Дістемелік кешені



бет5/30
Дата06.02.2022
өлшемі312,5 Kb.
#54322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Бақылау сұрақтары:
1. Журналист-публицист және кәсіби шеберлік
2. Сұрақ жүргізу: әдістері, кезеңдері


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Е.Прохоров.Теория публицистики и искусство фелетона. «ВестникМГУ». Серия «Журналистика» 1996.
2. «Советский фельетон». Москва, 1959.
3. С. Хайдаров. Азамат сыры. Алматы, 1971.


3-Дәріс. Идея – шығарманың негізі
Автор идеяның көмегімен өзінің тақырыпқа деген ұнамдылық көзқарасын білдіреді. Материалды зерттеу барысында да идея ойға келуі мүмкін. Шындығында, идея түгелімен авторға, оның ойларына, алымдылығына, сезімталдығы мен өзге де қасиеттеріне түгелдей қатысты. Тақырып идеядан ауқымды. Бір тақырыпқа бірнеше хабарлар арналса да, олардың әрбірінің идеясы бір-бірінен бөлектеу.
Болашақ сценарийдің материалы жинақталған шақта оның тақырыбы анықталып, идеясы айқындалып, одан әрі журналистің фактіні, оқиға мен кейіпкерлерді іріктеу процесі басталады. Ол сценарий ішіне ене отырып, сонымен бір мезгілде оның композициялық шешімді іздеуі қатар өрбиді. Осы кезең сценарийді жазу кезіндегі ауыр әрі азапты шақ. Жинақталған материалдарды елеп-екшеп отырып, маңыздыларын іріктеп ала білуге де көрегенділік қажет.
Деректі сценарийде әңгіме жанама жайлардан емес, негізгі ойлардан бастау алуы тиіс. Көрермен хабардың өн бойында айтылатын ойларға іштей бірлікте қатыстырылуы шарт. Әрбір эпизод толыға, кеңее отырып, көрерменді хабардағы басты ойға жетелейді. Сценарийде қажетті компоненттер түгел қамтылған кезде ғана тақырып пен идея қиюласа түсіп, орайласа өрбиді.
Аристотель коммуникация процесі үш құрамнан: қайнар көз (источник), хабарлау (сообщение) және адресаттан тұратындығын айтқан. Егер сценарийдің өн бойында осылардың біреуі болмаса, коммуникация да болмайды. Демек, журналист – қайнар көз, сценарий – хабарлама, көрермен – адресат. Шындығы, осы үшеуінің тоғыса келіп, теледидар әлеміндегі ой дүниенің ойдан өрнек салып, сөзбен сандалып, жан әлеміңді бұзып өтіп, ақыл-ойға кірігуі.
Редакция – тірі организм. Онда ой қозғалысқа түсіп, хабарларды талқылаулар жүріп жатады. Жоспарлар мен проблемалар сараланып, ақыл-ой үстемдік алады. Сонда ғана өнімді жұмыс істеуге, ақпараттар, фактілер, ойлар, идеялар алмасуға мүмкіндік туындайды. Редакцияда шығармашылық мәселесінде редактор мен режиссер арасында әңгіме басталып, ойлар өрбиді. Мыс. Редактор: «Менде пісіп жетілген тамаша идея бар. Фактісі де қызғылықты, оқиғаға қатысушы кейіпкерлер де бар. Мұражайдан да керекті қосымша дүниелер табылып қалар деген сияқты ойларын ортаға салады. Ал , режисер болса аталған фактілерден нелерді екшеп алу қажеттігі және оны қандай жолдармен түсіру керектігі жайында өзінше көзге елестете бастайды. Осыдан кейін идеяның ден қоюға болатындығы айқындалғаннан кейін материалды зерттеуге кіріседі. Аптплық мерзімнен кейін редактор мен режисер өз ойларын редакция басшыларына баяндайды. Бас редактор мән- жайға түпкілікті қанығып, идеяның қажеттілігіне көз жеткен соң, бұған қанша мерзім керек болатындығын сұрайды. Осылайша уақыт мерзімі кесілген соң дайын жұмыс жүргізіледі. Редактор телефон арқылы қажетті адамдармен байланысады, мұражайға барады немесе сапарға шығады. Идеяның маңыздылығы да осы салада ізденіп жазып жүрген қаламгер-сценаристердің қызығушылығын оятады. Идеяның жүзеге асуына белгілі адамдармен, өз ісінің мамандарымен, жауапты қызметкерлермен үзбей кездесу көмектеседі. 4-шіден, газет-журналдарды, әдебиеттерді оқу. 5-шіден тәжірибелі журналистермен сұхбаттасу. 6-дан, фактіні табуға көрермендермен араласу, т.б.
Теледидардағы қол-қағым сәттегі таңдай қағушылық, парасаттылық ұзаққа созылмауы мүмкін. Концепцияны жасау үшін шын мәнінде өмірлік тәжірибе мен әлеуметтік ақпаратқа негізделген іргелі білімге сүйену қажет. Алғашқы жоспарларды іске асырмай жатып, келесісін қолға алуға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет