Сауықтыру-тынығу функциясы – спорттың адам ағзасының жағдайына және функционалды мүмкіндіктеріне жақсы әсерінен кӛрінеді. Әсіресе ол балалар және жасӛспірімдер спортында айқын кӛрініс алған. Дәл осы жаста денсаулық , негізгі дене жаттығуларымен жүйелі айналысу дағдылары қалыптасады.
93
Спорт бір жағынан жақсы эмоцияның бірден – бір кӛзі
болып табылады, балалардың психикалық жағдайын біркелкілейді. Әсіресе, оның балалар гиподинамиясының кері әсерін жоюдағы рӛлі ерекше.
Спортқа және үлкендермен жұмыс істуге кӛп кӛңіл бӛлінген. Ол сауығудың, ғылыми-техникалық прогресстің жағымсыз зардаптарынан қорғанудың құралы болып табылады.
Спорт бос уақытты, демалыс пен ойын-сауықты салауатты ұйымдастырудың кең тараған түрі болып табылады. Бұл әсіресе сауықшыл спортта айқын кӛрінеді, ӛйткені онда жоғары спорттық нәтижеге жету мақсаты қойылмайды.