Дістемелік кешені



бет4/30
Дата06.02.2022
өлшемі312,5 Kb.
#54322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ баспасөзіндегі әлеуметтік мәселелер
2. Журналист-публицист және кәсіби шеберлік


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974
2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967
3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991

2-Дәріс. Шығармашылық неден бастау алады?

Шығармашылық істердің көбі негізінде мына кезеңдерден тұрады. 1-ші ізденетін іс туралы материалдармен танысып, оны шешу әдістерін табу, яғни даярлық жасау кезеңі.


2-ші даярлықтың үстінде туған идеяларды белгілі бір жүйеге келтіру оны тексеру кезеңі.
3-ші істі жүзеге асыру кезеңі.
Шалқар шабыт тың идеяларға жол салып, шығармашылықтың төгіле өрбуіне бастау қалайды. Шабыт та көңіл-күйге, сырттан әсер етер жайларға, ой адамының күйіне байланысты.
Шабыт деп – шығармашылық адамының ойының нағыз айқын, оның көңілінің көтеріліп, бір белгілі іске беріліп тұрған күйін айтады. Шабыт шығармашылықтың бастапқы кезеңінде журналистің ой-қиялына қозғау салып, үнемі алға жетелейді.
Шабыт кезінде сергектік пен сезімталдық, ой жүйріктігі мен қиял ауқымдылығы қатар қонақтаса, шығармаң ширығып, кейіпкерлерің жанды бейнеге еніп, тіл өзінің шексіз құдіретіне кірігіп, әуелеген асқақ сезімнің жетегіне енесің. Шабыт кернеген кезең, тереңде ой қабаттарында жатқан тың дүниелерге қозғау салып, жаңа бір идеяларға бастау ашады. Шабытты күйде нәтижелі еңбек жасайсың. Айталық тележүргізушінің эфир кезінде шабыт құшағына енетін кезі сирек. Оған жүргізушінің шабытты күйі жеткіліксіз. Ол үшін жүргізушіден бөлек қосымша жұмыс топтарының көңіл-күйі, хабарға қатысушы қонақтардың білімдарлығы, материалдың тартымдылығы мен қызықтылығы, көтеріліп отырған мәселенің ауқымдылығы, режисерлік, операторлық, дыбыс режисері мен жарық берушінің өз істеріне жетіктілігі, материалды терең де жан-жақты білу әсер етеді. Тақырыпты тапқаннан бастап көрерменге ұсынғанша көп қиындықтар мен сан кедергілерге кездесесің. Түсіністік, сыйластық, ұйымдастырушылық жоқ жерде шабыт болмайды.
Шығармашылық үстінде қиялдың атқарар қызметі де ерекше. Қиял есіміздегі мәліметтерді қаз қалпында елестетпей, оны өзгертіп жаңа бейнелерге айналдырады. Ақындар мен жазушыларға қиял қаншалықты көмекке келетін болса, журналистерге өте қажетті. Қиял әдеби хабарлардың өзегіне айналмаса, оны саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді көтеретін хабарлар толқынына тоғытуға келе бермейді.
Экрандық шығарманы құруда ішкі драмалық шешімнің рөлі ерекше. Сценарийді жазу кезеңінде айтылар ой белгілі бір жүйеге еніп, бір-бірімен қабыса байланысса, шығарма арқауы ширап көрермен көңіл-күйін елітетіндей хабарлар өмірге келеді. Ал, режисер, оператор және дыбыс режисері табылған түр мен мазмұнды бір-біріне орайластыра отырып, тақырыптың характерін ашуға және көрерменнің жан дүниесіне әсер ететіндей жолдарды бірлікте, бірлесе іздейді.
Шығарманың даралығы – драматургияның тақырып, идея және композициясынан көрініс табады. Теледидардағы сценарий туралы әңгімені тақырыптан бастау орынды. Себебі, өзекті ойлардың бастау бұлағында тақырып тұрады.
«Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, - дейді Валентин Катаев, - пайда болады да, жазушыны, азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді.» Сценарий авторы мен редактор азапты ізденіске түсе отырып, алдымен хабарының тақырыбын табады.
«Егер шығармашылық процестің үш түрлі (материал жинау, жинаған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу) кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңінің өн бойында тұтас желі тартып жатады. Шын мәнінде, тақырып суреткердің жан дүниесінде теңселе тербеліп, ойлау процесімен қатарласа жүріп, ой-қиялды қамшылап отырады. Бұл үздіксіз процесс.
Тақырып – шығармадағы басты ой. Автордың құбылысқа қатынасындағы сансыз ойлары, өзінің хабарларындағы кейіпкерлері немесе ізденісіндегі қажетті жайлары. Автордың өзі көрген, куә болған жайларға кірігуі. Демек, тақырып – идея. Идея ғайыптан пайда болатын зат емес. Оған да ақыл-ойдың тоғысы мен сезімталдық қабілет керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет