Дістемелік кешені



бет9/15
Дата18.12.2021
өлшемі222,5 Kb.
#102672
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
8a64ac5b-b3a6-11e4-bd4b-f6d299da70eeТүркітану.материалдар арн. (2)

Бақылау сұрақтары:
1 Алтай тілдері тобына жататын тілдер

2 Алтай тілдерін зерттеуші ғалымдар еңбектері.

3 Хун дәуірі, ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.

2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
8 –дәріс
Тақырыбы: Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Көне түркі дәуірі.

1 Батыс және шығыс түрік қағанаты. Географиялық жағдайы, халқы.



  1. Көне түркі ескерткіштері. Зерттелуі, тілі, өзіндік ерекшеліктері.

  2. Көне түркі алфавиті.

Көне түркі жазуының шығу төркініне де айтылғандар тұрғысынан қараған жөн. Белгілі ағылшын түркологы Герард Клосон «Түркі руникалық жазуының шығуы» атты мақаласында бүл жазу VI ғасырда өмір сүрген Истеми қағанның бұйрығы бойынша Согд-Иран жазулары үлгісінде қалыптасқан болу керек деген жорамал айтады.

Түркі халықтарының тарихы тым әріден басталғанымен, олардан біздің

заманға жеткен жазба нұсқа дәуіріміздің VII ғасырынан басталады, соның өзінде де қағазға жазылған мол материал түрінде емес, мола басына қойылған ескерткіш қүлпы тастарға қашалып жазылған жазба түрінде жетті. Мүндай нүсқа ғылымда эпитафия деп аталады. Эпитафиялық жазбаның алғашқы түрі XVII ғасырда казіргі Тува автономиялык республикасы, Хакас автономиялық облысы жеріндегі Енисей өзені бойынан табылған. Оны алғаш байқап, ғылым әлеміне паш еткен Швед армиясының капитаны Филипп-Иоганн Страленберг.

Бұл жазба табылған жерінін атымен Енисей ескерткіші деп те аталады. Енисей ескерткішінің қай ғасырда жазылғаны белгісіз. Петербург университетінің профессоры П.Мелиоранский Енисей ескерткішін түркі тілі жазба ескерткішін түркі тілі жазба уақыты VІ-VІІ ғасырлар болу керек десе, Л.Р.Кызласов, И.В.Комушев, И.А.Батманов, А.Н.Кононов сиякты біраз ғалымдар ІХ-Х ғасырларда жазылған болар дейді. Бүдан кейін 1889 жылы Сібір елкесін зерттеуші Николай Михайлович Ядринцев/1842-1894/ Моңғолиядағы Орхон өзені бойынан белгісіз жазуы бар екі құлпытас табады. Кейінде айқындалғандай, Орхон жазуы деп аталып кеткен бүл нүсқаның бірі-түркі ханы Мағиланға /Білге қаған/ екіншісі оның туысы Күлтегінге арналған тарихтық биографиялық ескерткіштер болған.

Түркі тілінің руникалық жазуын 1893 жылы алғаш танып окыған Дания ғалымы, Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен /1842-1927/. Алдымен Томсен жазудың оңнан солға қарай жазылғанын айқындайды. Содан соң жазбада барлығы 38 әріп, яғни таңба, барлығын аныктайды. Үшінші кезекте дыбыстардың дауыстысы мен дауыссыз түрлерін, олардың қалай орналасатынын ашуды кездейді.

Зерттеулер нәтижесінде қүлпы тастарды жырдың авторы және оны жаздырушы Иоллығ-тегін деген ақын екендігі айқындалды. Иоллығ-тегін Білге ханның /Магилан/ баласы, Білге хан мен Күлтегін-Елтеріс ханның балалары. Білге хан болған да, Күлтегін оның әскер басы батыры болған. Білге 734 жылы, Иоллығ хан 739 жылы дүние салған.

Орхон-Енисей жазбалары деген жалпы атаумен топталған эпитафиялық нүсқалар қүрамына Отанымыздың әр түрлі аймақтарынан табылған бірсыпыра ескерткіштер енеді. Мысалы, Енесей езені бойындағы , Тува АССР-і мен Хакас автономиялық облысы және Краснояр аймақтарынан табылған Талас, Турфан, Лена, Байкал т.б. деп аталатын ескерткіштер де осы топқа жатады. Орхон ескерткіші деп аталатын нүсқалар да Онгин, Күлтегін, Могилян, немесе Білге қаған, Тоникук, Қүтлуг қаған, Күлі-шор, Мойын-шор, Суджи, Иха-Асхед, Хойто-Тамир ескерткіштері дейтін бірнеше жазулардан құралады.

Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі туралы айтылған біраз пікірлер бар. Мысалы, әйгілі түрколог, академик В.Радлов кене түркі жазба ескерткіштерінің тілін үш түрлі диалектіге бөледі: оның бірі- кене солтүстік диалектісі, екіншісі-оңтүстік диалектісі/мүны автор үйғыр тілі деп те атайды/, үшінші-аралас диалект. Бүлардың біріншісіне Күлтегін, Могилан, Тоныкек, Онган т.б. ескерікіштердің тілдерін жатқызған. Екіншісіне-үйғыр тілінде жазылғаи ескерткіштер тілі, үшіншіге солтүстік пен оңтүстік диалектісінің араласуынан туған Манихей ескерткіші, Алтын жарық т.б. ескерткіштер тілдері жатады. Автор әр диалектіге тән фонетикалық, грамматикалық ескерткіштерді талдайды. Радлов жіктеуі жазудың сипатына , дыбыстық, морфологиялық белгілерге негізделген.

Көне түркі ескерткіштерінің грамматикалық қүрылысын зерттеумен белгілі кеңес түркологы а.Н.Кононов та айналысты. Ол езінің !980жылы жарык көрген «Грамматика языка тюрксқих рунических памятников ҰІ-ІХ в.в.» атты еңбегіңде кене түркі жазба ескерткіштерінің табылу, оқылу тарихына шолу жасай келіп, оны түрге жіктейді, шығу теркінін, оның тілінің фонетика-грамматикалык қүрылысының зерттелу тарихына тоқталады және өз тарапынан ескерткіштің дыбыстық, грамматикалық сипаттарына жан-жақты талдау жасайды.

Жазба ескерткіште барлығы 38 таңба бар, оның 8-і дауысты. Дауысты дыбыстар қазірдегі тілдердегі сияқты жуан-жіңішке, еріндік-езулік, келте-созынды, ашық-қысаң дауыстылар болып белінеді. Дауысты дыбыс жүйесінің қазірдегідей ерекшелігі- сезде кебінесе таңбаланбайды, оның барлығы дауыссыз дыбыстар тіркесінен сезіледі. Бүл -орхон-енисей жазуының консонанты жазу болғандығын байқатады.

Көне түркі дәуіріне қатысты жазба нұсқалардың екінші түрі көне үйғыр жазуы деп аталады. Бүл жазуды ғалымдар екі түрге беліп қарайды.Оның алғашқысы Селенг және Суджи ескерткіштері деп аталатын кене үйлер қабырғасына, тасқа жазылған эпитафиялық жазбалар, екіншісі-алдыңғыдан қомақтырақ, қағазға жазылған Манихей ескерткіші мен Будда, христиан діндерін уағыздайтын діни және юристік мазмүнды жазба нүсқалар. Бүлар кейбір еңбектерде табылған жердің атымен Турфан, немесе Шығыс Түркістан жазбалары деп те аталады. Кене үйғыр жазуы да негізінен соғды әліппесіне негізделеді.

Соғдылардың жаңа әліппесіне негізделіп жасалған үйғыр жазуында 28 таңба болғанда, олар 28 дыбысты таңбалайтын болған. Үйғыр жазуы жоғарыдан темен қарай жазылады, бүлай жазуды соңғолдар 1940-жылдар ішінде де қолданылады. Үйғыр жазуында әріптер сездегі орнына қарай әр түрлі таңбаланатын болған. Мүндағы дыбыстар жа қазіргі тілдердегі сиякты дауысты, дауыссыз болып белінген. Дауысты дыбыстар саны 8 болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет