Дістемелік кешені



бет2/30
Дата06.02.2022
өлшемі312,5 Kb.
#54322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

2 ДӘРІСТЕР


1-Дәріс. Журналистің шығармашылық шеберханасы мәселелері
Кім болса да журналист болып тумайды. Демек, қандай мамандық иесін алсаңыз да өмірді көре келе, білім – ғылымнан сусындай отырып, тәжірибе жинақтау арқылы қажетті саланы үйренеді, меңгереді. Бұл орайда журналист туралы сөз, ой – пікір тіпті күрделі десек артық айтқандық емес. Себебі аталмыш мамандықтық оңайлықпен қолға түсе бермейтін қыр – сырлары баршылық. Соның ең бастысы әрі бірегейі – оның творчествоға қатыстылығы. Ал творчество қай заманнан - ақ адамзатты ойландырып – толғандырып келген мәселе екендігі белгілі. Творчество ақыл – ойға, ілім – білімге терең бойлағанда ғана пайда болатын құбылыс. Сонымен бірге осынау мамандықтық тағы бір қасиеті – ол табиғи қабілет дарынға, яғни, талантқа байланысты екендігі. Бұл ретте көп сөз айтуға болады, оның теориялық та, практикалық та мәнін ашуға болады. Өйткені осы жолда талай ғалымдар зерттеулер жасаған, ой – пікірлер қорытқан. Сондықтан біз де өз тарапымыздан бұл проблемаға үңіліп, талдаулар жасап, қажетті көзқарас, танымдарға ұмтылыс жасауды жөн көрдік. Ол үшін назар аударатын мәселелер де аз емес.
Журналистер де жазушылар секілді творчествомен айналысатын болғандықтан, көп жағдайда бір – біріне ұқсас процестер бастан өтіп жатады. Творчество – шығарма жасау, шығарма туғызу, шығармашылққа байланысты ұғым болса, «творчестволық лаборатория» ұғымы ХІХ ғасырда орыс әдебиеттануында ғылыми айналымға енген термин ретінде қабылданды. Міне, соден бері осы атау өмірде үзбей қолданылып келеді. Онымен қоймай, бұл сөздер журналистика саласында да жиі қолданыла бастады. Мұның өзі, әрине, заңды нәрсе еді, өйткені журналистің де еңбегі туралы осылай айтуға толық мүмкіндік береді. Сондықтан «журналистің творчестволықлабораториясы» деген ұғымдағы сөз тіркестерін қолдануды ғылыми ортада жатсынбай, қайта өмірдің қажеттіліг ретінде өзінен - өзі қалыптасып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет