Факультет :педагогика және психология
БӨЖ
Саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлар (Қазақстандағы модернизация)
Орындаған: Абдултәліп М.А
Қабылдаған:Сарсенбаева.Ж.Г
Топ:125
Алматы 2022
Саяси Модернизация (франц.-жаңғырту) дегеніміз - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты,яғни саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттарға бейімделу қабілетінің үнемі және табысты дамуы, сонымен бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру болып табылады.
Модернизацияның негізгі мақсаты - белгілі бір жетістік пен табысқа жету, нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика стандарттарына жету.
Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді.
Саяси модернизацияға байланысты Г.Алмонд пен Л.Пайдың классикалық анықтамасына сүйенсек, Қазақстандағы саяси дамуды үздіксіз жетілудің үлгісі ретінде көруге әбден болады.
1) Саяси жүйе институттарының құрылымдық айырмашылығы және олардың міндет бөлінісі (Қазақстандағы мемлекеттік жүйе орнықты, басқарушы орталықтардың міндеттері мен өкілеттіктері айқындалған. Билік бұтақтары бөлінген, негізгі заңдық базасы жасалған. Мемлекеттік басқару түрі анық - күшті президенттік билікке басымдық беретін президенттік-парламенттік республика);
Классикалық теория бойынша саяси модернизацияның үш белгісін бөледі:
2) Саяси жүйенің өмір сүру және топтаса білу қабілетінің өсуі.(Қазақстандағы билік 20 жыл ішінде, өзі тап болған түрлі кедергілер мен тәуекелдерге қарамастан, өмір сүру қабілетінің аса жоғары екенін дәлелеп келеді);
3) Тең құқылыққа, тепе-теңдікке ұмтылыс. Бұл белгі бойынша да Қазақстанда заңдық тұрғыдан азаматтардың теңдігіне кепілдік берілген, алайда, жемқорлық, жершілдік, заңдардың өз деңгейінде орындалмауы наразылық туғызары анық. Десе де мемлекеттік идеология заң алдында барлығы тең әрі жауапты деген ұстанымнан ауытқыған емес.
Достарыңызбен бөлісу: |