Бақылау сұрақтары:
1. Көкбай Жанатайұлының шығармалары.
2. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін атаңыз.
3. Абайдың ақындық мектебі қандай мәселелерді көтерді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж
2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.
3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.
4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,
1985.323- б
5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.
6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.
8-Дәріс. Тайыр Жомартбаев шығармашылығы
Тайыр Жомартбайұлы өмірі мен шығармашылығы
Тайыр Жомартбаев және ағартушылық ағым
Ол оқытушылық қызметімен ғана шұғылданып қалған жоқ. Семей қаласында мәдени-ағарту жұмысына белсене қатысқан, ойын-сауық, әдебиет кештерін ұйымдастырып халыққа көркемөнер үлгі-өнегесін көрсету ісіне ат салысады. Мысалы, 1915 жылы 13 ақпанда Семей театрының сахнасында қойылған «Қазақша ойын, ән-күй, өлең-жыр» деп аталатын 4 бөлімді үлкен концертті Нәзипа Құлжановамен бірге ұйымдастырушылардың бірі және Абай өлеңдерін орындаушы Тайыр болды.
Тайырдың халықты өнер-білімге, адал еңбекке, еркіндікке шақырып, жар салған шығармалары, мәдени ағарту қызметі дін басыларға, надан байларға ұнамады. Тайыр Жомартбаев 1916 жылы Семейден кетуге мәжбүр болып, 1915-27 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болсында мұғалім болып қызмет істейді.
Ақынның табиғатты суреттейтін өлеңдері осы Зайсан өңірінде өмірге келеді. Мысалы, «Зайсан», «Шыңғыстау» атты өлеңдерін айтуға болады.
Ақынның туған жеріне, өскен еліне деген сүйіспеншілік сезім-сырын шертіп, жан-тәнімен терең тебірене жырлаған толғауы: табиғат шындығымен, көркем суреттеледі:
Сағындым хан Шыңғысты туып өскен,
Сол жер еді ата-бабам кіндік кескен.
Еркесі Сарыарқаның Тобықты елі
Сейіліп, серуендеп сол жерде өскен
Хан Шыңғыс керегедей қанат жайған,
Тау бастау аққан бұлақ әрбір сайдан.
Гүрілдеп тасқын өзен таңырқатып,
Дауысы естіледі әлде қайдан.
Тоғайдың жұпар исі мұрын жарып,
Қол бұлғап шақырып тұр анадайдан…- деп туған жер, өскен елін сағынышын жырлайды.
1927 жылы Семей қаласына қайтып келеді.
1928-30 жылы Семейдегі №14 мектептің директоры, 1930-37 жылдары Семей пед. техникумында оқытушы болған. Мектептерде, қазақ педтехникумында қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәндерінен сабақ береді. Өнерге бейім жастардың басын қосып, әдебиет, драма, музыка, ән-би үйірмелерін ұйымдастырып, оларға басшылық етеді. Жомартбаев оқытушылықпен қатар, журналистикамен де айналысып, «Айқап», «Жаңа мектеп», журналдары мен «Қазақ», «Алаш» газеттеріне мақала, фельетондар жазып тұрды.
Ақынның «Бөлшек сандар ережелері» деген өлеңі сақталған. «Бөлшек санды қосу ережелерінен» төрт шумақ өлеңмен түсіндірген.
Достарыңызбен бөлісу: |