Дістемелік кешені



бет27/30
Дата06.02.2022
өлшемі312,5 Kb.
#54322
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Семинар сұрақтары:
1. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
2. Жанрлардағы жаңашылдық


15-Дәріс. Газет, радио, теледидардағы шеберлік сипаты
Баспасөз – оқырмандарға қызмет етіп, радио тыңдаушылардың тарататын телевидение – көрермендерін қызықтыратын бұқаралық ақпарат құралдары екендігі. Бұлардың әрқайсының өз табиғаты, ерекшелегі бар. Соған байланысты информация берудегі өзіндік әдіс – тәсілдері қалыптасқанын айту. Қоғам өміріндегі ойға, құбылыстарды беруде творчествоның қыр – сырлары өзгешеліктері ескертілетінін алға тарту. Бұларда көптеген жанрлардың түрлендіріп, бір – бірін қайталамайтын жаратылысты берілетін айыра білу. Осыған байланысты журналистік творчестволық еңбек те өз талап дәрежесінде болуы жөнінде.
Журналист-баспасөз ісіндегі негізгі тұлға. Онсыз қандай баспасөз болса да талапқа сай дайындалып, халықтың рухани талғамын қанағаттандыра алмайтыны түсінікті. сондықтан, ең алдымен журналист кәсіби тұрғыда толыққанды маман ретінде еңбек етіп, танылуы керек.
Сондықтан, журналистің жазу-сызуға, әсіресе шығармашылықпен айналысуға, ой адамы болуға талартанғаны, еңбектенгені өте қажет. Ал оның БАҚ-тың барлық түрлеріне –радио, телевидение, газет т.б. атқаратын қызметі парасатты, батыл, жауапкершілікті болуы маңызды. журналист қоғамдық пікірдің қозғаушы күшіне айналып, адамдарға ақиқатшыл тұрғыда көрінуі тиіс.
Демократиялық қоғамда баспасөз еркіндігіне жол ашық. Нарықтық қатынастардың да өз заңдылығы бар. Әрбір мемлекеттің ұстанған өзіндік саясаты немесе идеологиясы болуы мүмкін. Соған байланысты баспасөздің жұмыс істеу процесінде тиісінше әдіс-тәсілдер орын алатынын жоққа шығаруға болмайды. Бұл жерде қайсібір принциптер мен үрдістерге орай кейбір ерекшеліктердің байқалатыны рас.
Бүгінгі заманда баспасөзде және басқа БАҚ құралдарында ақпараттық қауіпсіздік мәселесі «күйіп-жанып» тұрған жайлардың бірі. Себебі, әлемдегі БАҚ жұмысында қазіргідей ашық қоғам жағдайына орай көптеген жайларды орнымен атқармаса, кез келген қиындықтарға тап болуы ғажап емес. Алдымен елдің ішкі-сыртқы саясатында демократияны негіз ету арқылы, ақпаратпен қамтамасыз етуді жолға қоюмен бірге оның қауіпсіздігіне де назар аудармай болмайды. Қоғамда туындайтын әртүрлі саяси текетірестер, көзқарас пікір қайшылықтары мен өзара түсініспеушілік салдарынан баспасөзде теріс тенденциялы материалдардың жарияланып кетуі зиянын тигізбек. Айталық, «ақпараттық тәртіп», «ақпараттық қақтығыс», «ақпараттық қауіпсіздік» деген тіркестер қазір тегіннен тегін туындап отырмағаны белгілі.
Әдебиет:
1. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974
2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967
3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет