поэмасының тарихилық белгілері
3. "Әзім әңгімесі" атты дастанның жарыққа шығу тарихы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Абай шығармалары. Алматы, Жазушы, 1977.
2 Абай. Тұлғалық энциклопедиясы. 2007.
3 Мұқаметханов. Қ. Абайдын әдебиет мектебі. «Екпінді», 1940, 5, 6, 10, 12, октябрь, 10 декабрь, 1945, 23, 25, 26, 29, 30, ноябрь;
4 Ш.Құдайбердіұлы. Аманат. Әңгімелер. Алматы,1979
5 . Әуезов М. Абай ақындығының айнасы. «Әдебиет майданы», 1934, № 11-12, 20 бет.
6 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы, 1992

Дәріс 13-14. Қарасөздері.


1. Қара сөздерінің ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы
2. Қара сөздерінің көркемдік, жанрлық ерекшелігі
3.М.Әуезовтің қарасөздерді жіктеуі
Абай мұрасының және бір қомақты саласын оның 90-жылдарда жазған қарасөздері қүрайды. Қарасөздерінің жалпы саны - кырың бес. Өмірде көрген-білгені, көңілге түйгені көп Абай өзінің осы даналық тәжірибе-тағылы-мын жүртымен - "қалық елі, қазағымен" бөлісу мақса-тымен қарасөздерін жазған. Бұл шығармаларында яғни, қарасөздерінде (СМ.) - деп жазады М.Әуезов - Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мас-лихат, кеңес қүрып отырған ойшыл ұстаз тәрізді".
Қарасөздерінде Абай өз кезіндегі қоғам өміріндегі, адам тіршілігіндегі маңызды әлеуметтік алуан мәселе-лерді көтереді. Олар: халықты өнер-білімге шаңыру, бір-лік-ынтымаққа үндеу, қазақтын, қоғамдық өміріндегі ел билеу жүйесі, еңбек пен кәсіп, бала, яғни адам тәрбиесі, адам бойьггтттағы жағымсыз кеселді әдет-салттар, жалқау­лық, мақтаншақтық, паракррлық, билікңүмарлық, дау-герлік, т.б. Мұның бәрі Абай қарасөздерінің тақырып-тық-идеялық жағынан оның өлеңдерімен тығыз байла-нысып жатқанын көрсетеді.
Абай екінші, үшінші, он бірінші, жиырма екінші, ңы-рық екінші қарасөздерінде қазақтың жалқау, бос мақтан-ға салынғыш, арызңой, билікке таласқыш, өнерге тал-пынбаған береке-бірліксіз тірлігі мен жаман әдет-салтын сынайды. Қазактың мүндай болу себебін: "мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басңа ойының жоңтығынан, өзге: егін, сауда, өнер, ғылым - солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді" деп түсіндіріп, халқының кең өріске шығар бағытын да белгілеп береді. Ол өнер-ғылым қуу, саудамен, егіншілікпен айналасу. Бұл ойлар ақын-ның саяси-әлеуметтік тақырыптағы көптеген өлеңдеріне де "Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат", "Адасқан-ның алды - жөн, арты соқпак.", "Қалық елім, қазағым, ңайранжүртым", "Сегізаяқ", т.б. алтын арқау болып тар-тылғаны мәлім.
Бақылау сұрақтары:
1. Қара сөздерінің ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы
2. Қара сөздерінің көркемдік, жанрлық ерекшелігі
3.М.Әуезовтің қарасөздерді жіктеуі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Абай шығармалары. Алматы, Жазушы, 1977.
2 Абай. Тұлғалық энциклопедиясы. 2007.
3 Мұқаметханов. Қ. Абайдын әдебиет мектебі. «Екпінді», 1940, 5, 6, 10, 12, октябрь, 10 декабрь, 1945, 23, 25, 26, 29, 30, ноябрь;
4 Ш.Құдайбердіұлы. Аманат. Әңгімелер. Алматы,1979
5 . Әуезов М. Абай ақындығының айнасы. «Әдебиет майданы», 1934, № 11-12, 20 бет.
6 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы, 1992

Дәріс 15. Абай шығармалары — замана айнасы.


1. Абайдың көркем аударма саласын дамытудағы еңбектер
2. "Евгений Онегин" романынан үзінділер аударудағы Абайдың көздеген мақсаты
3. Ақынның табиғатына жақын Лермонтов поэзиясының ерекшелігіне тоқталу
Ақын лирикалық туындыларында да, поэмалары мен қарасөздеріне де ең басты әлеуметтік-қоғамдық мәселе-лер етіп халық тағдырын, ел бірлігі, ізгілік, адамгерші-лік, өнер-білім таңырыптарын қозғады. Ол қай мәселені көтерсе де, оларды халықтық, гуманистік түрғыдан бей-неледі. Заманның әділетсіздігі мен замандастарының жағымсыз ңылық-ңасиеттерін сыншылдықпен шынайы суреттей отырып, ол осы әділетсіздікті, халқының өзі көксеген биіктікке бет алуына кедергі болған надаңдық-ты, алты бақан алауыздыңты батыл айыптайды. Замана мінбесінен халқын бірлікке, өнерге, ізгілікке шақырып, жаңа ой, жаркын идеялардың жаршысы бола біледі.
Абай - жаңашыл суреткер, ол қазақ поэзиясын түр мен мазмұн жағынан мейлінше байытты, биік белеске көтер-ді. Көркемдігі үздік, халықтық мазмұны терең шығар-малары арқылы жаңа сападағы әдебиеттің - сыншыл реа­лизм әдебиетінің негізін қалыптастырды. Поэзияны өнер, өнер болғанда қоғамға қызмет ететін, оны ізгілікке ба-ғыттайтын рухани күш деп санады, өзінің бейнелі, үздік көркем сөз айшықтары арқылы ана тілдің көркемдік ңуа-тын, мөлдірлігін дәлелдеді.
Абай орыс әдебиетінен жасаған үздік аудармалары арқылы да төл әдебиетімізді байытып, мол рухани қазына қосты. Мұның бәрі жинактай келгенде, Абайды қазақ әдебиетінің классигі, үлттық зор мақтанышымыз деп атауға құқық береді.
Бақылау сұрақтары:
1. Абайдың көркем аударма саласын дамытудағы еңбектер
2. "Евгений Онегин" романынан үзінділер аударудағы Абайдың көздеген мақсаты
3. Ақынның табиғатына жақын Лермонтов поэзиясының ерекшелігіне тоқталу
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Абай шығармалары. Алматы, Жазушы, 1977.
2 Абай. Тұлғалық энциклопедиясы. 2007.
3 Мұқаметханов. Қ. Абайдын әдебиет мектебі. «Екпінді», 1940, 5, 6, 10, 12, октябрь, 10 декабрь, 1945, 23, 25, 26, 29, 30, ноябрь;
4 Ш.Құдайбердіұлы. Аманат. Әңгімелер. Алматы,1979
5 . Әуезов М. Абай ақындығының айнасы. «Әдебиет майданы», 1934, № 11-12, 20 бет.
6 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы, 1992




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет