10-Дәріс. Уәйіс Шондыбайұлы. 1. Уәйіс Шондыбайұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы.
2. Уәйіс Шондыбайұлы көтерген мәселелері.
Уәйіс Шондыбайұлы — Абайдың талантты ақын шәкірттерінің бірі. Ол әрі әнші, домбырашы, гармоншы және өзі де ән шығаратын сегіз қырлы өнерпаз. Уәйістің ақындық, әншілік өнері өз заманында өз ортасына әйгілі болған.
Абай оның өнерпаз, жас талапкер екенін естіп, білген соң, әдейі арнап шақыртып алып, өлең айтқызып, ән салдырған. Ұлы ақынның сондай мінезі жөнінде Көкбай былай дейді: «Өлең айтқыш жігіттердің сөздерінде нәр, жұғын болса, дәмді сөзін көріп риза болса, ондайлардың өлеңді көбірек айтқанын тілейтін... Өзі біреуге ұзақ әңгіме, ұзақ жыр сияқты нөрселерді айтқызғанда еш уақытта басқа бетен нәрселерге аумай таза көңілмен, үлкен ықылас пен тыңдайтын. Және әрқашан сондайды тыңдап болған соң, мағынасы мен мәнін ұғындырып сын айтатын» (Абай Құнанбайұлы. «Толық жинақ», 1933, 388-390 -беттер).
Абай өз елінің ғана емес, маңайындағы көрші елдердің ішінде өнерпаз жастар болса, оларға да көңіл бөліп отырған. Ондай өнерпаздарды кейде шақыртып та алған. «Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашьшы алғызады. Тағы сол жылы Әсет деген ақынды да сақтайды», — дейді, Мүхтар Әуезов (Абай Құнанбаев, «Толық жинақ», 1933 жыл, 372-бет). Абай сол ретпен Уәйіс ақынды да шақыртып алған. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романында суреттеп жазған. «Бір топ жолдасымен Байғабылдан Ақылбай келген. Абайдың сәлемімен, осы соңғы жылдарда «ақын» деген атағы шыққан Керей Уәйіс, Топайдан Бейсенбай деген ақындар да келіпті. Түстен бері осы қонақтар Абайдың үйіне келіп, сәлем берісіп, түстік астан, күндізгі шайдан ішті. Отаулар, қонақ үйлер, көрші үйлердің қазіргі жататын орындарын анықтасты» («Абай жолы», Екінші кітап).
Сол Уәйіс ақынның өмірбаяны осы күнге дейін жазылған жоқ. Онын, шығармалары жиналып, зерттеліп басылған жоқ. Еркебұлан ғылыми еңбек жазып жүр. бірақ әлі қолға тиген жоқ. Оның Төлеу ақын Кебдіковпен (1874 — 1954) бір ғана шағын айтысы, «Айтыс» атты кітаптың екінші томында 1965 жылы жарияланды. Төлеу мен Уәйіс бір елдін, адамдары және екеуі құрдас болатын. Төлеу марқұмнан Уәйіс жайын сұрағанымызда, оның ақындығын асыра мақтап, ақындығы менен басым еді деп айтып отырушы еді. Уәйістің өлеңдері көп болушы еді және өзі ірі әнші, Абайдың алдын керген, Абайға ұнаған ақын болатын, деп Төлеу ақын Уәйіс туралы ұзақ-ұзақ әңгіме айтатын. Уәйіс туралы білетіндерін жазып бермек те еді. Көп жасап, көпті көрген Төлеу, Абай туралы естеліктерін, нағашысы Сабырбай ақын, шешесі Қуандық ақын, Әріп ақьн, тағы басқа ақындар жөнінде көп мағлүмат жазып берді. Тек Уәйіс жайында жаза алмай кетті. Сол сияқты Уәйістің замандасы әрі жерлесі ақын Кәкім Оңдасынов (1890 — 1976) та оның өлеңдерін жинап жүрмін, жазьш беремін деуші еді. Ол кісі де бізге ештеңе жазып бере алмай кетті. Уәйісті керген тағы бірнеше адаммен ертеректе әңгімелескенімізде олардың бәрі де Уәйістің ақындығын, әншілігін мақтайтын, естерінде қалған бірнеше ауыз өлендерін айтатын. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын Уәйіс бір түн айтушы еді және әлденеше сарынмен домбыраға қосылып, аса қызықты етіп жырлаушы еді дейтін. Бұл арада «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырының бір нүсқасын Уәйіс ақынның айтатындығы туралы мәселеге тоқтала кетуіміз керек.
Мұхтар Әуезов былай деп жазады: «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы Бейсенбай деген ақынға «Қозы Көрпеш — Баян сұлудың» жаңа айтқан вариантын хатқа түсірткен. Бейсенбайдың аузынан алынған, Жанақ айтты дейтін «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырының бір-екі қолжазбасы бар. Бірақ, Бейсенбай алғашқы Жанақ вариантының аяғын өзгертіп жырлаған. Осы Жанақ — Бейсенбай вариантын Мұхтар Әуезов 1936 жылы Алматыда жеке кітап қылып бастырған. Және бұл нұсқа 1939 жылы басылған «Батырлар жырының» 1-томына енгізілген. Әзірге «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» жырының баспаға шығып, көбірек мәлім болған нұсқасы осы» («Қазақ әдебиетінің тарихы», 1-том, Фольклор, Алматы, 1948. Мұхтар Әуезов. «Ғашықтық жырлары», — «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» 172—173-беттер).
Мұхтардын, осы айтқандарын, Әлкей Марғұлан толықтырып, 1985 жылы шыққан «Ежелгі жыр; аңыздар» атты кітабыңда, былай деп жазады: «Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» жырын Абай мен онын, балалары аса қадірлеген, бұл вариантты жырлаған ақындар Бейсенбай, совет дәуірінде жырлаған — Керей Уәйіс ақын. Оның айтуынша Мұхтар Әуезов жырдың бір көркем вариантын жазып алып (1924), кейін баспадан шығарған» (323-бет) — дейді1.
Әлкей Марғұланның бұл мағлұматы дұрыс берілген деп білеміз. Олай дейтініміз Бейсенбай 1917 жылы қайтыс болған адам (1868 — 1917). Ал, Уәйіс 1925 жылы өлген және ол өмірінің соңғы жылдары Абай елінде, Шыңғыстауда тұрған.
Мұхтар Уәйісті жақсы білген.
1940 жылы Абайдың ақын шөкірттерін зерттеу ісін бастаған кезімде (Қ.М,) Мұхтар Әуезов, Абай шәкірттерінің қатарында Уәйіс ақынды да зерттеп жазу керек, ол Абайдың өзі әдейі арнап шақыртып алған ақыны болатын деген еді және 1924 жылы желтоқсан айында, Семейде Абайдың дүниеден қайтқанына 20 жыл толғанына ескерткіш кеш өткізілгенде, Уәйіс те сол кешке қатынасып, ән салды, ол кезде Уәйіс ақын Абай елінде тұратын деп еді.