Стандартты жаттығу әдісі негізінен ағзадағы бейімделушілік қайта құруларға жету және оларды бекітуге бағытталған.
Стандартты жаттығу үздіксіз және үзілісті(интервалды) болуы мүмкін.
Стандартты-үздіксіз жаттығу әдісі дегеніміз қимыләрекетінде бұлшық еттің әрекетін күшейтпей үздіксіз бір қалыпта қимылдау. Оның ең кең таралған түрлері болып табылатындары: а) бір қалыпты жаттығулар (мысалы,ұзақ жүгіру, малту, шаңғымен жүгіру, ескекпен есу және циклдік жаттығулардың басқа да түрлері); б) стандартты толассыз жаттығу (мысалы, қарапайым гимнастикалық жаттығуларды қатарынан бірнеше рет толассыз орындау).
Стандартты-интервалды жаттығу әдәсі –бұл,әдетте,біржүктеме қатарынан бірнеше рет қайталанатын қайталама жаттығу.Оның ішінде қайталаулар арасында әртүрлі демалыс интервалдары болуы мүмкін.