Дістемелік кешені


Алға қойған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет



бет24/34
Дата19.12.2021
өлшемі120,47 Kb.
#103320
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
Оқу әдістемелік кешен. Менеджмент 19-20 Word

Алға қойған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісін өңдеу және оны білім беру ұйымдарына енгізу

білім беру менеджментін жетілдіру

педагог мамандығының беделін көтеру

оқу процесін автоматтарндыруды енгізу

мектепке дейінгі ұйымдардың санын арттыру

12 жылдыққа көшуді іске асыру

шағын жинақты мектеп мәселелерін шешу

мектептерде инклюзивтік білімді жетілдіру

еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету

елдің индустриалды-инновациялық даму жобасын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларымен қамтамасыз ету

жоғары білім жүйесінің еуропалық аймаққа кіруін қамтамасыз ету

білім және ғылымның үйлесімділігін қамтамасыз ету, интеллектуалдық меншік өнімдерін коммерциализациялау үшін жағдай жасау

Лекция 4. Тақырыбы: Білім беру сапасын басқару.

1. Білім беру мекемелерін басқарудың ғылыми-теориялық негіздері және басқарудың әдіснамасы.

2. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), оны білім беруді және білім беру үрдісін жоспарлауға, басқаруға, білім бері нәтижелерінің сапасын бағалауға ендіру.

3. Ұстаз еңбегі бағалаудың дараландырылған көрсеткіштері.



Негізгі ұғымдар: Сапа менеджменті, аттестациялау, технология, біліктілігін арттыру.

Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың 2030 стратегиялық даму жоспарында алыс-жақын шетелдік университеттермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мақсатын алға қойды. Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осы проблеманы шешу мақсатында мынадай негізгі бағыттарды ұстануды атап өтті:



  • Білім беру үдерісін басқаруда СМЖ-нің принциптерін негізге алу;

  • Ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру;

  • Инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану;

  • Ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру;

  • Ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық;

  • СМЖ түрлі бағыттағы басқару деңгейінде пайдалану.

Қазіргі таңда менеджмент саласындағы сапа жүйесіне арналған орыс тілінде бірнеше оқулықтар, мақалалар, методологиялық нұсқаулықтар жарық көрген. Ал біздің еншімізде 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты В.Киянскийдің басшылығымен «Сапа менеджменті – бәсекеге қабілет философиясы» атты мемлекеттік тілдегі оқулығы жарық көрді.

Ал ЖОО-ның білім беру үдерісі механизімінің күрделігі мен сапасының артуы аттестация және экспертизалық сараптау орталықтарының университетішілік, институтішілік білім беру жүйесін сапалы басқаруға қойылатын талап, міндеттерінің күшеюінен байқалады. Оның негізгі себебі болып, ҚР ИСИ 9001-2001 халықаралық стандарттарының білім жүйесіне қарқынды енуінен екені белгілі.

2000 жылдан бері ЖОО-ның білім сапасын басқарудың тиімді механизімін қалыптастыру аясында, әсіресе педагогика ілімі мен оның ғылыми тәжірибелік жұмыстары барысында бірталай нәтижелерге қол жеткізгендігін көреміз. Мәселен, 2004 жылдың қыркүйек айында ректордың № 48 бұйрығымен СМПИ-да СМЖ-ны қарқынды енгізу бойынша Үйлестіру Кеңесі құрылды. Соған сәйкес «ҚР СТ ИСО 9001:2001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесін енгізу» атты бағдарламасы әзірленді. Қазіргі уақытта СМПИ-ның сапа саласындағы мақсаты мен саясаты, стратегиялық даму жоспары, білім беру үдерісінің ландшафттық картасы әзірленді. Сонымен қатар институтта 5 деңгейлі СМЖ құжаттарын басқарудың иерархиясы дайындалып, сол бойынша үдеріс қызметтері жүзеге асырылуда. Олар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет