Дістемелік кешені



бет6/30
Дата06.02.2022
өлшемі312,5 Kb.
#54322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Бақылау сұрақтары:
1. Шығармашылық неден бастау алады?
2. Кәсіби этика мәселелері.


Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974
2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967
3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991
4. З. Шәмші. Сол бір түн... Алматы, 1904.


4-Дәріс. Шығармашылық процесс және ізденіс сырлары
Шығармашылық жолы – қиын жол. Мұны әркім де түсінеді. Жас журналист кәсіби тұрғыда мамандану үшін асығыстық жасамай, байыппен, ерінбей-жалықпай шығармашылық тәсілдерін үйренуі тиіс. Бір қарағанда бәрі де жеңіл көрінгенмен, нақты іске кіріскенде әлі де көп нәрсенің жетіспей жатқанын жас маманның өзі де сезінеді. Мысалға ой қалай туады, тақырып қайдан алынады, мәлімет қалай жиналады, кейіпкермен әңгімелесу психологиясы қалай болмақ, ақыр соңында материал жазу процессін орындап шығу жауапкершілігі қандай? Бұған қоса, тіл, стиль, логика бірден уысқа түсе қоя ма ? Ал композициямен сюжет құру, оны үйлестіру қолдан келе ме? Жазған дүниең қызықты шығып, оқырманыңа әсер ете ме, жоқ па?... Бұл жағдайлар ойлап қарағанға, талай сырдың астарын аңғартпақ.
Журналистің өмірді тануы, оны көріп – біліп, барлық әсермен қабылдауы өте керек қасиеттердің бірі. Адамдармен қарым –қатынас жасай жүріп, өмірдің таңғажайып сырларына қанығу, оған құмарлана қарау арқылы өзіңнің ой - түйсігіңді , ішкі сезіміңді дамытудың мәні зор. Бұл журналисті байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан – ой туғызуға көмектеседі, рухани әлеміңді кеңітеді, байытады. Маман ретінде басқа жұрттан ерекшелігіңді байқатады. Өзгелер аңғармағанды журналистің аңғаруына қалыптастырады. Журналист демалыс уақытына қарамай – ақ ой үстінде жүруі мүмкін. Яғни, ол жұмыс процессін станокты тоқтатқандай, бірден доғара алмайды. Болашақ жазатын материалын үйде де , түзде де ойластыра жүруінің өзі оған жат емес.
Журналистің ойы – практикалық істің өзі емес, бірақ соның қозғаушы факторы болып табылады. Ойдың пісіп жетілуі де біршама уақытты қажет етуі мүмкін. Ал тақырып болса, сол күнделікті өмірден көрген – түйген, оқиға құбылыстардан алған әсер мен информациялық қажеттеліктерден туған нақты практикалық істің басы деуге болады. Тақырыпты тапқаннан кейін материал жазу үшін оған тиісті мәліметтер жинау кезегі келеді. Мәліметтер түрлі-түрлі фактілермен оқиғалар, іс - әрекет көздерінен алынады. Журналист материалды жазбай тұрып, оның идеясын ойлануы тиіс. Сондай-ақ автор қандай позиция ұстайды. Бұл да жазу үстеліне отырмай тұрып ойланатын нәрселер. Осындай қарапайым процестердің әрі қарай жалғасуы кездейсоқтық емес. Материал жазылып біткенге дейінгі әрбір сәттің, мезеттің творчество адамы үшін өзіндік орны бар. Айталық, материал сын тұрғысында жазылу керек пе, әлде ұнамды тұрғыда жазылуы керек пе? Мұның өзі редакция мен журналистің мақсат – мүддесіне әрі көтерілгелі отырған мәселенің де қай бағытта екеніне байланысты. Бұл жерде құбылыс жақсылық туралы ма, жамандық туралы ма?... осы екі типтік жағдайды журналистиканы зерттеуші В.А.Аграновский ерекше бөліп қарайды. Себебі бұл материалды жазудың әдісіне келіп тірелелтін мәселе. Оған қоса журналистің жалпы стратегиялық бағытын айқындап, тактикалық іс - әркетін де белгілейтін жайт. Турасын айтқанда, материалдың қандай характерде жазылатыны – публицистикадағы негізгі принципті анықтайды. Автор жағымды материал жазатын болса, өз объектісін емін – еркін аралап, болып жатқан оқиғаға барынша араласуына, ортақтасуына кедергі жоқ. Бұған керісінше, сын материал жағымсыз объекті туралы мәселе қозғалатын болса, журналистің де мәлімет жинауы жеңілге түспейді, біраз кедергілер мен қиындықтарға тап болуы мүмкін. Дегенмен қалай болғанда да журналистің өзі жазбақ нәрсесін анық көріп – біліп, сезініп жазуы аса қажетті шарт. Бұл оның шығармашылығын, әділдігін, адалдығын білдіретін критерийлер.
Ғалымдар енді біртұтас ғарыштық ақпараттық кеңістік немесе ғарыштық ақпарат банкі туралы айта бастады. Ол әлемдегі аса қуатты сәуле таратушы орталыққа айналған, жарықтан да ұшқыр жылдамдыққа ие, біздің арқамыздан тыс әрекет етеді, информацион деп берілген дербес сана түрінде көрініс табатын сәттері де бар. Екінші сөзбен айтқанда, планетада күн сайын пайда болатын, бір жерден екінші жерге беріліп жататын ақпаратты қабылдап алады да өз бетінше қорытып, қайта таратады. Сіз соның сол ақпараты бойынша шешім шығарасыз, болжам жасайсыз, жоспар құрасыз, яғный адамзаттық хабар екеніне ешқандай күмәніңіз болмастан дара әлемге айналған информациялық ағынның еркінде кетесіз.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет