ПОӘК 042-14-5-05.01.20.89
/03.2010
|
______________2010 жылғы
№ 2 басылым
|
44 беттің -шісі
|
«5В011700 – «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
«Абайтану»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2014
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Семинар сабақтары
4 Курс жұмысы және диплом жобасы (жұмысы)
5 Студенттің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
1.1 Ән өлеңі - әнге арнап жазылған, әнмен айтылатын өлең, әдебиеттануда поэзияның жанрлық саласы ретінде қарастырылады.
1.2 Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі.
1.3 Жыршы ақындар поэзиясы – ауыз әдебиеті дәстүріндегі поэзия, қазақ әдебиетінде бірнеше ғасырға ұласып келетін поэзиялық өнердің үлкен арнасы.
1.4 Кітаби ақын – Шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасына таратып отырған, шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса дастандар шығарған өзгешелеу бір топ ақындар.
1.5 Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа бейімі бар ерекше үздік жаратылған өнерпаз.
1.6 Терме – қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі.
1.7 Толғау – қазақ, сондай-ақ қарақалпақ, ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық-саяси лириканың бір түрі.
1.8 Аллитерация (лат. дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы.
1.9 Алтыбуынды өлең - әр тармағы үш буынды екі бунақтан құралатын (3 буын – 3 буын) өлең өлшемі.
1.10 Алтытармақ – қазақ поэзиясында лирикалық өлеңдерде жиі қолданылатын шумақ өрнегі.
1.11 Анафора (гр. биікке шығару) – айшықтаудың (фигураның) үлгісі ретінде көрсетілген шумақтың немесе өлең жолдарының басында үндесе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар.
1.12 Антитеза (шендестіру) – екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.
1.13 Антоним (қайшы сөздер) (гр. қарсы, атау) – біріне-бірі қайшы қарама-қарсы мағыналы сөздер.
1.14 Ассонанс (лат. үйлесім) - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.
1.15 Әдеби қаһарман - әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға.
1.16 Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
1.17 Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.
Достарыңызбен бөлісу: |