Жарыстық-эталондық функция. Спорттың арнаулы негізін жарыстық әрекет құрайды. Оның негізі жарыс кезіндегі адамдардың белгілі мүмкіндіктеріне баға беруде жатыр.Спортта бекітілген рекордтар мен жетістіктер, классификациялық
92
нормалардың орындалуы атаққа ие болады және жеке, жалпы адамдық мүмкіндіктердің кӛрсеткіші ретінде қызмет етеді. Техникалық эталонға қарағанда, «спорттық эталон» тарихы жақтан ӛзгерусіз қалмайды. Эталондық функция жоғары жетістіктегі спортта айқын кӛрінеді.
Эвристикалық-жетістік функциясы.Бұл функция жоғары жетістіктегі спортта айқын кӛрінеді. Ӛйткені оларға барар жолда, дайындық жүйесін жетілдіріп отыру қажет, жаңа құралдар, жаттығу әдістерін, спорттық күресті жүргізуде тактикалық шешімдердің және техникалық элементтерінің жаңа үлесін табу қажет.
Әрқашан шеберліктің жаңа сатысына кӛтерілу үшін қабілетті жетілдіру керек, жарыстағы ӛз мүмкіндіктеріңді де жетілдіру қажет және оны кӛп жылдық дайындықтың түрлі кезеңдерінде тиімді пайдалану қажет.