Соның ішінде, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру, Бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру тұжырымдамасы негізінде ұсынған ұзақмерзімді басымдылықтың жетіншісі - мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру, мына міндеттерді ұсынды: 1. адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі, жоғары құқықтық мәдениет ахуалын қалыптастыру; 2. мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдерін қалыптастыру; 3. сот жүйесі ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс; 4. мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуі; 5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру; 6. жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру . Қазақстан-2050 Стратегиясы еліміздің мемлекеттік институттарының саяси дамуына, мемлекеттің өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуына алып келеді. Еліміздегі саяси жаңғыртудың мақсаты мемлекеттік институттар және ашық түрдегi саяси билік арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей саяси жүйені жаңғыртудағы маңыздысы құрылымын өзгертуде емес, оның іс-әрекеті мен қызметін жетілдіруде. Сондықтан, саяси жүйені жаңғырту, модернизациялау мыналарға: - саяси институттардың жаңа проблемаларды шеше бiлу қабiлетiн арттыруға; - саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiн көтеруге;